22 – 28 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал
Астрологтардың 22 – 28 ақпанға жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
Автор: Александр Ремпель
22 – 28 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал.
Тоқты жетістіктеріне мәз-мәйрам болады. Оған достары мен туыстарының сөзі дәлел. Тартымды сыйлық алуы мүмкін. Жоғалтып алған бұрынғы досымен қарым-қатынасы жақсарады. Жалпы осы аптада өзіңізге қызықты, ұнатататын адамдармен араласып, үзілген байланысты жалғайсыз. Шығын көп болса да, ақшаны табасыз. Сізге түскен ақпарат таңқалдырады. Бұрын сізге құпия болған нәрсенің беті ашылады. Оған бұрынғы досыңыздың бастамасы себеп болады. Телефонмен сөйлесу маңызды болады. Пікірлес адамдармен араласқан да мәнге ие болмақ. Ол өзіңізді тартымды және қажет адам екеніңізді сездіреді.
Торпақ кәсіби салада әр ұсақ-түйек нәрсеге ерекше мән беретін болады. Қысқа мерзімді серіктестік туралы ұсыныс түсуі мүмкін. Ол сенімді адамнан немесе шетелден болады. Ақша жағына ерекше назар аударыңыз. Өйткені біреуге материалдық көмек көрсетуге мәжбүр боласыз. Техникалық құралды қалпына келтіру үшін сапарға шығуыңыз мүмкін. Денсаулықты қалпына келтіру үшін де жолға шығасыз. Жеке өмір сіздің сезіміңізді тексеруге арналады. Өйткені ол қарама-қайшылыққа толы болмақ.
Егіздер ұсақ-түйекке бола күшін кетірмейді. Өзгенің мәселесі және сізге арналған шағымдарды сіз білдірмей айналып өтесіз. Ол –дау-жанжалдан қорғап қалады. Ол қолыңыздан келіп тұр. Дегенмен сіздің мақсатыңыз нақты белгіленген. Жеке мүддеңізге бола құрылған жоспарыңызды жүзеге асыруға сенімді түрде бел буасыз. Сіз елдің көңіл күйін пайдаланып, ниетін, пиғылын өз пайдаңызға асырасыз. Өзіңізге баулып, баурап аласыз. Тартымды боласыз елге. Сізбен адамдар араласқысы келеді, кез келген тақырыпта әңгіме-дүкен құрғысы келеді. Өйткені сізден кез келген сұрақтың жауабын алуға болады. Белгілі адамдар арасында танымал болып, беделіңіз өседі. Бірнеше жерден ақша түседі. Шығыны көп апта болса да, сіз көп ақша жұмсамайсыз. Жеке өмірде сақ болыңыз, қарым-қатынаста шиеленіс тууы мүмкін, құпия көп-ақ. Тағы бір адам бар…
Шаян жанталасып жүрсе де, еш нәрсені назарынан қалт жібермеуге тырысады. Сізден ешкім жаңалық ала алмайды, бірақ сіз бәрінен артық хабардар боласыз. Қуантатын бірқатар нәрселер бар. Өз жеңісіңізді түсінесіз, бірақ оны ешкімге жарияламайсыз. Ең бастысы, сіздің ішкі көңіл-күйіңіз. Бастаған істі аяқтауға талпынасыз. Материалдық жағдайыңызды бекітуге тырысасыз. Бәсекелестікке жіне қиын жағдайға қарамастан, жақсы ақша табасыз. Бұрынғы бір танысыңыз сізден қолдау күтеді. Ол сізден көмек, пана болуды сұрайды. Көбісі өзін еркін сезінеді, мезі қылған туысынан, көршісінен, әріптесінен құтылады. Жеке өмірде сүйген адамымен жақындасады. Жарқын сезім күтілуде. Бақытқа бөленеді.
Арыстан күдік тудырған адамдарға сенім артуға асықпайды. Елге кешірім бермейтін нәрсені өзіңіз істеуге кірісесіз. Сонымен қатар өз арағызда айтылатын қағидаларды басыңыздан өткізесіз. Сіздің іс-әрекетіңізді, жетістігіңізді, біліміңізді ерекше атап өту сізге өте маңызды болады. Сіз өзгелерге құпия, жұмбақ, тартымды болып көреніз. Сыртқы келбетіңізді өзгертесіз. Киіміңізді де. Сөйтіп көзге түсесіз. Сізді байқамау мүмкін емес. Тек қаржы мәселесі аздап мазалайды. Бұрынғы танысыңыз ақша қайтаруы мүмкін. Тек қолдағы ақшаны дұрыс пайдалана біліңіз. Жоғалтып алмаңыз. Жеке өмірде күтпеген нәрсе болады, тіпті ол сізді таң қалдырады. Сонымен қатар жаңашылдыққа талпынасыз, ескіден жалығасыз, үйреншікті дүниеден алға жылжығыңыз келеді.
Бикеш соңғы уақытта өміріңізді тым қиындатқан адамның көңілін таба алмайды. Мұнда мүдделер қақтығысы, жасырын қарсыласу бар. Күнделікті өміріңіздің тұрақты тәртібімен, жетістіктеріңізге қатысты үнемі жақсы болмауымен келісуіңіз керек. Өзгелер сіздің әрекеттеріңізді байқамауға тырысады. Сіздің күш-жігеріңіз бағаланбайды. Сонымен бірге өз қолдауыңызды табанды түрде ұсынасыз, басқа адамдардың ісіне араласасыз және әрқашан өзіңізді лайықты ұстайсыз. Көбісіне қосымша ақша күтілуде. Үлкен затты немесе техникалық құрылғыны сату сәтті болуы мүмкін. Қарсы жыныстың туысынан маңызды жаңалық келеді. Жеке өміріңізде екіұштылықты сезінесіз. Кейде бұл қарым-қатынасты тоқтату - жақсы өмір сүрудің ең жақсы тәсілі сияқты көрінеді. Бірақ сіз күйзеліске түспеу үшін оны сол күйінде қалдырасыз.
Таразы өзіне көптеген жаңалық, көптеген күтпеген нәрсені ашады. Ақпараттың көп болғаны соншалық, оны әрең қабылдайсыз. Бұрынғы серіктеріңіз бен достарыңыз туралы ашылатын идея ынталандыруы мүмкін. Азғыру күші керемет болады. Әсіресе кек. Құпия айқындала түседі. Сіз бұған күн сайын өзіңізге кішігірім жаңалық жасай отырып көз жеткізесіз. Құпия адаммен келіссөз болуы мүмкін. Ол маңыздылығы жоғары ауызша келісімү Ақша қатынасын бақылау қажеттілігіне назар аударатын боласыз. Жеке өміріңіз сізден уақыт пен ақша талап етеді. Сезімдеріңізді жасырудың қажеті жоқ. Сіз бұрынғыдай шыншыл және шыншылсыз. Көбісінде шағын жөндеу жұмысы болуы мүмкін, үйге үлкен зат сатып алуыңыз да мүмкін.
Сарышаян іскери серіктестерге, достарға мұқият болады. Әрдайым басқалар ұмытып кететін нәрсені есте сақтай аласыз. Басқалардың көңіл-күйін оңай басқара отырып, барлық жағдайды бақылауда ұстайсыз. Сонымен бірге сіз үшін отбасында достық қатынасты сақтау маңызды болады. Бойдақтарға бұл кезең үйленгендерге қарағанда сәтті болады. Сіздің ортаңыздағы жаңа адаммен жалпы қызығушылық негізінде сүйіспеншілік, жарқын эмоция және қызықты қарым-қатынас күтіледі. Пікірлес адамдардың қатысуы, мүдделі тараптың қолдауы мен түсінуі өте маңызды болмақ. Кәсіби ортада прогресті сезінесіз. Ақша ерекше рөл атқарады. Осы кезеңдегі барлық нәрсе ақшамен өлшенетін болады. Жеке өмірдегі қатынастарты да қоса алғанда. Отбасы барлар көңілсіздікке, алдауға тап болады. Қарым-қатынас көз алдыңызда құлдырайды.
