2020 жылы елімізде болған маңызды оқиғалар
2020 жыл бәріне оңай болған жоқ. Жеңіл жыл болды деуге келмес. Дүниежүзін шарпыған ковид індеті біздің елден тыс қалмады. Қауырт қимыл, іс-әрекет, шұғыл шара көп болғаны рас. Жыл қалай басталып, қалай аяқталды? Еске түсірейік.
Автор: Заира Сабитова
ҚАҢТАР
2020 жылдың қаңтарында Fokker-100 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты біздің ел әлі де күйзелісте болды. 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы әуежайы маңында Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 100-ге жуық адам болған. 12 адам қайтыс болды, 60-тан астам адам түрлі дене жарақатын алды. Тергеу басталды, Bek Air лицензиясынан айырылды.
Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Оның шеңберінде қазақстандықтар жолдамасы болған жағдайда медициналық қызметті ақысыз алуға мүмкіндігі бар. Мемлекет 11 миллион адамды өз қаражаты есебінен сақтандырады. Бұл – балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектер және аз қамтылған адамдар. Қалғаны – жұмыс істейтін қазақстандықтар, оған жұмыс беруші оны төлейді және «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар», олар қорға өздері ақша аударады.
Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың қаңтарында санитарлық-өткізу бақылауды күшейтіп, коронавирустың тез таралуына байланысты төтенше жағдай енгізді. Біздің азаматтарды Қытайдан жеткізуге шешім қабылданды.
АҚПАН
Қордайдағы тәртіпсіздіктер елді есеңгіретіп тастады. Оған мыңға жуық адам қатысты. 11 адам төбелесте мерт болды, 185 адам медициналық көмекке жүгінді. 23 мыңнан астам тұрғын Қырғызстанға қашып кетті. Ресми мәліметтер бойынша, шамамен 40 тұрғын үй, 20 коммерциялық ғимарат және 47 автокөлік өртенген.
НАУРЫЗ
Елде COVID-19 инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл 13 наурызда болды. Ал сол айдың 20-нан бастап елдегі коронавирустың ушығуына байланысты Қазақстан тәуелсіздігі тарихында алғаш рет төтенше жағдай енгізілді. Билік қалааралық көлік қозғалысын жауып, мемлекеттік шекарадан өтуге шектеу қойды. Наурызда Жандарбек Бекшин Қазақстанның бас дәрігері қызметінен босатылды.
Мұхтар Жәкішев түрмеден шықты. 19 наурыз күні таңертең «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы соңғы 11 жылын өткізген Семей колониясынан шықты. 2009 жылы ол сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған.
СӘУІР
42 500. Бұл әрбір қазақстандыққа таныс. Сәуір айында мемлекет пандемия салдарынан кірісін жоғалтқандарға әлеуметтік төлемдер төлей бастайды. Төлемдерді алу шарттары бірнеше рет өзгерді.
Сәуір айында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді. Олар ға отандық телеарналарда қосымша бейне сабақтар ұйымдастырылды. Онлайн сабақ басталысымен елдегі интернеттің жүктемесі екі есеге артты. Жылдамдықтың төмендеуі білім сапасына да әсер етті. Ата-аналар қалаған сайттардың ашылмайтынына шағымданды. Әрқайсысының үйде сабақ көрсетілетін арнайы арнасы болған жоқ.
МАМЫР
11 мамырда түн ортасынан бастап Қазақстанда төтенше жағдай тоқтатылды. Бірақ бұған қарамастан, карантин тоқтатылмады. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салу жалғасын тапты. Барлық ойын-сауық орындары да жабылды. Жұрт үйде отырды.
Қазақстанда Армениядан әкелінген көлктерді тіркеуге рұқсат етілді. Норма біздің елге 1 ақпанға дейін әкелінген көліктерге қатысты болды. Иелеріне уақытша тіркеу, тіркеу куәлігі және нөмір беруге ақы төлеу ұсынылды.
МАУСЫМ
1 маусымда сағат 00: 00-де қалалар мен облыстарда бақылау бекеттері алынып тасталынды. Кейбір жерлерде олар екі жарым ай тұрды. Таңертең таңға дейін жұмысшылар темір шлагбаумдарды бұзып, шатырларды жинап, тіреуіштерді алып тастады. Мұның бәрі уақытша сақтау қоймасына шығарылды. Республиканың екі ірі қаласы ашылды. Жаздың алғашқы күнінде пойыздар бүкіл ел бойынша жүре бастағанымен, әлі жетіңкіремеді.
Дәрі-дәрмек тапшылығы. Парацетамол, аспирин және термометрдің жоқтығынан Алматыдағы дәріханалардың жанында ұзын-сонар кезек пайда болды.
