{metadescription}
25 -  31 қаңтарға жұлдыз-жорамал

25 - 31 қаңтарға жұлдыз-жорамал

Астрологтардың 25 -  31 қаңтарға жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.   

25 -  31 қаңтарға арналған астрологиялық болжам. 

Тоқты ) басқалармен қарым-қатынаста түйсігіне сүйенеді. Еш өкінбестен, көп жағдайда сізге үлгі болған адаммен байланысты бірден үзе аласыз. Осы кезеңде кәсіби қызығушылығы бар жұмысқа байланысты таңдау дігі бар. Өз тәжірибеңіз бен артықшылықтарыңызды түсінетін боласыз. Қоғамдық іс-шараға қатысуыңыз мүмкін, сол себепті сізге кейбір тұрмыстық қолайсыздыққа төзуге тура келеді. Саяхат, тұрып жатқан орнын уақытша ауыстыруы мүмкін. Бауыр басып қалған дүниелер маңызды болады: бала, үй жануары деген секілді. Туыстарыңыздың арасында жағымды өзгеріс күтіледі. Қуанышты оқиға қиындықтарды ұмыттырып, материалдық жағдайға түрткі болады. Ұмыт болған сыйақы алып, қуанып немесе қарыз қайтарылуы мүмкін. 

Торпақ белгілі бір адамның жетістігіне қарап, мақсатқа жетуге бар күшін салады. Еліктеу, сіз идеалды деп санайтын біреудің мінез-құлқына қызығасыз. Өміріңізге бірегейлік пен қоғамдық әл-ауқат элементін енгізуге тырысасыз. Табыстың сыртқы көрінісі маңызды болады - бұл сіздің тыныштығыңыз бен ішкі бостандығыңыздың қайнар көзі болады. Бұрынғы  досыңызбен сапарға шығып, бейтаныс жерде демалуыңыз мүмкін. Жағымды таныстық күтіледі. Байланыс және ақпарат алмасу тұрақты болады. Көбісі күшті сезімге қабілетті. Эмоция көбінесе жасырын болады. Кейбір жоспарларыңыз бен ниетіңізді басқалардан жасыруға тура келеді. Қаржылық мүдде жеке қатынаспен тығыз байланысты. Нәресте жоспарлауға сәтті кезең.

Егіздер өзгелердің жеңісінің арасында табысым аз деп мұңаюы мүмкін. Сәттілік алыстап кеткендей күй кешесіз, бұл сіздің сенімділігіңізді және лидер ретінде әрекет ету қабілетіңізге әсер етуі мүмкін. Сізге ықпалды досыңыздың елеулі қолдауы, тағдырыңызға үнемі араласу  қажет болады. Жұмыста қиын күндер келе жатыр. Басқа адамның міндеті жүктелуі керек. Сіз үлкен жұмыс көлемін еңсере алатын болсаңыз да, материалдық сыйақы аз болады. Жалпы алғанда, осы кезеңде шығын үнемі кіріске байланысты болады, бұл жағымсыз көңіл-күй мен мазасыздық тудырады. Бірақ апта сіздің өміріңізге жағымды өзгеріс әкеледі. Бұл сыртқы түрімен, физикалық формасымен және жаңа білімді игерумен байланысты болмақ. Интеллектуалды негізде қызығушылық танытатын доспен жақындасасыз. Сонымен қатар байланысты шектеп, тек солардың ішінен сізге шығармашылық дамуға және қиын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретіндермен ғана араласасыз.

Шаян сүйікті адамдарының арасында жақсы жаңалыққа  қуанады. Отбасындағы жасы кіші адам айтарлықтай жетістікке жетеді.  Туысқанның жетістігі мақтануға себеп болады. Сонымен қатар, белгілі бір адамға сыйлық сатып алу арқылы қосымша шығын шығарасыз. Көпшілігі үйін немесе кеңсесін кішігірім жөндеу жұмысымен, тұрмыстық жиһазбен  және техникалық жабдықтаумен айналысады. Бұрынғы қызметкер, әріптес немесе көрші сіздің қасыңызда болады. Бұрынғы достарыңыздың арасындағы өзгеріс туралы хабар аласыз. Дегенмен ол жаңалық белгілі одақтаспен ынтымақтастықты бастауға негіз болады. Міндеттеріңіз өзгермейді, дегенмен бос уақытқа зәру боласыз. Алдыңғы жоспарлардың аясында саяхат жасауға болады. Серіктеске деген сезіміңіз біркелкі, тіпті сәл жалықтыратын болады.

