18 - 24 қаңтарға арналған астрологиялық болжам
Астрологтардың 18 - 24 қаңтарға жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
18 - 24 қаңтарға арналған астрологиялық болжам.
Тоқты өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алады. Ақша қосымша жерден күтіледі. Осы аптада туысыңыздан жақсы жаңалық алуыңыз мүмкін. Күткен нәрсеңіз орындалады.Өзіңіздің танымдық деңгейіңізді көтересіз. Кез келген оқу тиімді болады. Білім мен тәжірибенің әлеуетін сезінесіз. Бос уақытыңызды дұрыс пайдалана аласыз. Кездесулер мен қарым-қатынастың көп бөлігі сізге қымбат және шынымен қызықты адамдармен болады. Шешім қабылдауда сезім мен жақындық үлкен рөл атқарады. Жеке өмір неғұрлым ашық және болжамды бола бастайды. Бұл сізді сабырлы және өзіңізге сенімді болуды қамтамасыз етеді.
Торпақ басқалардың пікірін сақтықпен қабылдайды. Басқаларға деген сенімі азаяды. Мұның да өз себебі бар. Өткен апталардағы оқиғалар сізге әріптестеріңізден, жұмыс берушілеріңізден және іскери серіктестеріңізден әділетсіз айыптау, талап-арыз әкелуі мүмкін. Жағдайдың тепе-теңдігі тыныш диалогтарға негізделеді. Сіздің жеке өміріңіздің кез келген саласында жетістікке жетуіңіз келіссөз жүргізуге, өз көзқарасыңызды білдіруге байланысты болады. Аздаған ақша қиындығы болуы мүмкін. Апта сәтсіз сатып алу кезеңі, шағын қаржылық шығын кезеңі болуы мүмкін. Өмірдің тұрмыстық жағы сізге ең қолайлы болады. Үйде үлкен тәртіпті қалпына келтіруге, қажет емес нәрселерден, тіпті қарым-қатынастан бас тартуға жақсы кезең. Өзіңізге назар аудару керек. Бұл күндері сіз артық салмақ жинайсыз немесе жаман әдетке ие бола аласыз. Жасы кші туыспен және балалармен қарым-қатынас қолайлы болмақ. .
Егіздер таныс емес әрекеттерге қызығатын болады. Басқа біреудің ісі шабыттандырады. Осы кезеңде идеяларыңыз сіздің мүмкіндігіңізден асып түсуі мүмкін. Армандайсыз, жоспар құрасыз. Жақындарыңызбен қиындықтар мен келіспеушілік болуы мүмкін. Көптеген адамға бұл жағдай балалармен және сізге толықтай тәуелді адамдармен байланысты болады. Іс жүргізу, күрделі келіссөз және шұғыл шешім қабылдауға тура келеді. Жеке өміріңізде серіктесіңіздің іс-әрекетінен шаршап, ол сізге дұрыс көңіл бөлмеуі мүмкін.
Шаян жағымды көңіл-күй мен жақындарының қолдауы арқылы шаршағаны басылады. Енді не болып жатқанын теріс жағынан көрмейсіз, бірақ мән-жайды философиялық тұрғыдан қабылдайсыз. Және айналаңызда бәрі біртіндеп өзгеріп, қажетті қолайлы жағдай жасайды. Кейде іс-әрекеттерде білім жетіспейтін сияқты және кейбір әдеттегідей болып көрінеді. Алайда басқалар әріптестеріңізге қарағанда сіздің тәжірибеңізге сенеді. Тану, алғыс, лайықты марапат орын алуы мүмкін. Бұрынғы одақтастардың ынтымақтастық туралы пайдалы ұсынысы болуы мүмкін. Өзіңіздің сүйікті іс-әрекеттеріңіз бен хоббилеріңізге уақыт қалдырып, энергияңызды дұрыс бөлуге тырысасыз. Сіз не істесеңіз де, бұл әрқашан біреуге немесе бір нәрсеге қамқорлық жасауға әкеледі. Күш-жігеріңіздің нәтижесін көресіз. Жеке өміріңізде сіз күнделікті, болжамдылық пен дәйектілікке қарай тартасыз. Бұл кейде іш тіпті пыстыруы мүмкін.
Арыстан неғұрлым ауыр өмір салтына көшуге мәжбүр болады. Көптеген адамдар жайлы жағдайдан уақытша бас тартуды бастан кешіреді. Кейбіреулерге бұл жоспарланған ауыр жүктемемен, кедергіні жеңумен байланысты болмақ. Қаржылық жағдай қиын болады. Көптеген серіктестер мен туыстарға тәуелділікті сезінеді. Бұл күндері шығын көбінесе ескі жоспарлармен, ұзақ мерзімді міндеттемелермен байланысты болады. Жұмыста белсенділік төмендейді. Серіктестіктік құру, табысты және тәжірибелі одақтастармен бірігу сіздің мүддеңізде. Әйелден алынған ақпарат оның жеке өміріңізде маңызды шешім қабылдауға себеп бола алады. Құпиялар мен жасырын әрекеттерден аулақ бола алмайсыз.
Бикеш мазасыздық пен күдікке толы болады. Сіз әрдайым жағдайдың тұрақсыздығынан және оны басқаруға деген сенімсіздіктен қорқасыз. Көптеген адамдарға бірнеше апта бұрын сіздің өміріңізде болған оқиғалар қайталануы мүмкін. Денсаулық проблемасы да орын алуы мүмкін. Дәрігердің ұсынысын орындау қажеті. Отбасының кіші мүшесіне қамқорлық жасайсыз. Сізге басқа біреудің қалауымен қосымша міндет жүктеледі. Осы кезеңде жоспарларыңыздан бас тартып, басқа адамдардың мүддесі үшін әрекет етуіңіз керек. Белгілі адаммен келіссөз үлкен маңызға ие болады. Алыс қашықтық, бөлектену, біреудің болмауы да үлкен маңызға ие болады. Жұмыста жағдай шиеленісті болады. Жұмыс кестесі өзгереді. Қаржылық жағдай қолайлы.
Таразы маңызды адамға деген қатысты қызығушылық немесе оның жетіспеушілігі н көрсетпеуге тырысыңыз. Іскери және кәсіби қатынастаағы басты қағида - теңдік пен толық тыныштық сақтау. Сіздің жоспарларыңызда елеулі өзгеріс болуы мүмкін. Алдыңызда белгілі бір шарт туындауы мүмкін, олар қызметіңіздің келесі оқиғасына байланысты болмақ. Сонымен қатар, шетелден келген адаммен ынтымақтастықтың тиімді перспективасы ашылады. Жақын ортадан, соның ішінде туыстарымыздан көп нәрсені жасыруға мәжбүр боласыз. Бұған көбінесе сіздің қаржылық мүддеңіз ықпал етеді. Жеке өміріңізде серіктеске деген сенім оның даналығымен және сіздің кез келген еркелігіңізді қабылдай білуімен ерекшеленеді.
Сарышаян мақсатқа табандылықпен ұмтыла отырып, өзімен күресем деп мазасы кетеді. Көбінесе бұл артық салмаққа, диалог жүргізу қабілетіне байланысты болмашы нәрсе. Бұл сізге жеңісті басқаларға көрсету үшін емес, ішкі тұтынуды қажет ететін кезең. Өзіңізді келесі жеңістің шыңында сезіну маңызды. Өзге адамдар сіздің дегбіріңіз қашып жүр деп ойлауы мүмкін. Бірақ сізге өзіңіздің маңыздылығыңызды және осы әлемдегі орныңызды түсінуге жетелейтін көзге өрінбейтін нәрселер маңызды. Барлығы өте байсалды және өте маңызды болады. Романтикалық ойлау сезімнің шығармашылық көрінісін ынталандырады. Сіз сөзсіз ғашық боласыз. Қайдам, қанша уақытқа екенін...
