{metadescription}
Тест: Қандай адам екеніңізді білгіңіз келе ме?

Тест: Қандай адам екеніңізді білгіңіз келе ме?

 Өзіңізді тұлға ретінде бағалай аласыз ба? Бойыңызда қандай жақсы қасиет басым? Қанша жыл өмір сүрсек те, кейде өзімізді жақсы білмейміз немесе өзіміз жайлы түсінігіміздің аясы тар. Сіз жайлы жұрт не деп ойлайды, сізді  сыртыңыздан қалай суреттейді? Ендеше қандай тұлға екеніңізді білгіңіз келсе, төменде көрсетілген тапсырманы орындап көріңіз.  

Психологиялық тест. Еркектер де, әйелдер де, тіпті балалар да көрнекі тестті ұнатады. Көрнекі тесттің ерекшелігі – адам санасының сан қыры мен интеллект деңгейін талдау. Суретке негізделген тест адамның қабілетін, түйсігін, жай-күйін, тіпті психологиялық сырқаты мен күйзеліс деңгейін де анықтап береді. Әлемге кең таралған Роршах жеке тестінен өтіп, өзіңіздің қандай адам екеніңізді байқап көріңіз.     

Көрнекі тесттен өту ережесі

Көрнекі тест түрлі сурет пен кескінге, түске, пішінге, әсер алуға негізделген. Тест тапсырмасын орындағанда суретке қарап, тек өзіңіз ғана сезінген, қабылдаған әсерге арқа сүйеңіз. Ең бастысы, екіұшты емес, нақты жауап беріңіз.    

Сурет арқылы жүргізілген тест жалпыға бірдей, нақты баға береді. Сондықтан психологияны терең білмеген адам бұндай тестілеуді көңіліне алмағаны жөн.

Енді мына суретке қараңыз. Нені көріп тұрсыз?

  1. Үлкен жарылыс

  2. Екі қол

  3. Үлкен тал

  4. Бұлыңғыр дақ

1. Үлкен жарылыс

Егер сіз жарылыс көрген болсаңыз, онда сіздің мақтан тұтарлық қабілетіңіз – ұшқыр қиял мен шығармашылыққа деген ізденіс. Сіздің творчестволық қиялыңыз ұшан-теңіз. Қиялсыз өмір сүре алмайсыз. Бұл сіздің бүкіл өміріңіз. Өз ойларыңызды үнемі көркем бейнелеуге, елестетуге және қиялыңызды жүзеге асыруға дағдыланғансыз. Өнер саласы - бұл тап сізге арналған өмір жолы. Сіздің бойыңызда өзіңіз білмейтін толып жатқан жасырын талант бар. Жаңа қызығушылық, ермек, дағды тапсаңыз, ол сізге өте қолайлы болар еді. Бұрын-соңды істеп көрмеген дүниемен айналысыңыз. Ол сізге жаңа белесті еңсеруге, жетістікке жетуге күш береді. Сіз қиялы кең адам болсаңыз да, оны дұрыс қолдана алмай жүрсіз. Сондықтан бұл «функцияны» дұрыс дамыту қажет. Сіздің шығармашылық күш-қуатыңыз арнасынан асып тұр, оны қалай қолданып, қалай жүзеге асыруды білмей жүрсіз. Сізге шығармашылық қызмет көмек бере алады: сурет, театр, музыка, қолөнер, би. Іске асырыңыз! Сөйтіп кейін күнделікті өміріңіздің қалай құлпырып өзгергеніне көз жеткізесіз.