Арыстан нақты адамдармен қаржыға қатысты өзара әрекеттесу мәселесімен айналысады. Көбінесе өзін жәбір көргендей сезініп, бастама көтеруге шамасы болмайды. Әдеттегіден жиі бірнәрсеге елеңдеп, күтіп, беймәлім күйде болады. Бұл жақын адамдармен қарым-қатынастың күрделенуіне себеп болуы мүмкін. Сүйікті адамнан алыстап, мазасыз күй кешеді. Тыныштық пен салыстырмалы тепе-теңдікті сақтау жұмыста, іскери қызметте мүмкін. Мұнда сіз қарым-қатынасты да, тәуелділікті түсінесіз, бірақ ол сондай қиын нәрсе емес. тәжірибеңіз бен нақты маман болу қабілетіңіз мақсаттарыңыз бен міндетке деген сенімнің нығаюына көмектеседі. Ақша күтілуде. Үлкен зат сатып аласыз. Сіздің көптеген іс-әрекеттеріңіз сезімнің әсерінен болады, бірақ даулы емес. Сіз ғашық боласыз, бірақ өзара қатынасты көрмейсіз.

Бикеш уақыт өте келе созылмалы істер мен сұрақтардың аяқталғанын қуана қабылдайсыз. Жақындарыңыздың сәттілігіне байланысты қуаныштың белгілі бір себебі болады. Көпшілікке демалыс, саяхат, қоршаған ортаның өзгеруі идеясына негізделген кейбір өзгеріс уақыты келеді. Сіздің күнделікті жұмысыңыз айқынырақ болып, ретке келтіріледі. Жоспарламаған ақшаңызды ысырап етуіңіз мүмкін. Бірақ қалыптасқан жағдай сізден үнемі материалдық белсенділікті, қоршаған ортадағы мәселелерге қатысуды талап етеді. Сіз көзе көп түсесіз. Назарға ілігесіз. Сіздің табиғи тартымдылығыңыз бірінші орынға шығады. Қарсы жыныстағы адамдар қызығушылық танытады. Жаңа таныстыққа деген сезім де пайда болады. Алайда мұның бәрі қысқа мерзімді болады. Суда және оның айналасында сақ болыңыз.

Таразы үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге машықтануы керек. Соңғы айда барынша күш жұмсау арқылы жасалған барлық нәрсе өзіңізге деген сенімнің жоқтығынан және ықпалды достарыңыздан қажетті қолдауының болмауынан құлдырап кетуі мүмкін. Өз жоспарларыңыз бен мақсатыңызды қайта қарау сәттілікке әкелмеуі мүмкін. Осы кезеңде өз беделіңізге күмән келтірмеңіз, идеялардан бас тартпаңыз. Қиындықты жеңу процесі ұзақ және қиын болады, бірақ сіз одан құтыла алмайсыз. Жұмыстағы қақтығыс, белсенді әріптестер талап қоюы мүмкін. Айыппұлдар, қарыз бойынша талап және бопсалауға негізделген материалдық шағым түсуі мүмкін. Отбасы мен туыстардың маңызы өте зор. Балалармен қарым-қатынасты нығайту қуануға себеп болады. Жоспарланған сапар мен оңаша демалыс сәтті болады. Сүйіспеншілікке бөленесіз және сезімнің керемет   күйіне бөленесіз, бұл көптеген қиындықтан құтқарады.

Сарышаян серіктестен күтпеген ақпарат алады. Өсек, сөз, жеке әңгіме бір уақытта айқын әрі терең болады. Ол қызығушылықтың саралануына және сенімсіздікке себеп болады. Материалдық жанжал сіздің бастамаңызбен болуы мүмкін. Бойдақтар үйлі-барандыларға қарағанда тиімдірек болады. Алдыңғы жоспарлармен байланысты жаңа жоба сәтті болады. Өзіңіздің керемет тәжірибеңізді іс жүзінде қолдану мүмкіндігі сенім мен шабыт сыйлайды. Өз жұмысыңызда әріптестерге, одақтастарға қатысты артықшылығыңызды сезінесіз. Ал материалдық аспект күрделене бермейді. Ақшаны күтпеген жерден алуыңыз мүмкін. Тамыр-таныс арқылы ынтымақтастық туралы ұсыныс түсуі мүмкін. Алайда бұл кезең аға ұрпаққа қиын болады. Қазіргі уақытта алдау мен екіжүзділік - жақын адамдар арасындағы қарым-қатынастың үйреншікті дүниесі болуы мүмкін. Егер махаббат сіздің визиттік карточкаңыз болмаса, онда бос орынды сәтсіздікке толы ...

Мерген шеберлік пен шығармашылық мәселесінде жоғары болмақ. Алда көптеген белсенді істер күтіп тұр. Көбісі  алыс қашықтыққа серуендеуге қатысады. Тауға көтерілуге, табиғат аясында, тарихи жерге саяхаттауға болады. Осы кезеңде жаңа таныстық, жаңа іскерлік байланыс пен кәсіподақ үлкен маңызға ие болады. Кәсібі қашықтыққа байланысты адамдарға алда сапар күтіп тұр. Сонымен бірге сіз жұмыспен қамтудың қосымша түрінде материалдық базаны нығайту мүмкіндігін іздейсіз. Жасы үлкен туысының жаңалығына ренжуі мүмкін. Осы күндері делдалдық рөл атқаруыңыз мүмкін. Күтпеген жерден достармен дастарханда отырасыз. Маңызды құқықтық құжатты тіркеу және ұсыну мәселесін мұқият қарау қажет.

Тауешкі байсалды және салмақты адамның әсерін береді. Бұған көп жағдайда жақын ортадағы жағдай ықпал етеді. Туысыңыздың сізге деген ызақорлығы азаяды. Жылжымайтын мүлік мәселесі шешілуге ​​тиіс. Қысқа мерзімді сипаттағы бірлескен іс-шара туралы іскери серіктеспен сәтті келісім жасалуы мүмкін. Осы кезеңде сіз көбінесе уәдемен және отбасынан біреуді қолдау қажеттілігімен байланысты қысқа сапар жасайсыз. Тәуелсіздікке, тәуелсіздікке ұмтыласыз. Қаржылық жағдай болжамды және көңілге қонымды. Жеке өмірде қарым-қатынасты, ұсақ-түйек дүниені егжей-тегжей сипаттау өте маңызды болады. Сіздің күдігіңіз ауыр, ол өзіңізге қиын болады. Қоршаған ортаның өзгеруі және толыққанды классикалық демалыс сізді қызғаныштан, бақыт туралы бұрмаланған түсініктен құтқарады.

Суқұйғыш шұғыл сапарға, тіршілік ету ортасын өзгертуге, қысқа мерзімге арналған ұсыныс қарастырады. Бұл бір уақытта еліктіретін де, ауырлататын да болады. Осы күндері ештеңені өзгерткіңіз келмейді. Сіз өзіңіздің жетістігіңізді тұрақтылық пен жүйелілік тұрғысынан қабылдайсыз. Егер сіз не болып жатқанын басқара білсеңіз, онда сіз қателік жібермейсіз. Бұл сізге ең маңызды ереже. Көбісі өзіне немесе басқа біреуге тән емес жұмыспен айналысуға мәжбүр болады. Бірақ осы кезеңде қаржылық жағдай біршама жақсарады, бұл қуанышқа себеп болады. Сонымен бірге сіз ұмтылған материалдық перспектива пайда болады. Сізге сүйікті адамның қолдауы, оның сезіміне деген сенімділігі қажет. Сіздің серіктеске жеке әсеріңізді түсіну, әсіресе дұрыс сезіну және өзіңізге сенуге өте маңызды болады.

Балықтар айналасының өзгеруіне дайын болады. Ең сәтті жағдай бәрін алдын ала жоспарлаған адамдарда болады. Көбісіне таңдау сәті жұмыста да, жеке өмірде де келеді. Келіссөз, іскери кездесу болуы мүмкін. Жаңа серіктестер барлық жағдайды басқаруға және бақылауға ұмтылып, белсенді болады. Материалдық пайдасы айқын болғанымен, сіз бірлескен жоспарды жүзеге асыруға асықпайсыз. Апта күнделікті өзгерістерге, әдеттегі өмір салтындағы және жақын адамдармен қарым-қатынастардағы күйбің тірлікке толы болмақ. Жұмыстың негізгі бағытына байланысты қосымша жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ойланасыз. Өз табыстарыңызды әрдайым жеке табыс туралы жарнама жасамай-ақ, серіктестеріңізбен қаржыны нақты бөлумен байланыстырасыз. Бұл серіктеспен, отбасында қарым-қатынаста көрінеді. способны удвоить свои силы для достижения целей, глядя на успехи конкретного человека. Не исключено подражание, копирование линии поведения, которое вы считаете идеальным. Вы будете стремиться привнести в собственную жизнь элемент неповторимости и публичного благополучия. Важны будут внешние атрибуты успешности – это станет источником вашего спокойствия и внутренней свободы. Могут иметь место поездки в компании давнего друга, отдых в незнакомых условиях. Ожидаются приятные знакомства. Общение и обмен информацией будут носить постоянный характер. Многие представители знака способны на сильные чувства. Всплеск эмоций будет часто скрытым. Придется утаивать часть своих планов и намерений от окружающих. Финансовые интересы будут тесно увязаны с личными отношениями. Не исключено удачное зачатие.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: СИЫР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

2021ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ

ДДСҰ: ВАКЦИНА ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

ДАУ-ДАМАЙСЫЗ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.