{metadescription}
Ең жоғары зейнетақы және зейнетақы аннуитетіне қатысты өзгерістер

Ең жоғары зейнетақы және зейнетақы аннуитетіне қатысты өзгерістер

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы қанша? Зейнетақы аннуитетіне қатысты заңнамаға қандай өзгеріс енгізілді? Зейнетақы аннуитетінің құны қанша? Қанша адам шарт бекітті? Шартының қандай артықшылығы бар? Бірлескен аннуитеттер деген не? Зейнетақы аннуитеті мен зейнетақы төлемдерінің айырмашылығы неде? Еркек пен әйелдің қанша жасында төленеді?

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы қанша?

Қазақстанда ай сайын төленіп отырған ең жоғары зейнетақы 522 610 теңге.

2021 жылдың 1 ақпанына БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Тұтас жалпы сомасы 73,8 миллиард теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.

Оның ішінде:

- біржолғы зейнетақы төлемі – 49,6 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударым – 9,1 млрд теңге;

- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлем – 6,5 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлем – 5,9 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлем – 2,1 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлем – 0,4 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлем – 0,2 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 25 886 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңге.

Зейнетақы аннуитетіне қатысты заңнамаға қандай өзгеріс енгізілді?

 2021 жылдың 2 қаңтарында «Экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы» заң арқылы зейнетақы аннуитеті сияқты сақтандыру өнімімен қамтамасыз ету ережелеріне маңызды түзетулер енгізілді.

  1. Бұрын зейнетақы аннуитеті бойынша ең төменгі төлем мөлшері минималды зейнетақыдан төмен болмауы керек еді. Ал қазір төлем мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% пайызынан кем болмауы керек. Бұл шара арқылы аннуитеттің құнын шамамен 40% пайызға төмендеген.
  2. Төлемдері кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті енгізілді. Бұл сақтандыру өнімі бойынша азаматтар 45 жастан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасай алады, ал төлемдерді ер адам 55 жастан бастап, әйелдер – 52 жастан бастап ала бастайды.

Биылдан бастап зейнетақы аннуитетінің құны төмендеді

2020 жылы 55 жасқа толған ер адамдарға зейнетақы аннуитеті шартын жасауға  жеткілікті сома шамамен 11 миллион теңге болса, биылдан бастап бұл 6,7 миллион.

 52 жастағы әйелдерге жеткілікті сома шамамен 15 млн теңгеден 9,0 млн теңгеге төмендеген.

Төлемдері 55 жастан басталатын кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін 45 жастан алу үшін ер адамда кемінде – 6,1 миллион теңге, ал әйелде – 7,7 миллион болуы керек.

Зейнетақы аннуитеті зейнетақы қорының салымшысына жас және еңбекке қабілетті кезінде зейнетақы төлемдерінің баламалы көзін құруға және зейнетке шыққанда өзін тұрақты төлемдермен қамту,а жағдай жасайды.

Өмірді сақтандыру компаниясы зейнетақы аннуитеті төлемдерін сақтанушыға өмір бойы ай сайын төлейді және жыл сайын төлемдерді 5% пайыздан кем емес көрсеткішке көтеріп отырады.

Зейнетақы аннуитетімен төлем ер адам 55 жасқа, әйел – 52 жасқа толғанда төленеді.

Қанша адам зейнетақы аннуитетімен шарт бекітті?

Қазір өмірді сақтандыру бойынша нарықта 9 компания бар, олардың қызметі лицензия негізінде жүргізіледі және мемлекет бақылауында.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры есебінен зейнетақы аннуитеті төлемдеріне кепілдік беріледі, бұл өмірді сақтандыру компаниясы банкрот болған жағдайда зейнетақы аннуитетімен үзіліссіз төлемді және сақтанушылар алдындағы міндеттемені үздіксіз орындауды қамтиды.

Қазіргі 61 мыңға жуық адам өмірді сақтандыру компаниясымен жалпы сомасы 283 млрд теңгеге зейнетақы аннуитеті шарттарын жасап, өзін зейнеттегі өмірлік төлеммен қамтыған.

Зейнетақы аннуитеті шартының қандай артықшылығы бар?

БЖЗҚ салымшылары зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) ем ақысын төлеу немесе зейнетақы активтерін инвестициялық портфель басқарушысына сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен өз зейнетақы жинақтарын ҚР заңнамасына сәйкес жұмсай алады.

Биыл зйнетақы аннуитеті өнімдерінің желісін кеңейту үшін зейнетақы аннуитеті шартына бір адамның емес, ерлі-зайыптылардың (жақын туыстардың) қатысуына мүмкіндік беретін бірлескен аннуитет енгізу жоспарланып отыр.

Бірлескен аннуитеттер деген не?

Бірлескен аннуитет ерлі-зайыптылардың (жақын туыстардың) зейнетақы жинағын біріктіруге және аннуитет шартымен кірістерді қайта бөлуге болады.

Бір адамда ӨСК (өмірді сақтандыру компаниясы) аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал оның жұбайында артығымен болса, бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы екеуіне де өмір бойы төлем қамтылады.

Зейнетақы аннуитеті мен зейнетақы төлемдерінің негізгі айырмашылығы

Азаматтар зейнетақы жасына жеткенде зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-нан алуға құқылы немесе зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда, өмірді сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитетін сатып алу арқылы төлем алады.  

БЖЗҚ-нан төлем зейнетақы жинақтары біткенше жүзеге асырылады, ал өмірді сақтандыру компаниясынан төлемдер алдын ала нақты белгіленген мөлшермен өмір бойы жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру компаниясы зейнетақы аннуитеті төлемін сақтанушыға өмір бойы ай сайын төлейді және жыл сайын төлемдерді 5% пайыздан кем емес көрсеткішке көтеріп отырады.

Зейнетақы аннуитеті шартында кепілдендірілген төлем мерзімін орнатуға болады, бұл опция сақтанушы қайтыс болған жағдайда зейнетақы аннуитеті төлемдерін мұрагерлерге беру мүмкіндігін қамтиды. 

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде