{metadescription}
Қайғы-қасіретті еңсерудің жолдары

Қайғы-қасіретті еңсерудің жолдары

Қайғыру – жаныңа жақыныңнан айырылғандағы көңіл күйдің өзгерісі, яғни табиғи құбылыс. Әр адам басына түскен күйініші мен уайымымен өзінше күреседі. Қайғыға батқан немесе жақынын жоғалтқан жандарға мамандар қандай кеңес береді?

Өзіңізге мейірімді болыңыз

Күйінішіңізге бола өзіңізді мүжи бермеңіз және өзіңізді кәнәламаңыз. Адам болған соң, әр адам түрлі сезім кешеді, ол дұрыс та. Күйік сезім уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Есіңізде болсын, барлық адамдар қайғы-қасіретті, жақынын жоғалтқанды басынан әр түрлі кешіреді.

Өзіңізге ұнайтын нәрсемен айналысыңыз

Қайғыға батқан немесе жақынынан айырылған адамға күнделікті жұмысымен айналысу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өміріңізді мәнін толтыратын істі қолға алып, сонымен айналысып, күнделікті өміріңізді өзгертуден қорықпаңыз.

Біреумен бүкпесіз сөйлесіңіз

Егер қайғыға ұшырасаңыз, ішкі сезімдеріңізді жақын адамыңызбен, отбасы мүшелерімен, досыңызбен сенім қызметіндегі маманмен ашық әңгімелесіңіз. Сонда бойыңыз жеңілдеп, кеңінен тыныстап жақсы болып қаласыз.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз

Өзіңіздің психикалық және физикалық денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз. Дене шынықтыру жаттығулары, дұрыс тамақтану және жеткілікті ұйқы сіздің денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі.

Жақындарыңызды еске алыңыз

Жақын адамын жоғалту қайғы-мұң, тіпті ашу сезімдерін тудырады. Өз-өзіңізге келгенде, есіңізді жиғанда жақындарыңыз туралы жағымды, қуанышты нәрсені есіңізге түсіріңіз. Отбасыңызбен және достарыңызбен жақсы естеліктермен бөлісіп немесе естеліктеріңізді күнделікке жазыңыз.

Уақытында көмек сұрай біліңіз

Басыңызға қайғы түскенде жалғыз қалмаңыз. Қайғыға салыну, қайғыру – ол қалыпты жағдай. Бірақ тығырыққа тірелсеңіз, қатты жабығып, жабырқасаңыз, дәрігермен немесе психикалық денсаулық маманымен кеңесу керек.

Дерекөздер: Substance Abuse and Mental Health Services (SAMHSA), Kids Help Phone, National Traumatic Stress Network

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде