Біржолғы зейнетақы төлемі: Медициналық қызмет тізімі
Біржолғы зейнетақы жинағының есебінен алған ақшаны қандай медициналық қызметке төлеуге болады? Медқызмет алу үшін не істеу керек? Жақын туыстардың зейнетақы жинағын емдеуге жұмсауға бола ма? Еліміздің қандай клиникаларында ем алуға болады? Біржолғы зейнетақы төлеміне ЭКО жасатуға бола ма?
Автор: Заира Сабитова
Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесіне келесілер енгізілді:
- дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық (сирек кездесетін) сырқаттарды емдеу. Емдеу тактикасын анықтауға диагностикалық зерттеу;
- ҚР аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызмет (тісті протездеу, имплантация);
- отадан кейін тыртық пен туа біткен ақаулар. Мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру оталары (пластикалық);
- радионуклидтік және радиойодтерапия;
- радиохирургиялық емдеу (гамма-пышақ, кибер пышақ);
- протон терапиясы;
- офтальмологиялық қызметтер.
Медициналық қызметтердің осы тізбесі халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.
Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш беруші БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемінің қолжетімді сомасы туралы ақпаратты, оның ішінде БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы өзі алуы қажет.
Содан кейін жоғарыда көрсетілген тізбеге сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және бейінді маманның қорытындысын қоса бере отырып, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы қорытындыны алу үшін тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясына жүгінеді.
Дәрігерлік-консультативтік комиссия шешімді азамат өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды.
Қорытындыны алғаннан кейін өтініш беруші шетелдік ұйымды (стоматологиялық қызметтерді қоспағанда) қоса алғанда, медициналық ұйымды таңдауы тиіс.
Онымен шарттың сканерленген нұсқасын әрі қарай тіркеп, уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы (Отбасы банк) өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссия жасасумен медициналық қызмет көрсету туралы шарт жасасады.
Уәкілетті оператор (Отбасы банк) алушы ұсынған құжаттар біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатына сәйкес келген кезде алушыдан құжаттарды алған күннен бастап, 5 бес жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.
Еліміздің қандай клиникаларында ем алуға болады?
Қазақстандағы кез келген клиникада және стамотологиялық қызметтерді қоспағанда, шет елдерде барлық қызметті ала алады.
Бірақ келісімшарт жасалатын медициналық ұйымда аталған медициналық қызмет түрін көрсетуге арналған лицензия болуы тиіс.
Жақын туыстардың зейнетақы жинағын емделуге жұмсауға бола ма?
Жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін емдеуге пайдалануға болады. Мұндай жағдайларда тараптар жеке кабинетте туыстық қатынасты растайтын құжаттарды қоса көрсетіп, олардың ЭЦҚ-мен куәландырылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады.
Біржолғы зейнетақы төлеміне ЭКО жасатуға бола ма?
Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне ЭКО жасатуға болмайды.
Бастапқыда тізімде болған кейбір ауру түрлері соңғы сәтте алынып тасталды. Қазір оның бүкіл тетігі пысықталып жатыр.
Биыл «Аңсаған сәби» мембағдарламасы іске қосылды. Осыған орай жыл сайын Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 1 мың квтота бөлу жоспарланған.
Биыл квота саны 7 есеге артып, 7 мыңға жетті. Сондықтан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бұл қызметтер критерийлерге сәйкес мұқтаж отбасыларға көрсетіледі. Егер шынымен де мұндай қажеттілік болса, онда бұл мәселені аталған тізімге қосу қарастырылады.
2021 жылы 25 ақпанда зейнетақы төлемін емделуге пайдалануға арналған портал іске қосылды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы емделуге берілетін біржолғы төлемдерді пайдалану туралы бұйрықты 2021 жылғы 15 ақпанда мерзімінен бұрын бекітіп, ҚР Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 ақпанда тіркелді.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану ҚР азаматтарына кепілдендірілген тегін медициналық көмек және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қарастырылмаған медициналық қызметтерді қосымша алуға мүмкіндік береді.