Қаржыдан қысылғанда күйзелісті қалай еңсереміз?
Елімізде COVID-19 індетінің кесірінен жүйкесі жұқарған адамдардың саны артқан. Психикалық денсаулыққа жауап беретін ғылыми ұйымның дерегінше, call-орталықтарға хабарласып, күйзеліске душар болғанын айтатындар көбейіп кеткен. Ғалымдар мұның барлығы коронавирустың кері ықпалы деп отыр. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы қаржы дағдарысының қиындығына тап болғанда назар аударатын негізгі шартында не деп кеңес береді?
Автор: Заира Сабитова
Егер сіз, басқалар сияқты, осы қиын уақытта, стресстік жағдайға тап болсаңыз және қаржылық қиындықтарға алаңдасаңыз, эмоционалды денсаулық бойынша мамандардың кеңесіне жүгініңіз.
Жоспар құрыңыз
Сіздің нақты қаржылық жағдайыңызды түсіну - қаржылық менеджменттің негізгі қадамы. Күнделікті нақты шығындарыңыздың бюджетін құрыңыз. Сонда қандай көмек керек екенін түсінесіз.
Ресурстар табыңыз, қолдау іздеңіз
Қаржылық көмек алу мүмкіндігін қарастырыңыз. Мемлекеттік мекемелер, қайырымдылық ұйымдары, сондай-ақ жеке адамдар немесе компаниялар не ұсынатынын біліп алыңыз.
Кредит төлеудің әр түрді мүмкіндігін зерттеңіз
Несиелерді төлеудің міндеттемелері сіздің күйзеліске түсуіңіздің басты себебі болуы мүмкін. Төлемр шарттары мен оның кестесін өзгерту немесе несиелік демалыс алу мүмкіндігін зерттеңіз.
Үзіліс жасап, тынығыңыз
Қаржыдан қысылып, тығырыққа тірелгенде стресс пен мазасыздық сезімі – ол қалыпты жағдай. Қысқа үзіліс жасауға тырысыңыз және оны өзіңізге ұнайтын істерге арнаңыз. Егер стресс пен мазасыздық сезімі сіздің күнделікті іс-әрекетіңізге кедергі келтіре бастаса, бұл сізге эмоционалды қолдау қажет екенін білдіреді.
Дереккөз: SAVE, Mieli