{metadescription}
Қараша айына арналған астрологиялық болжам

Қараша айына арналған астрологиялық болжам

Астрологтар 2020 жылдың қараша айына қандай жорамал айтады? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниеңізді іске асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің қарашаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

Қараша айына арналған астрологиялық болжам. 

Тоқты белгілі бір ақпаратты алу қажеттігі туады.  Білімге деген құштарлық, шындықтың түбіне жету қажеттілігі сізді осы бағыттағы тұрақты әрекеттерге итермелейді. Осыдан біраз жыл бұрын басталған қарым-қатынас маңызды болады. Досыңызға немесе туысыңызға деген қарым-қатынас тактикаңызды өзгерте аласыз. Байланыс аз болады, бірақ жұмысқа орналасу қарқын алады. Осы кезеңде іскери кездесу өте маңызды болмақ. Бұрынғы серіктестен таң қаларлық жаңалық естисіз. Бұрын белгілі одақтастармен жасалған жобалар өзара тиімді негізде қайта басталуы мүмкін. Жылжымайтын мүлік тақырыбы қиялыңызға әсер етеді. Сіздің басыңызда жаңа жоспар мен міндет қалыптасып үлгерді. Қаржылық аспект тұрақты. Қараша айында жасы кіші туыстарының біріне белсенді көмек көрсету мәселесі аяқталуы мүмкін. Саяхаттау нәтиже әкеледі, бірақ денсаулыққа аздап зиян әкелуі мүмкін.  

Торпақ мүдделі әріптестердің күмәнді қызығушылығына негізделген белгілі бір іс-шарарға қатысуды біртіндеп азайтады. Сіздің алаңдаушылығыңызда жақын туыстарыңызға қатысты сұрақ бар. Жас отбасы мүшесінің жетістігі үлкен ықылас тудырады. Назарыңыз бәсекелестікке, жарыстарға қатысуға бағытталады. Бұл іскерлік және кәсіби қасиетті белсенді көрсету кезеңі. Жеңіс, марапаттау болуы мүмкін. Жаңа жұмысқа ауысуыңыз мүмкін. Кейбіреуі жұмыс жағдайын өзгертеді. Жаңарту кез келген жағдайда болады. Өткендегі оқиғалар еске түседі. Белгілі бір адам белгілі бір мөлшерде ақша талап етеді, сіздің әрекеттеріңізге байланысты зиян шеккені туралы еске салады. Бұл ауырлау кезең, дау-жанжал болуы мүмкін. Дегенмен жүрегіңізге жылу сыйлайтын сезімнен тыныш табасыз.

Егіздер өзінің керемет екеніне кәміл сенімді, бірақ оны ешкімге білдірмейді. Өмірдің қиын кезеңін жеңу үшін сізге жігерлі бастама қажет. Іскерлікөмірде серіктестермен келіспеушілік, бастықтармен қатынастың нашарлауы, жұмыстан бас тарту орын алуы мүмкін. Бұрын біреуден туындаған мәселелені шешуге тиіссіз, бірақ ол сіздің мәселеңіз емес. Өз әл-ауқатыңызға төнген қауіпті сезінесіз. Барлығын өзіңізге дұрыс түсіндіре білу өте маңызды болмақ. Болып жатқан оқиғаның кескінін айқын көре алсаңыз, ол сізге қиындық әкелмейді. Уақытында бір нәрсені өзгерту жағдайды жеңуді білдіреді. Қараша тәжірибе, білім алмасуды, кәсіби өзара әрекеттесудің жаңа тәсілін нығайтуды қолдайды. Қайту – бұл айдың басты стратегиясына айналады. Біреулер ақшасын қайтарады. Басқалары бұрынғы серіктесіне оралуды ойластырады. Ал тағы басқаларына оралу тақырыбы көшумен аяқталады. 

Шаян ) айналасындағылармен пікірімен бөлісуден аулақ болады. Өзгені ұйып тыңдауды жақсы қасиет деп санамайсыз. Сіз әдеттегі өмір сүру салтынан ауытқымай,  күйбің тірлікте елеусіз қала бересіз. Өміріңіз небір оқиғаға толы болады, бәрінен хабардар болуға тура келеді, көбінесе оған ықпал ете аласыз, бірақ ел назарын өзіңізге аудармайсыз. Туысқаннан хабар келеді, алда айтулы бір шара күтіледі. Жақындар арасында сапар күтілуде. Қарашада бұрынғы қарыздар қайтарылады, достарыңыздың бірі ақыры адамгершілігін танытады. Қаржы жағы қуантарлық. Көбісі үй шаруасына ықылас қояды. Қарапайым іспен айналысасыз. Жақындардың алдындағы міндетін орындауға кіріседі. Жеке өмірде шабыт пен қуаныш қатар жүреді.

Арыстанжоспарларын күрт өзгертеді. Сізбен жұмыс істеу қиын болады, өйткені сіз міндеттемелерді бұзып, берген сөзден тайқып кетесіз. Алдыңызда жігер беретін жағдайларға әліңіз жетпейді. Кез келген сенімсіздіктен саяхат құтқарады. Жалпы, кез келген тұрақсыздық, күтпеген жағдайларда абыройыңызға нұқсан келтірмей, пайдасы бар таныстықты, қарым-қатынасты сақтап қаласыз. Өз серіктестеріңізге қарағанда әрдайым жақсы позицияда болып, ақшаны оңай басқарасыз. Жасырын, ықпалды таныстар ерекше маңызға ие болады. Қараша айында сот істерінде, сондай-ақ спортпен, дене шынықтырумен және денсаулықпен  байланысты барлық мәселеде сәттілікке жету оңай болады. Өзіңізге жақсы таныс адамның назарына, ықыласына зәру боласыз. Сіздің ұзақ мерзімді жоспарларыңыз бар.

Бикеш сезімталдығы өзіне зиян тигізуі мүмкін. Қабілеттеріңізге күмәнданып, сіз белгілі бір шешім қабылдауды кейінге қалдырасыз, оның маңыздылығын әрең бағалайсыз. Достармен қарым-қатынаста көп пайда мен шындықты таба аласыз, бірақ бұл әрқашан шынайы жағдайды көрсете бермейді. Алайда сіздің жаныңыздың қандай да бір туыстық қатынасқа, ең жақсы мүддеге негізделген бірлікке деген сенім сізге деген көреалмаушылықты , әсіресе сізге қатысты, жамандықты болдырмайды. Бұл инфантильді адасушылықтан, шындықтан қашу, өзін-өзі алдау әлеміне кету кезеңі. Алайда егер кәсібіңіз иллюзиялық идеяларды құру қажеттілігімен, қаржылық сипаттағы конспирациялық схемаларды алға жылжытумен байланысты болса, онда жолыңыз болады. Мүдделі одақтастардың шақыруымен саяхатқа шығып қалуыңыз ықтимал. Қараша айы іс қағаздарын жүргізуге, қажетті құжатты тапсыруға және алуға байланысты белгілі бір процестер аяқталған ай болады.

Таразы жағдайлардың қысымынан және дұшпандардың белсенділігінен шаршайды. Қараша тағы да өзіңіз дұрыс емес деп санайтын әрекет жасауға итермелейді. Бірақ қақпан аузын арандай ашып сізді күтіп тұр, қате қадамыңызды күтуде ... Осы кезеңдегі ең жақсы кеңесшіңіз – өзіңіз. Тәуелсіздік аспектісі тиімді болады. Көптеген адам сіздің мінез-құлқыңыздан пассивті ойр мен шешімсіздік сезінуі мүмкін. Бірақ басқа адамдардың сандырағы сізді қызықтырмайды. Онсыз, сыншылар әр қадамыңызды аңдып, қауесет пен өсек - сіздің артыңыздан қалмай ереді. Айналаңыздағы адамдар сіздің қадамдарыңыз бен мәлімдемелеріңізді асқан құмарлықпен қадағалайды. Ақылдың ептілігі арқасында сіз мән-жайды өз пайдаңызға жаратасыз. Қиындыққа қарамастан, бұл аз да болса жеңіске жету уақыты. Сонымен қатар материалдық өсу жоқ емес. Сезіміңіз біршама басылады, бірақ бәрібір тұрақты. Тағдырлы, жасырын кездесулер болуы мүмкін.

Сарышаян өзінің тәуелсіздігін алдыңғы күш-жігердің логикалық жалғасы және алға қойылған мақсатқа үнемі ұмтылу ретінде сезінеді. Таңдау мүмкіндігі бизнесте де, жеке салада да қалыптасады. Белгіленген қарым-қатынастардың, байланыстардың анықтығын содан  көресіз – ол рас. басқалардың сөзі мен әрекетінен гөрі асықпай, есту және көру қабілетімен ерекшеленесіз. Сіз бұрын сенімді дос болмаған бұрыннан таныс адаммен жақын боласыз. Мүдделер қоғамдастығы және мақсаттың  үйлесуі құнды болмақ. Іскери қоғамдастық және басқадан жасырылған жоспар айтарлықтай сипатта екендігі де жоққа шығарылмайды. Ересектерге қараша бұзылған қарым-қатынасты қалпына келтіруге жақсы мүмкіндік әкеледі. Жастар пайдалы және ұзаққа созылатын одақ құрады.

Мерген бәрін түсіндіруге және бәрін татуластыруға қабілетті. Мүддеңіз кәсіби және іскери байланысты  нығайтуға, өз мүддеңіз үшін ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталады. Сіздің сәттілігіңіздің кепілі - көбінесе кейбір жағдай туралы астыртын хабардар болуға саяды, ол өз кезегінде басқа одақтастарыңызға да таратылады. Өзгелер сізден қызықты тұлғаны, білікті маманды, небір күрделі мәселені шеше алатын адамды көреді. Бұл кезеңде біреуге тәлімгер болу ыңғайы күшейеді. Танымал ортада сіз өқамқоршы рөлін атқарасыз. Ниетіңіз таза. Көп адамдар сізді керемет, үлгі алатын адам деп санайды. Бұл айда шығын көп. Материалдық аспект қалыпты, ойдағыдай. Ірі зат сатып аласыз. Ересек туысыңызға көңіл бөліп, қамқор болып, көмек көрсетесіз.

Тауешкі белгілі бір адамдарды, оқиғаны, уақытты  шын жүректен аңсайды. Естеліктер сіздің жақындарыңызбен диалогтың басты тақырыбына айналады. Табысқа және қолайлы жағдайларға қарамастан, болып жатқан нәрсеге қанағаттанбайсыз. Ғалам сіздің күдігіңізді күшейтіп, ұсақ-түйек нәрсені қазып, екінші дәрежелі нәрселерге әуестенуі мүмкін. Егер сіз осы жағдайдағы өз рөліңізді түсінсеңіз, бұл көзқарастың пайдасын көре аласыз. Қарым-қатынасқа тапшылық болмайды. Кез-келген қоғамда, қайда жүрсеңіз де қызықты боласыз. Осы кезеңде басқаларды шабыттандыра аласыз, олардың іс-әрекетіне сенім орната аласыз. Өзіңізге денсаулық сақтау, қаржы және сыртқы жайлылықты таңдай отырып, басқаларға жоғары идея қалдырасыз. Белгілі адаммен саяхат күтілуде. Сіз делдалдың міндетін қабылдауға тиіссіз. Бұл өте жауапты болмақ. 

Суқұйғыш кез келген мағынада ізашар болуға құлқы жоқ. Сіз қажетті тәжірибе жинақтай отырып, өзгенің қателіктерінен сабақ алуды жөн көресіз. Кейде мүмкіндігінше маңызды ақпарат алу үшін өзіңізді аз білімі бар адам ретінде жасырғыңыз келеді. Сізде бұл, әрине болады. Басқа адамдардың айтқаны болашаққа жоспар құруда өте маңызды болады. Сіздің мақсаттарыңыз нақты қадам мен логикалық әрекетті қажет етеді. Алдағы айдың басты тақырыбы - жылжымайтын мүлік мәселесін шешу. Соның ішінде тіркеу және белгілі бір қорытынды құжатты қабылдау. Пайдалы байланыс орнату қажет болады. Отбасыңызда туыстарының біреуінің шешімімен байланысты өзгеріс болуы мүмкін. Жаңалық жағымды болады. Қомақты қаражат сіздің қолыңыздан өтеді. Бұл көптен бері тоқтап тұрған мәселені шешуге бастама болады. Қараша - келісім, қол алысу айы. Бұл мүмкіндікті міндетті түрде пайдалану керек. Көптеген адамдарға жаңа жұмыс мүмкіндігі пайда болады.

Балықтар қоршаған ортада жалған және күмәнді адамдарға жол бермейді. Өзіңізді жағымсыз және ішкі үрей тудыратын адамдардан аулақ ұстауға тырысасыз. Мазасыздық әрдайым болуы мүмкін. Ол белгілі бір проблемаға негізделген, оның шешімі сізге емес, мән-жайлардың объективтілігіне байланысты. Жалпы, қараша сізге жақсы белгі  береді, бұл сіздің реңсіз өміріңізді қуанышты, ыңғайлы өмірге айналдырады. Көптеген кездесу мен пайдалы келіссөз күтілуде. Өзіңіздің кәсіби қызметіңізде жаңа бағытты игересіз. Жаңа одақтастар сізге деген сенімділікті оятады. Бірақ сіз бұрынғы іскери байланыстан біртіндеп алшақтайсыз. Қарым-қатынас шеңбері толық өзгеруі мүмкін. Сізден алыстаған достарға  аздап қызғанышты сезінесіз. Бірақ сізге оларсыз да тіпті жақсы.   

Александр Ремпельдің  жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.  

Оқи отырыңыз: Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

COVID-19 ТУРАЛЫ ҚАТЕ ПІКІРЛЕР МЕН АҢЫЗДАР

АЛАЯҚҚА ҰРЫНБАЙ ПӘТЕР ЖАЛДАУ – ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

АТА-АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ЖІБЕРЕТІН БАСТЫ ҚАТЕЛІКТЕРІ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде