14 - 20 желтоқсанға арналған астрологиялық болжам
Астрологтардың осы аптаға жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
Автор: Александр Ремпель
14 - 20 желтоқсанға арналған астрологиялық болжам.
Тоқты осы уақытты өз әрекеттері мен ұстанымы туралы дұрыстап ойлауға пайдаланады. Басты міндет - бәрінде жүйелілік пен белгіленген мақсатқа адалдық болып қалуы керек. Сіздің жеке адамгершілік ар-намыс кодексіңіз бен адамгершілік принциптеріңізді басқарған ережелерді сақтау маңызды болады. Ескі достармен жағымды кездесу өтуі мүмкін. Алыстан қонақ күтесіз. Бір таныс адам жаңа жаңалық әкеледі. Бұл күндері көп нәрсе белгілі болады. Туыс, дос, әріптестерінің және қысқа уақытта өзін серіктестік деп тапқандардың арасында да. Кәсіби жұмыс аясында қысқа сапарлар мүмкін. Ықпалды серіктестің ынтымақтастық туралы ұсыныс жасауы мүмкін. Өзіңізге күш салудың қажеті жоқ - сіз ұсынылған жобаларға қуана қат әр күніңізде болады. Апта сізге сәттілік пен өмірге біршама мағына әкеледі.
Торпақ өзіне қуаныш сыйлайтын өмірдің рухани және материалдық ыңғайлығына ұмтылады. Жақындарының арасмындағы жақсы күй, қсақ-түйек нәрседен қуаныш, алдағы күндерге арналған қарапайым жоспар сізге маңызды болады. Ең бастысы, сіздің отбасылық қиялыңыз бүкіл әлем картасын қайта құра алатын, ойыңызды хаосқа батыратын және басқаны жасыруға немесе одан да жаманы – түк болмағандай өтірік айтуға мәжбүр ететін құпиялар мен шиеленіс жоқ. жасы кіші туыспен қарым-қатынас қиын болуы мүмкін. Жұмыста қауіпсіз тепе-теңдікті сақтау үшін барлық тәжірибеңіз, тілегіңіз және жауапкершілік қажет болады. Кадр саясатына тікелей қатысуыңыз мүмкін. Материалдық мәселені шешуге белгілі бір үміткерді ұсынатын боласыз. Осы кезеңде қаржылық әл-ауқат серіктестің күш-жігеріне, оның әрекет етуге деген ұмтылысына тікелей байланысты болмақ. Жағымды компаниямен қызықты саяхат болуы мүмкін. Апта көптеген жаңалық әкеледі. Ақпарат тұрғысынан да және сыртқы келбетін жаңарту тұрғысынан да. Жақсы заттар сатып аласыз. .
Егіздер бейқам өміріне өзін алдайды. Тым салмақты болмау өзіне тартылық сыйлайды. Көп адамдар сізді бәсекелесім, күшті қарсыласым деп ойламайды. Ал негізінде олар қатты қателеседі. Бұл аптада түйсігіңіз мықты, болжағыш, байқағыш. Бұрынғы тәжірибеңіздің арқасында орныңызды бекітіп, қызметте жағдайыңызды жақсартасыз. Сіздің барлық мүддеңізді жақсы қабылдайды. Жаңа ынтымақтастық болуы да мүмкін. Ол көбінесе сапарлармен, жолмен, қашықтықтағы келіссөзбен байланысты болмақ. Бұл аптада керемет таныстық орын алады. Оған үлкен мән бересіз. Жаңа адамдарға үлкен үміт артасыз, ешкімнің көмегінсіз мақсатыңызға жетуге ұмтыласыз. Көбісі тұрмысына қажет ірі зат сатып алады. Отбасында ерекше оқиға болады, ол алдағы айларға да ықпал етеді. Сіз шынымен де ғашық боласыз.
Шаян қаржы мәселесін шешуге барын салады. Сізді біліктілік тәжірибеге қатысты өсу тенденциясы қызықтырады. Ұжымдағы жұмысқа сенімсіздікпен қарасаңыз да, мүдделес одақтастардың қарым-қатынасының жаңа түріне назар аударасыз. Ол әсіресе мұғалім, саясаткер, журналистер арасында байқалады. Осы аптада ұзақ жолдың, қашықтықтың әсерін байқайсыз. Шетелден досыңыздан саяхат туралы ұсыныс аласыз. Баяғыда басқа аймақта белсене жұмыс істеген әріптес пе, дос па, біреуді есіңізге аласыз. Белгілі бір топтың ықпалын жоғалтып алмауға тырысасыз. Өз дегеніңізде тұрған өте маңызды болмақ. Өз қағидаларыңыздан алыстап, уәдеден таймай, өзіңізге берген сөзден ауытқымауға барыңызды саласыз. Бүкіл Шаяндар бірдеңені күткендей қарсы тұрады. Табиғат сізге аямай сыйлаған берген қасиеттеріңіздің арқасында сізді ешкім жеңе алмайды. Қатты сенім артатын адамдарыңыздың қолдауы өте маңызды болмақ. Салтанатты жиын, отбасында сүйкімді мереке күтіледі. Ірі нәрсе сатып алу, шығындар күтілуде.
Арыстан әуес нәрселерінен ауытқиды. Тура осы кезде оны ерекше көрсетеді. Кімдікі дұрыс, кім кінәлі екенін түсіе алмайды. Сіз тек достық және бірге жұмыс істеу туралы түсінігіңізге сай келмейтін адамдардан бойыңызды аулақ ұстайсыз. Бірақ өзіңіздегінің бәрін кешіресіз, өйткені жағдайға қарай өзгері қазір тап өз қолыңызда тұр! Басқару тетігі қазір тек сіздің қолыңызда тұр. Оған бәрі қызығады. Сіз қызметтегі барлық бәсекелестеріңізді шаң қаптырасыз. Бірақ жаман әдеттен аулақ болғаныңыз жөн. Бұл кезеңде сіздің айналаңызда небір алып-қашпа сөз, өсек болады. Сонымен бірге материалдық жағдай жақсарады, және сіз жүрген жерде қаржы мәселесі жақсы шешімін табады. Қомақты сома қолыңыздан өтеді. Тіпті танымайтын адамдар сізге ақшасын сеніп тапсыруы мүмкін. Бұл апта ерлі-зайыптыларға сынақ болады. год. Мұның бәрі... атышулы үшінші адам...
Бикеш айналасындағыларға тиісіп әуре болады. Әсіресе жақын адамдарына. Сіздің түсінігіңіздегі нәрсеге сай келі үшін тап сіздей болуы тиіс. Ал бұл мүмкін емес Әлемнің жетілмегендігінен және адамның мінезінен көңіліңіз түсіп, қайғыға батуыңыз да мүмкін. Жұлдыздар мынадай кеңес береді: көңілсіздіктен шығудың ең жақсы тәсілі тек қимылдап, дене шынықтырып, кез келген жұмысты белсенді атқару. Әріптестер арасында жаңарту болады. Жаңа адам келеді.Тәлімгерлік қасиеттеріңізді көрсетуге мүмкіндік болады. Бірақ сонымен бірге бұл кезең жаңа жетістіктерге жету мүмкіндігімен, оның ішінде оқу тұрғысынан, сонымен қатар жаңа нәрсе құру мүмкіндігімен ерекшеленбек. Отбасылық іс-шара, шағын мереке күтілуде. Шығындар күтілуде. Орындай алатыннан көп уәде берудің қажеті жоқ. Сезімге ие болыңыз. Сапарға шығу, шағын мереке болуы мүмкін. Қаржы жағдайы басқалардың қатысуынан босатылады, яғни тек өзіңізге сенім артуға тура келеді.
Таразы маңызды белсенділікке, қозғалысқа және түбегейлі әрекеттің басталуына дайын. Өзіңізге барынша пайда алып, жариялауға болатын ақпаратқа, маңызды жаңалыққа ие боласыз. Қызметіңізді белгілі бір мақсатта қолдана алатындардың сеніміне оңай ие боласыз. Бұл бірігу, нығайту уақыты, одақтастар мен әлеуетті серіктестерге ықпал күшейеді. Кәсіби қызығушылыққа байланысты тәуекелге бел буатын бағдарлама болуы мүмкін. Іскерлік қоғамдастықтың эквиваленттілігіне қарамастан әрқашан көшбасшылық рөлде боласыз. Сәттілік тек өз іс-әрекеттінде мақсаты нақты белгіленген адал адамда жағында. Бұл материалды байытуға қолайлы кезең. Ескі қарыздар қайтарылуы мүмкін. Үлкен туыстарымен қарым-қатынаста қиындық тууы мүмкін. Бір жақын адамға қамқор боласыз. Өмірдің күнделікті тірлігіне көп араласып, аса көңіл бөлуге тура келеді. Үй сатып алу мүмкіндігі жоқ емес. Осы кезеңде бастамамен байланысты сапар болуы мүмкін. Сізге хат-хабар (диплом, рұқсат т.б.) тексерушілер үлкен қызығушылық тудырады. Сіздің ата тегіңіз белгілі бір адамдар ортасында жиі айтылатын болады.
Сарышаян өзіне мүдделі одақтастар тарапынан үлкен қоллдау күтеді, үміт артады. Бұл күндері келіссөз, кездесу тек ақпараттық мақсатта болады. Ал басқалар сіздің мүддеңізге сәйкес әрекет етсе де, сіз күткен нәтиже ала алмайсыз. Басқаларға ықпал ету қиын болмақ. Әрдайым талаптарыңыздың шекарасын анықтауға делдал қолдануға тура келеді. Жасы үлгендерге қиын кезең. Өзіңіздің мән-жайыңызға және байқаусызда айналаңыздағы адамдарға тәуелділігіңізді түсінесіз. Бірақ сәттілік жастар жағында. Шығармашылық жаңашылдық бәрінде болады. Одақтастарға, пікірлес адамдарға тартымды боласыз. Ынтымақтастық туралы бірқатар ұсыныс болады. Ұзақ қашықтықта сапарға шығып қалуыңыз да мүмкін. Айналаңызда жаңа тұлғалар пайда болады, олардың алдында өзіңізді әлдеқайда сенімді және жеңіл сезінесіз. Жетістіктер материалдық және қаржылық тұрғыдан болуы мүмкін. Ұзақ уақытқа созылған күш-жігер өз нәтижесін береді. Нәтиже айтарлықтай болады. Туыстар арасында жылы қатынас күтіледі. Отбасылық мереке уақытты жақсы өткізуге мүмкіндік береді.
Мерген ескі схеманы қолдана отырып, қалыпты ескі жолмен жүреді. Кедергіні жеңу шеберлігіңіз кез- елген адамды таң қалдыруы мүмкін. Өзіңіздің үлкен де, кіші де жетістіктеріңізді жариялауға бейім емессіз. Өз бастамаңызда жеке жоспарға ие боласыз. Жұмысқа орналасуыңызға қарамастан, жоспарыңыздың ауқымынан бастап, барлығын дерлік өз жеке қызығушылығыңызға, сезіммен және эмоционалды қабылдаумен шектейсіз. Ешкім қол жеткізе алмаған құпияны барынша қорғайсыз. Жұмыс қосымша күшті қажет етеді. Іссапарға баруға болады. Апта сізді жаңа ынтымақтастыққа тартып, кәсіби ықпал етуге қосымша мүмкіндік береді. Бірақ ол көп нәтиже бермейді. Қаржы жағы өзгеріссіз. Шығынның артуы жақыны мен достарына сыйлық сатып алу қажеттілігімен байланысты болуы мүмкін. Алыстан келген жаңалық сізге шара қолдануға себеп болады. Маңызды шешім қабылдау керек болады. Сіз басқа адамдардың мүддесін ескермей, жағдайды бақылаудан айырылып қалуыңыз мүмкін. Ғашық болу күйі басым және ол ұзаққа созылады.
Тауешкі жанашыр және басқа адамдардың талабына өте сезімтал. Сіз кез келген жағдайда дау-дамай бастауға дайынсыз, ол сізге бос әурешілік. Өйткені күш-қуатыңыздан айырыласыз. Сіздің мүддеңізді елемей қойғанын анық көресіз. Жақын ортада келіспеушілік пен жанжал болуы мүмкін. Ішкі және сыртқы қақтығыстан шығудың ең жақсы тәсілі - өзіңді еңбекке баулу. Кәсіби қатынас жағдайдың жалпы фонын жақсартады, өмірге, адамдарға, қатынастарға оптимистік көзқарас орнатады. Бірқатар келіссөздер мен іскерлік кездесу күтілуде. Сіз өз тартымдылығыңызды лайықты мақсатта қолдана аласыз. Материалдық жағдай жақсарады. Көптен күткен сатып алуды іске асырасыз. Бір нәрсені бөлуге байланысты мәселені шешуге болады. Ұзақ уақыт бойы белгілі бір байланыста болған адамнан тәуелсіздік сезінесіз. Тағдырдың жағымды әсеріне қарамастан, әрқашан өмірдің сізге ұсынған нәрсесіне қарсы тұрып, наразылық білдіресіз. Бұл сіздің жеке наразылығыңыздың және болып жатқан барлық нәрсеге тым көп шағымның себебі болуы мүмкін. Сіз үнемі өміріңіздің жақсарғанын күтесіз.
Суқұйғыш жаңа таныстық пен асқа адамдардың идеяларына күдікпен қарайды. Сізге белгілі бір қатынастфң, оқиғаның аяқталу кезеңі келеді. Көпшілігі қажетті қағазды ала отырып, құжаттармен айналысуға мәжбүр. Сіз көп уақытты есеп айырысумен және жаңа қызметке ауысумен байланысты қаржылық қатынастарға жұмсайсыз. Дегенмен сізде қолайлы жағдай көп болмақ, оны жақсы пайдалана аласыз. Көбісіне ұзақ уақытқа көшу, өмір мен еңбек жағдайының өзгеру перспективасы ашылады. Үлкен шығын күтілуде. Алайда, табыс та қуантады. Қомақты қаражат қолыңыздан өтеді. Ұзақ уақыт бойы мұқият құрған белгілі бір жоспар орындалады. Сәттілік сіз жақта! Іссапарлар, іскери серіктестермен кездесу, келіссөз болуы ықтимал. Сонымен қатар, бұл күндері мазасыз шығындар, бұрынғы құндылық пен сүйіспеншіліктен бас тартуыңыз мүмкін. Жүрегіңізге басқа адамның уайымы әсер етпейді.
Балықтар уақытында белгіленген, жалғыз осы дұрыс деп қабылдап қойған жоспарына үміт артады. Шынымен де сізді қатты мазалайтын мәселе туралы жағымды ақпарат аласыз. Бірақ бұл тек бір жағы. Дәл осы мәселе бойынша күрделі мәселе күтіп тұр. Заңды, құжаттық жағына байланысты іс-әрекет кешіктіріліп, тіпті тоқтатылуы мүмкін. Мүдделі тарапқа жеңілдік жасау арқылы ескі ниеттен бас тартуға тура келуі мүмкін. Бұл таңдау мен шешім қабылдаудың қиын кезеңі. Барлығы сізге байланысты емес екенін түсініп, жағдайдан көңіліңіз қалуы мүмкін. Ешкім де сіздің мүддеңізбен бөліспейтін ақпарат сізге қатты әсер етеді. Бұл өмір сүрудің қиын жағдайының арасында моральдық соққы болуы мүмкін. Қиындықтан шығудың қолайлы тәсілі сенімді доспен сапарда болады. Әріптестер мен достар сізбен араласқысы келеді. Жеке өмірдегі дағдарысқа қарамастан, жүрегіңіз бөтен адамның тосын сыйы мен жақсылығына жылиды.
Астролог Александр Ремпель, Қиыр Шығыс астрологтар қауымдастығының жетекшісі.
Оқи отырыңыз: КТК КИНЕМАТОГРАФИЯНЫҢ КІЛЕМІН КӨМКЕРДІ
ҚАРЖЫДАН ҚЫСЫЛҒАНДА КҮЙЗЕЛІСТІ ҚАЛАЙ ЕҢСЕРЕМІЗ?\
ҚАЙҒЫ-ҚАСІРЕТТІ ЕҢСЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