Мерген жақын адамнан шағым көп болады. Алдыңғы берілген уәделер шеңберінде әрекет етіп, туыстардың өтінішін орындау керек. Рұқсат, кепілдік, келісім алуға байланысты кешенді келіссөздер жүргізілуі мүмкін. Осы кезеңде сізге жоғары деңгейдегі серіктестің кәсіби қолдауы қажет болмақ. Қаржылық табысыңыз пікірлес адамдармен одақтастықта болады. Өмірдің тұрмыстық жағы назар аударуды және үнемі бақылауды қажет етеді. Кішкентай жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуға тура келеді. Сіз заттарды ретке келтіріп, қоршаған ортадағы бір нәрсені өзгертесіз. Мүмкін сізге достардың шақыруынан бас тартуға тура келеді. Бойдақтар уақыттың әсерін, оқшауланудың жоғары дәрежесін үнемі сезінеді. Отбасылыларға бұл апта өте қолайлы және тіпті қандай-да бір жағдайда ыңғайлы болады. Серіктесіңіздің қамқорлығын және сүйіспеншілігін сезінесіз.
Тауешкі әлеуетті бәсекелестердің әрекетіне үлкен мән беріледі. Сіздің осалдығыңыз мазаңызды алып, басқалардың бағалауымен ішкі келіспеушілікке әкелуі мүмкін. Сіз жанжал жағдайында жиі боласыз, өзіңізге жайлы аймақ таба алмайсыз. Наразылық сіз күткен нәтиженің жетіспеушілігімен бірге жүреді. Көбісі қаржылық қиындықты сезінеді. Сізге сенімді адамның көмегі қажет болады. Кез келген тәуелділікке шыдамсыз болады, дегенмен сіз өз наразылығыңызды жасыруға тырысасыз. Кәсіби жетістіктеріңізді, әлеуметтік деңгейіңізді жүзеге асырудың қиын кезеңі. Сонымен қатар өзіңіздің сезіміңізді түсінетін, жүрегіңізді ашуға болатын адаммен шын жүрегімен жақсы көретін адамдармен сөйлесу арқылы наразы күйіңізді азайтасыз. Кішкентай отбасы мүшелері мен үй жануарлары қуантады. Бүгінгі күннің құндылығы тұрақтылықта, маңыздысы, сізге қымбат адамдардан сізге деген қатынасының өзгермейтіндігінде болады.
Суқұйғыш өз мүддесін таңдамауға тырысады, басқаларға өз идеясымен ауыртпалық түсірмейді. Жоспарларыңызды жүзеге асыра отырып, мақсатыңызға жетесіз. Өзіңізге сенуге мүмкіндік берудің осы батыл және қиын процестерінен асқан қызықты міндет болмайды. Осы кезеңде сіз аз сөйлей бастайсыз. Көбірек тыңдау, бірақ аз сөйлесу - біраз уақыттан бері осылай істейтін боласыз. Еңбек жағдайында өзгерістер күтіледі. Кіріс бірнеше көзден алынады деп күтілуде. Алайда ол сізге жақсы таныс. Осы кезеңде өзіңізді әлдеқашан тауысып үлгерген қандай-да бір қарым-қатынас таңдауына тап боласыз. Сіздің бастамаңыз бойынша толық үзіліс болуы мүмкін. Бірақ бұл сіздің жеке өміріңізге еш әсер етпейді. Мұнда бәрі өзгеріссіз қалады.
Балықтар көптен бері ұнамай жүрген қатынасты сақтауға ниет білдірмейсіз. Сіз жанжалдасуға бармайсыз. Жағдайдың өзі бәрін өз орнына қоюға қабілетті. Сізге сенімді дос жақсы қолдау көрсетеді. Әрқашан пайдалы кеңес пен қажет көмекке сенесіз. Жеке тәжірибе мен өткен кәсіби жетістікке негізделген қосымша серіктестік қатынас іздейтін боласыз. Сенімділігіңіз артады. Әріптестеріңізден лайықты құрмет сезінесіз. Жеке басыңыздың тартымдылығы артады, жеке тұлғаның танымал одақтастар шеңберіндегі кәсіби рөлі артады. Қаржылық түсім мен шығыстардың маңызы зор болмақ. Мұрагерлік немесе мүлікті бөлу туралы мәселені өтініш берушілердің бірімен шешесіз. Бәрі ойдағыдай өтеді.
Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).
Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: СИЫР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?
2021ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