25 маусымда Денсаулық сақтау министрі ауыстырылды. Елжан Біртанов өызметінен бас тартты, ал оның орнына Алексей Цой келді. Біртанов өз еркімени отставкаға кетті. Кейінірек оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
ШІЛДЕ
5 шілдеде Қазақстанда локдаун режимі жұмыс істей бастады. Аймақтар арасындағы автобус қозғалысы тоқтатылды. Басқа аймаққа тек ұшақпен немесе пойызбен барасың. Рейс саны азайды. Қоғамдық көліктің жұмысы да шектелді, бірақ халықаралық рейстер жабылған жоқ.
Алматы дәріханаларында дәрі-дәрмек жетіспеушілігі анықталып, сатып алушылар ұзақ кезекте тұрды.
«СҚ-Фармация» басшысы Берік Шәріп пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басшысы Айбатыр Жұмағұлов қызметтен шеттетілді. Президент Тоқаев оны елдегі дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі, бағаның негізсіз өсуі және ММКҚ елде індет кезінде ауруханаларда азаматтарға қызмет көрсету мәселесі бойынша жұмыс жасамағаны үшін қызметінен босатуды талап етті.
Тоқаев тергеу жүргізуді және кездескен қиындықтарға жауаптылардың барлығын жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Корона вирусынан қайтыс болғандар үшін 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
ТАМЫЗ
17 тамызда елде карантин жеңілдетілді. Бұрын жабылған кейбір нысандарға жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етілді. Алайда елде демалыс күндері локдаун және бетперде тағы режимі сақталды.
ҚЫРКҮЙЕК
Қыркүйекте мектеп оқушылары мен студенттердің оқуы бастады. Көпшілігі қашықтан оқудың қиындығына тап болды. Мысалы, ауыл оқушылары интернетпен сабақ оқу үшін тауға, төбеге көтерілуге, тіпті рельске отыруға мәжбүр болды. Хакерлер сабақтарды бұзды. Олар бейәдеп дүниелерді көрсетті. Сөйтіп қашықтан оқуда көптеген түйткілдер пайда болды.
Қыркүйекте сарапшылар коронавирусқа азитромицин қабылдау жүректің нашарлауына әкелуі мүмкін екенін айтты. Коронавирус асқынуын емдеуге қолданылатын антибиотик өлімге әкелді. Ол бүкіл әлемде коронавирусты жұқтырған деп кеңінен тағайындалды. Америкалық ғалымдар препарат иммундық жүйені өлтіреді, саңырау етеді және жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін деді. Қазақстандық сарапшылар шетелдік әріптестерімен келісті. Ал тұрғындар оны аурудың алдын алу үшін қабылдап жүрген.
ҚАЗАН
Жұрт бір жарым триллионға жуық зейнетақы жинағын емделуге және баспана сатып алуға жұмсай алатынын естіді. Еңбек министрлігіне бұл ақшаға кім үміт арта алатынын айтты. Шенеуніктер азаматтар санаты туралы шешім қабылдады. Олардың көпшілігі – БЖЗҚ-да қомақты қаражат жинай алған жұмысшылар. Егер ол жеткіліктілік шегінен асып кетсе, оның артығын алып алуға болады.
Күздің екінші айында жұрт Боратқа қарсы күресті. Шулы фильмге қарсы митингтер біздің елде ғана емес, АҚШ-та да өткізілді. Бораттың мүсінін өртеп, суретін таптап, Қазақстанның туы бар челлендж бастады.
Бораттың өзі күтпеген жерден Қазақстанға деген сүйіспеншілігін мойындады. Саша Барон Коэн неге жанжалды комедияда әзіл-қалжың үшін біздің елімізді таңдағанын түсіндірді. Ол Қазақстан – керемет мемлекет, ол туралы америкалықтар ештеңе білмейді деп мәлімдеді. Бұл оған нақты қазақстандық мемлекеттік рәміздерді қолдана отырып, жалған әлем құруға мүмкіндік берді.
ҚАРАША
3 қарашада Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Елжан Біртанов ірі көлемде ақша ысырап еткені үшін ұсталғаны белгілі болды.
Ди-джей Иманбек Зейкенов қарашаның тағы бір қаһарманы болды. Ол тарихқа Грэммиге ұсынылған алғашқы қазақстандық ретінде енді. Жігіт Billboard жыл сайынғы кестесінде Black Eyed Peas, J Balvin, Lady Gaga және Kygo-ны басып озып, бірінші орынға шықты.
ЖЕЛТОҚСАН
Қазақстан Мәжіліс сайлауына дайындалды. Үміткерлер республиканың әр қалаларында үгіт-насихат ұйымдастырды. Ал 26 желтоқсанда КТК арнасында теледебат өткізілді. Жарыссөзде Парламенттен орын алғысы келетін барлық бес партияның өкілдері шайқасты. Пікірсайыс кешін YouTube пен Facebook-тегі ресми парақтарымыздан көре аласыз.