{metadescription}
Коронавирустың адам психологиясына әсері

Коронавирустың адам психологиясына әсері

Covid19 індетімен ауырған адамның психологиясында өзгеріс бола ма? Коронавирус адам психологиясына қалай әсер етеді? Егер әсері болса, оны қалай қабылдап, қалай емдеу керек? Жалпы, коронавирус психологияға әсер етпеу үшін оның қалай алдын алу керек?  

Ержан Мырзабаев, психолог: 

Індет салдарынан өлім көбейді. Карантин шаралары күшейтілді. Қоғамның тұрмысы өзгерді. Әрине, мұның барлығы психологиямызға кері әсер етеді. Өйткені белгісіздік адамды қатты шаршатады. Жеңіл ауру түрлерінің өзі адам бойында үрей тудыратыны мәлім. Ал коронавирус одан бірнеше есе көп көлемде қорқыныш ұялатады. Себебі басқа дерттердің емі бар.

Сауығып шығу үшін тек уақыт керек. Ал бұл инфекцияның әзірге емі жоқ, қашан аяқталатыны белгісіз. Осының нәтижесінде адамдарда психологиялық үрей пайда болады. Салдарынан адам бойындағы басқа да аурулар асқынады, психологиялық травма алады.

Көбіне егде жастағы адамдар психологиялық үрейге бой алдырады. Ал жастар қауымы өзінің денсаулығының жақсы күйде екеніне сенімді. Сонымен қатар оларда жауапкершілік аз.

Егде жастағы адамдар отбасы, туыс-туғандарының өміріне жанашырлықпен қарайды және қазіргі жағдайды өте ауыр қабылдайды.

Психолог кеңесі

Індет салдарынан пайда болатын үрейді еңсеруге не көмектеседі?

Ішкі сезім әрекетке ұласуы шарт. Адам бойындағы кез келген сезім босқа белгі бермейді. Шарасыздық танытып, әрекетке көшпесек, сезім адамды іштей мазалай бастайды.

Мәселен, ауру жұқтырып аламын деп қорықсаңыз, медицина қызметкерлері айтқан кеңестер мен сақтық шараларына мойынсыну қажет.

Ал бұлай жасамаған жағдайда, ішкі мазасыздық артып, психосоматикалық аурулар өршиді. Яғни, медициналық тексеру кезінде сіздің дертіңіз жоқ, бірақ басыңыз, жүрегіңіз, бүйрегіңіз және тағы басқа жерлеріңіз ауырып тұрғандай болады.

Туған-туыстармен қарым-қатынасты жақсарту керек. Жақсы көретін іспен айналысып, көңіл-күйімізді көтеріп, ойымызды басқа арнаға бұрғанымыз өзіміз үшін пайдалы.

Дегенмен карантин талаптарын бұзып, қонаққа барып, той тойлаудың қажеті жоқ. Уақыт тауып, әзіл, ойын-сауық бағдарламаларды қарап, миды сергіту үшін өлең айту – психиканы қалыпты жағдайда ұстауға мүмкіндік береді.

Спортпен айналысып, шуақты күні асық ашпан астында саяхаттаудың да пайдасы зор. Себебі күн энергиясы адам бойындағы «Бақыт гормондарының» көп көлемде бөлінуіне ықпал етеді.

Материал ҚазАқпарат сайтынан алынды  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде