{metadescription}
АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. Атышулы шығарылымдар

АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. Атышулы шығарылымдар

«Астарлы ақиқат» ток-шоуы көздегеніне жетті! Аталмыш жоба  барлық әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жұрт назарын өзіне аудара білді. Аударып қана қоймай, қаралым жағынан өзге ток-шоуларды шаң қаптырды деуге болады. Сіздің назарыңызға қаралымы миллионнан асып жығылатын ең атышулы шығарылымдарды ұсынамыз. 

1.       Астарлы ақиқат: 15 жасымда тудым

«Дәндеген қарсақ құлағымен ін қазады» демекші, бойжетпеген аруды дәметіп қалған жігіт балиғат жасына толмаған аңғал қызды еркіне иландырып имамның алдына апарып, некесін қидырады. Ал имам жігітке уағыз айтып, райынан қайтарудың орнына ісін оң жанбасына шешіп береді. Неге деген заңды сұрақ туа ма? Әлбетте, туады. Жауабын білейік.

2.       Астарлы ақиқат: Ұят шеше

Анасы бар, бірақ «тірі жетім». Он алты жастағы Айғаным көрінгеннің табалдырығында түнеп жүр. Айтуынша, туған анасы керек етпей төркініне тастап кетіпті. Ол тіпті туған әкесінің кім екенін де білмейді. Туыстары «тексіз» деп тілдеп, таяқтайды екен.

3.       Астарлы ақиқат: Жарты бет

Бұл оқиға Алматы облысы Есік қаласында болды. Жанып жатқан отқа жеті айлық сәби құлап кеткен. Пеште лаулап жанған от бойжеткеннің бетімен қоса бүкіл өмірін өртеп кеткендей. Жақынынан басқаға жүзін көрсетуге жүрексінетін Әсел Сүлейменова, алғаш рет бізге видео үндеу жолдады.

4.       Астарлы ақиқат: Он жылдық көңілдес

Айдын Исманованы он жыл отасқан күйеуі жеңіл жүріске салындың деп айыптауда. Тіпті өзінен туған перзентін мойындаудан бас тартып, көшеге қаңғыртып жіберіпті. Жазықсыз жала жабылды деп зар илеген келіншек редакциямыздан көмек сұрады. «Бес жастағы Меруерттің әкесі кім?»  деген сауалға ДНК сараптамасы жауап береді.

5.       Астарлы ақиқат: Қойшылардың «кайфы»

Алматы облысының тұрғыны қызының биологиялық анасын іздейді. Нұрбек Мағзұмовтың сөзіне сенсек, қырқынан шықпаған нәрестесін бөтен отбасыға қиып қалдырған әйел көп күттірмей келуге уәде берген. Алайда сол кеткеннен мол кетіп, бақандай алты жыөтіпті.

Дина Төлепберген, «Астарлы ақиқат» ток-шоуының жүргізушісі:

- Сабырлы Сиыр сүтімен ақ жалатып, әр үйге азық әкелетін жануар. Ендеше осы Сиыр жылы әр шаңырақтың дастарқаны мол, берекелі ! Істері оңға басып, тамаша табысқа кенелсін! Туған туыспен тату-тәтті тұрсын! 2021 жыл құтты болсын! 

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.