2. Екі қол

Егер суреттен екі қолды көрсеңіз, сіздің басым қасиетіңіз – логика және аналитика. Өміріңізде белгілі бір қиял бар. Сіз бәрібір логикаға арқа сүйейтін адамсыз. Сіз әрқашан дедуктивті әдісті қолдана отырып логикамен ойлайсыз. Шындықты түбіне дейін қазып, ақиқатты өмірдің негізі деп санағанды ұнатасыз. Сізге барлық іс, оқиға мен үрдістер алдыңыздағы сөрелерде  ретімен тұруы тиіс. Бұл әрқашан тиянақты, жинақы болуға үйретеді, сонымен бірге өмірде әрдайым кәдеңізге жарайды. Сіздің талантыңыз ең қиын жағдайдан аман-есен шығуға көмектеседі. Сіздің ақылыңыз бен сауаттылығыңыз басқа адамдарды баурап алып, сізді олардың алдында тартымды етеді. Өзге адамдар басына күн туғанда тап сізден көмек сұрайды. Сіз кез келген тығырықтан шығудың керемет жолын тауып бере аласыз. Байсалды, қатал, көкірегі ояу, көзі ашық деп тап сіздей адамды айтады. Бұның бәрі тек сізге тән қасиет. Соның арқасында жұрт сізден көмек сұрайды. Ең бастысы, айналаңыздағы адамдар шынымен де сізден көмек сұрауға зәру және сізге имандай сенеді. Сіз қолыңыздан келгенше қол ұшын беруге дайынсыз.

3. Үлкен тал

Егер ұшар басы бар талды көрсеңіз, онда сіздің мықты жеріңіз – аңғарғыштық, байқампаздық пен сезімталдық. Ұсақ-түйекті қалт жібермей жіті байқайсыз. Сіздің жіті бақылағыштығыңыз ең жоғары деңгейде! Бұл күнделікті өмірге немесе тұрмыстық заттарға ғана қатысты емес. Сіз біреудің көңіл-күйі мен мінез-құлқындағы кез келген, тіпті болмашы өзгерісті бірден байқайсыз. Мұның бәрі  өзіңізді қанағаттандыратын сезімтал адам болғандықтан. Сіз бәрін жүрегіңізге жақын алуыңыз мүмкін, өйткені сізде эмпатия қатты дамыған. Сіз жанашыр болуды, қамқорлық танытуды шын пейіліңізбен істейсіз. Бұл жақсы қасиетіңізді дос-жаран, туған-туыстар жоғары бағалайды. Дегенмен жасаған жақсылықтарыңызды өз пайдаңызға да асыра біліңіз. Жаңа білім алып, бірдеңе үйреніп, дамуға деген ынтаңыз бар ма? Ендеше жан-жағыңыздағы көңіл-күйді сезу мүмкіндігі сізге молынан септігін тигізеді. Сұрақты оп-оңай қойып, оның жауабын лезде ала аласыз. Сонымен қатар ешкімнің алдында күдік туғызбайсыз. Сіз беделді адамсыз, сондықтан заңға қайшы әрекетке бармайсыз. Осындай өмірге деген саналы және егжей-тегжейлі көзқарас сіздің жетістікке жетуіңізге көмектеседі. Мысалы, жеке бизнес сізге жақсы жарасатын еді.

4. Бұлыңғыр дақ

Егер суреттен дақ көрсеңіз, онда сіздің күшті қасиетіңіз –  байыптылық пен еңбекқорлық. Бұлыңғыр дақ - бұл сізге дұрыстап демалу керек деген белгі. Демек сіз талмай жұмыс істейтін еңбекқор адамсыз. Бүгінде сіздің басты міндетіңіз - демалу, ұйқыны қандыру және өзіңізбен үйлесімділікке жету. Сіз негізі жігерлі адамсыз, бірақ қазір күш-қуатыңыз әлсіреген. Тым көп уақытыңызды қарқынды жұмысқа арнап, ол белсенділік енді сарқылуға дайын. Ал ол  денсаулығыңыз зиян және ойыңызды сан-саққа бөледі. Алда сізді талай белес пен жаңа жетістіктер күтіп тұрғанын естен шығармаңыз. Ал әзірше тап қазір демалыс алып, жайбарақат күйде рахаттанып тынығыңыз.

Оқи отырыңыз: ТЕСТ: ТАБИҒАТТЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕСІЗ

АМЕРИКАЛЫҚ ТАҢҒАЖАЙЫП ТЕСТ: СІЗ ҚАНДАЙ АДАМСЫЗ?

ТЕСТ: ҚАТТЫ КҮЙЗЕЛІСТЕ ЖҮРСІЗ БЕ?

ТЕСТ: СІЗДІ НЕ МАЗАЛАП ЖҮР?

ТЕСТ: ӨМІРДЕ ҚАНДАЙ ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАСЫМДЫҚ БЕРЕСІЗ?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде