Сиыр жылы сиыр туралы қызықты 20 мәлімет
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы түрінен тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған. Шығыс жұлдызнамасы бойынша 2021 жыл – Сиыр жылы. Осы үй жануары туралы не білеміз? Ендеше сиыр жайлы қызықты мәліметке көз жүгіртсек.
Автор: Заира Сабитова
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы түрінен тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған.
-
Бір минут ішінде жүзге жуық күйсеген сиырдың қимылы қоянның қимылымен бірдей екен.
-
Бұқаға қызыл түс мүлдем әсер етпейді, бұқа қызыл матаға шаппайды. Бұл жануар түсті мүлдем айыра алмайды. Әлгі тореадорға шабатын себебі, өйткені ол бұқаны шапшаң қимылдарымен әдейі ашуландырады екен.
-
Сауын сиыр өз өмірінде орташа алғанда 200 мың стақан сүт береді.
-
Әлемдегі ең ірі сиырдың салмағы 2,25 тонна.
-
Сиырлар адам немесе дельфин секілді жылау қасиетін меңгерген, яғни көзінен жас ағып жылайды.
-
Жер бетінде ең жиі кездесетін сүтқоректілер – адамдар, бірақ сиырлар осы санатта екінші орында.
-
Сиырдың жеген нәрсесі оның кейін қандай сүт беретініне тікелей байланысты, яғни не берсең, соны сауып аласың.
-
Сиырлар орташа алғанда 20 жылдай өмір сүреді. Бірақ одан көп өмір сүретіндері де жоқ емес. Ал бұқалар азырақ – 15 жылдай.
-
Әлемде тіршілік ететін сиырлардың жалпы салмағы бүкіл адамдардың салмағынан үш есе артық.
-
Сиырлар қоршаған ортаға автомобильдерге қарағанда көбірек зиян тигізеді . Оның көңі мен ішектен шығаратын газы ғаламшарымызға шамамен 18% үлес жылыжай әсерін қосады.
-
Зоологтардың айтуынша, бұл тіршілік иелері 11 түрлі интонациямен мөңірей алады.
-
Сиыр ғаламшарымыздың магнит өрісінің сызықтары бойында орналасып жатып тынығады. Иә, сиырлар бізге қарағанда, ондайды жақсы сезінеді.
-
Куба елінде сиырды өлтіру адам өлтіргеннен ауыр жазаға тартылады.
-
Көптеген халық арасында айналымда ақша пайда болғанға дейін сиыр валютаның бір түрі және жалпы алғанда басқа материалдық құндылық өлшемі болған.
-
Бір табын сиыр, шамамен елу сиыр делік, тәулігіне бір тонна сүт береді.
-
Сиырға ат қоюға болады, өйткені ол атын есіне сақтап, дауыстап атағанда елеңдеп, мысалы, ит сияқты байланыс орната алады.
-
Сиыр өзі жақсы көретін адамды тілімен жалағанды ұнатады. Сондай әдеті бар.
-
Сиырдың көру қабілеті барынша жақсы, ол қожайынын танып, түрін есіне сақтай алады.
-
Негізі сиыр бұзауын үш жасқа дейін емізеді.
-
Сиырдың көзі айналасын толық, жан-жақтан көруді қамтамасыз етеді, ол жыртқыштардан қорғаудың бір тәсілі болса керек.
Оқи отырыңыз: ДАУ-ДАМАЙСЫЗ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР
2021 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ НЕ КҮТІП ТҰР?
АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР
КТК АРНАСЫ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНІҢ 2021 ЖЫЛҒА АРНАҒАН ТІЛЕГІ
ТОҚТАР СЕРІК: БҰРЫН АЯЗ АТАҒА СЕНСЕК, ЕНДІ БІР АЛЛАҒА СЕНДІК