Мерген өзінің ішкі ойымен басқалармен бөліспеуі керек. Ол сізге қарсы қолыңыздағы қаруға айналуы мүмкін. Бұл денсаулығыңызды күту және позицияларыңызды нығайту туралы жемісті жұмыс жасайтын кезең. Егер өзіңізді ұнатсаңыз, сәттілік әрдайым қолыңызда болады. Жұмыста жаңа жағдайларға үйренуіңіз керек. Мүмкін сіздің ортаңызда жаңа қызметкерлер мен әріптестер пайда болады. Көпшілікке қоршаған ортаның өзі, еңбек шарты мен жұмыс кестесі өзгереді. Кеңес алу үшін сенімді досыңызға жиі жүгінесіз. Меншікке және туысыңызбен қарым-қатынасқа қатысты маңызды шешім қабылдауға тура келеді. Ақшалай аспект таңқаларлық емес. Сезіміңіз парасатқа бағынады. Сіз жағдайдың толық бақылай аласыз.
Тауешкі өз жоспарларынан бас тартуға асықпау керек. Қазір өзіңізді дұрыс деп көрсетудің ең жақсы уақыты емес, бірақ сіз көбіне жәймен, жеке тартымдылығыңыз арқылы басқаларға әсер етесіз. Бұл жинақтау, көбейту кезеңі. Материалдық игіліктер болсын. Бірақ жұлдыздар жинақтау шығынға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Мысалы, артық салмақ, шаршау, қажетсіз заттар, жаман әдеттер. Бұрын зардап шектірген белгілі бір адам пайда болады. Өз мүддеңізді қорғауыңыз керек. Кәсіби тұрғыда апта тыныш, іскерлікті, күнделікті іс-әрекетті, іс-әрекеттің болжамдылығын қолдайды. Бір нәрсені өзгертудің мағынасы жоқ.
Суқұйғыш қиялсыз және іс жүзінде ешкімге сенбейді. Өзгелердің іс-әрекетін интуитивті түрде тану қабілетіңіз мүдделі тараптардың ықпалынан аулақ болуға көмектеседі. Өз күшіңізге ғана сүйене отырып, жеке қызығушылық негізінде мінез-құлығыңызды қалыптастырасыз. Ақша тапшылығы болуы мүмкін. Осы кезеңде шығындарыңыз өте белсенді болады. Бірақ сонымен бірге жағдай алдын-ала болжанған және толық күтілуде. Одақтастардың әрекеттерінің арқасында меншікке бағытталған өте маңызды мәселе шешілуі мүмкін. Бұл жеке қарым-қатынастың беріктігін, сезімдеріңіз бен құндылықтарыңызды сынау кезеңі. Жалғандық пен алдаудан сақтаныңыз. Олар сізді алдап, адастыруы мүмкін. Сізден жасы кішілер қауіпті.
Балықтар отбасы, дәстүр және туыстарының өмір салты туралы маңызды мәселені шешуге өте қызығушылық танытады. Қиындық келіссөздерде кездеседі. Жалпы қызығушылық танытатын адамдардың аясында келісімге, ортақ пікірге келу қиын болады. Көбіне басқалар сіздің сценарийіңізге сәйкес әрекет етпейді. Сіз жінігесіз, ашуланасыз, өзіңізді және жағдайды басқара алмайсыз. Және бұл іс-әрекетте және әсіресе сөздерде қателікке әкелуі мүмкін. Мұның бәрі сіздің ортаңызға үлкен өзгеріс әкеледі. Жанжал, сот ісі, көз жасы мен сөгіс болуы мүмкін. Жақын достың мінез-құлқына байланысты бұрыннан келе жатқан құпия ашылады. Осы кезеңде құпияның барлығы айқындала түседі. Сізге күтпеген нәрсені бастан кешіру керек болады. Жұмыста тосынсый болмайды. Барлығын болжауға болады.
Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).
Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: СИЫР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?
2021ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