{metadescription}
Қазақстанда тұрғын үй бағасы қаншалықты қымбаттады

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қаншалықты қымбаттады

Елімізде тұрғын үй нарығындағы ұсыныстардың орташа бағасы бір жыл ішінде 17,2% өсіпті.  Қазақстанда тұрғын үй бағасының көтерілуінің себебі неде? Ең үлкен өзгеріс қай аймақта? Неге Алматыда тұрғын үй Нұр-Сұлтанға қарағанда едәуір қымбат? Оның себебі неде? Мембағдарламалар мен зейнетақы жинағынан ақша алынуына байланысты тұрғын үй қымбаттай ма?

Алдымен қорытынды шолу жасап көрейік.

Барлық аймақта едәуір серпін байқалады.Әсіресе Петропавл мен Павлодар көш бастап тұр: қарқыны айына 2,2% дейін. Бұл қалалардағы индекс 28,7 және 26,5% -ға өсті. Желтоқсанда бір шаршы метрдің құны 293 250 және 242 975 теңгені құрады.

Семей мен Өскемендегі баға: 1 шаршы метрі 230 725 және 271 750 теңге.

Шымкентте шаршы метрі 304 400 теңге.

Қарағандыда ағымдағы баға 281 100 теңге / шаршы. м.

Талдықорған мен Таразда 22 пайызға өскен.

Оралда, Қостанай мен Көкшетауда 18% өсім байқалады.

Нақты құны 1 шаршы м мына қалаларда:

Талдықорған - 253 325 теңге;

Тараз - 209 200;

Орал - 236 275;

Қостанай - 249 675;

Көкшетау - 252 900.

Басқа қалаларда бүкіл ел бойынша бағаның өсу қарқыны орташадан төмен:

Ақтөбеде шаршы метрі 173 950 теңге:

Қызылордада 152 025 теңгеге қымбаттаған.

Алматыда бір шаршы метрдің орташа құны бір жылда 11,9% өсті. Желтоқсан айында сатушылар шаршы метрін 457 850 теңгеге бағалады.

Атырауда өсім шаршы метрі 280850 теңге.

Нұр-Сұлтанда желтоқсанда бір шаршы метр орташа бағамен 351 700 теңгеге ұсынылды.

Ең тұрақты баға Ақтауда: бір шаршы метріне 201 150 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4% артық.

Желтоқсан айында Қазақстанда индекс 1,8% -ға өсті.

Баға рейтингісі, баспанасы қымбат қалалар:

Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Петропавл, Қарағанды.

Ең арзан пәтерлер:

Семей, Тараз, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда.

Қазақстанда тұрғын үй бағасының көтерілуінің себебі неде?

Сарапшыларының пікірінше. Бағаның өсуі бірқатар факторға байланысты, Ол. инфляциямен, 2016-2017 жылдардағы дағдарыстан кейінгі бағаның қалпына келуімен, ипотекалық бағдарламалардың басталуына байланысты сұраныстың артуымен, құрылыс салушылардың жаңа тұрғын үйге шығындарының өсуімен, басқа инвестициялық құралдың болмауымен және т.б.  Сонымен қатар, сатушылар бағаны әлі күнге дейін шартты түрде доллар бағамымен байланыстырады. Тұрғын үйге ақша жинап жатқан адамдардың көпшілігі жинағын доллармен сақтайды. Нарық құрылымы, қымбат және арзан объектілердің арақатынасы бір шаршы метрдің орташа құнына да әсер етеді.

Неліктен Алматыда тұрғын үй Нұр-Сұлтанға қарағанда едәуір қымбаттады?

Бұл ішінара нарық ерекшелігіне байланысты. Нұр-Сұлтанда бағаның өсуін пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйдің едәуір көлемімен шектейді. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, астанада соңғы бес жылда 10 мыңнан астам шаршы метр пайдалануға берілді. Ал Алматыда бұл көрсеткіш екі есе аз - 5 мың шаршы метр. Сондай-ақ құрылыстың құны, әсіресе жер сілкінісі қаупі бар аймақта нысан салуға қойылатын талаптарға байланысты ерекшеленеді. Алматыда құрылыс алаңдарының жетіспеушілігі де әсер етеді.

Мембағдарламалар мен зейнетақы жинағынан ақша алынуына байланысты тұрғын үй қымбаттай ма?

Оның әсері шектеулі болады. Себебі, қазақстандықтардың жинағы көп емес. 5 миллион теңгеден асатын шоттардың үлесі тек 2,23 пайыз.  Отбасының барлық мүшесімен біріккеннің өзінде, көптеген адам алғашқы жарнасына ақша үнемдеп жинай береді. Сонымен қатар ипотеканы да қамту қажет. Мысалы, «Баспана хит»  шартына сейкес, 20 миллион теңге тұратын пәтерге 4 миллион жарна және 15 жыл ішінде 179 000 теңгеден астам ай сайынғы төлем қажет. Сәйкесінше, жалақы 358 мың теңгеден (басқа қаржылық міндеттеме болмаған кезде) болуы керек. Сірә, зейнетақы қорынан ақша алу мүмкіндігі ұзақ уақыт бойы баспана сатып алуды жоспарлап жүрген және қомақты жинағы бар немесе бұрын ипотека алған адамдарды көздеген мақсатына жақындатады.

Материал "Крыша.кз" сайтынан аударылып алынды.

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.