{metadescription}
22 – 28 наурызға арналған жұлдыз-жорамал – 2021 жыл

22 – 28 наурызға арналған жұлдыз-жорамал – 2021 жыл

Астрологтардың 22 - 28 наурызға жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

22 - 28 наурызға арналған астрологиялық болжам. 

Тоқты бір нәрсені күтетін болады. Белгілі бір іс-шаралар қатты қызықтырады. Көп нәрсе басқа адамдардың шешіміне байланысты болады, сондықтан төзім танытуға тура келеді. Көбісі өзін шығармашылық тұрғыда танытуына жол ашылады, өзінің кәсіби шеберлігін дәлелдеуге тырысады, яғни ең алдымен, өзінің кәсіби құзыреттілігін дәлелдеуге мүмкіндік ашылады. Ниеттеріңізді құпия сақтайсыз, оны тек жақын досыңызбен бөлісесіз. Меншік мәселесі басқа ықтимал мүдделерден басым болады. Осы аптада бір реттік сипатта бірқатар оқиға күтіледі, бірақ ол белгілі бір ұзақ мерзімді процеске байланысты. Жұлдыздар шығын шығармауға, қаржыны бақылауға кеңес береді. Жеке өміріңізде серіктесіңізге деген сеніміңіз шексіз болады.

 

Торпақ жақын адамдар арасында болатын өзгерістерге бейімделеді. Қуаныштың да, мазасыздықтың да себебі болады. Өмір салтыңызда да, жақын арадағы жоспарыңызда да көп нәрсе өзгереді. Туыс саны өзгереді. Апта сізге алдыңғы күш-жігеріңіздің жемісін береді, мүмкіндіктеріңізді бағалауға және асыл тәжірибеңізді жаңартуға мүмкіндік береді. Жас, сандық белгілер, құжаттағы жазбалар үлкен маңызға ие болады. Мерекеге қатысасыз, бұл туыстармен кейінгі кездесулерге шығын иен жетістіктерді теңестіреді. Сәттілік кезеңінің сізге бет бұрғанын сезінесіз, Құжат рәсімдеу, жаңарту, көшу секілді  күрделі мәселені шешуге болады. Қалай болғанда да, болашаққа деген сенім пайда болады. Кәсіби өсуге жақсы апта. Таңдау құқығы болады. Жауапты шешім қабылдау керек болады. Сіздің жынысыңыздың жасы үлкен туыспен қарым-қатынас күшейтіледі. Отбасында жылы қатынас  береке,  өзара түсіністік орнайды. Алдыңғы жоспар аясында қысқа сапар болады. Көбісі  үмітін жаңартуға талпынады. Әрқайсысы - өзінше. Кейбіреуге бұл киім-кешегін жаңарту болса, тағы біреуі өмір салтын күрт өзгертудің басында трады. Сезім шешуші рөл атқарады. Қомақты ақша түседі. Кейбіреулер несие алып, қаржы тарихын бастайды. 

 

Егіздер қарым-қатынастарды бұзуға мүдделі емес. Бірақ біртіндеп әдеттегі өмір салтынан алшақтай бастайды. Кез келген байланысты,  үзілген байланыстарды қалпына келтіре отырып, оны өз пайдасына шешеді. Осы кезеңде аяғыңызды байлап-матап алға жылжытпай, кедергі келтірген қиындықтарды толығымен жеңесіз. Сіз қазір еркінсіз, тәуелсізсіз және өзіңізді қабылдауға дайынсыз. Кәсіби аспект белсенді, кейде тіпті шамадан тыс көп, Бірақ сіз белгілі бір жобаларды аяқтап, айтарлықтай материалдық игіліктерге ие бола аласыз. Осы аптада қызықты танысу,  жанашыр адаммен жақындасу күтіледі. Жеке өмір құпияға көміліп қалуы мүмкін, бірақ шешілмегендік, ашылмаған нәрсе көп, оған батылыңыз жетпеуі де мүмкін. Осы кезеңде су немесе әуе көлігімен саяхат жасауыңыз мүмкін. Аыста тұрған туысыңыз сіздің қолдауыңызға мұқтаж болады.

 

Шаян бұрын менің ойына келмеген мүмкіндікті көріп таң қалады. Бұл күндері достарыңыздың немесе туыстарыңыздың өмір тарихына қатысты осы уақытқа дейін таныс емес мәлімет табылады. Тағдыр сізге жаңа бағыт-бағдарға жаңа картаны ашады. Сіздің міндетіңіз - әрқайсымыздың жолымызға сирек түсетін осы керемет мүмкіндікті шебер пайдалану. Ақырында, қандай-да бір бизнес сізге маңызды жаңартудың, қалаған бағыттың өзгеруінің мүмкіндігін көрген жерден алға жылжиды. Бұл шабыт, шығармашылық және тәуелсіз шешім қабылдау кезеңі. Кәсіби салада ынтымақтастық бірінші орынға шығады. Өзара тиімді сипаттағы бір реттік келісім жасалуы мүмкін. Шығындарды нақты жоспарлау керек, сонда қаржылық жағдай сізгеи айтарлықтай қолайлы болады. Осы кезеңде жаңа жұмыс жоспарын құрасыз, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздейсіз. Сіздің іс-әрекеттеріңіз басқа адамдардың құпиясын сақтау қажеттілігімен, маңызды келіссөздерге қатысуымен, белгілі бір мақсаттағы қысқа сапарлармен байланысты болмақ. Өз мүдделеріңізге сай маңызды құжаттарды рәсімдеуіңіз керек. Жеке өміріңізде жомарт әрі серіктесіңізге адал боласыз.

Арыстан сынға және өзіне қарсы келгендерге, әсіресе өзі жақсы білетіндерге төзбейді. Дау-жанжалға құмар емессіз, бірақ ол үнемі мазаңызды алады. Әріптестермен және іскери серіктестермен келіспеушілік болуы мүмкін. Бейбіт көріністі ақтау үшін өркөкіректік пен кейбір ұстанымды құрбан етуге тура келеді. Тағдыр сізді үнемі сынайды, бірінен соң бір оқиға болып, одан үйлесім де, жұбаныш та таба алмайсыз. Сонымен бірге апта алдағы айға қаржы жағынан ұтымды болмақ. Материалдық жағын одан әрі нығайтуға жақсы мүмкіндіктер болады. Қызықты саяхаттың болашағы ашылады. Шешім қабылдауда сіздің бастамаңыз әрқашан шешуші болады. Мүмкін жоспардан тыс сатып алулар, белгілі бір тәртіпке байланысты белгілі бір іс-әрекеттерге немесе процестерге ақша жұмсалады. Алынған ақпарат үлкен маңызға ие болады. Бұл әсіресе жеке қарым-қатынасқа, сезім мен серіктеске деген сенімге (немесе сенімсіздікке) қатысты болмақ.

 

Бикеш істерін оңтайландыруға, әдеттегі жағдайды өзгертуге тырысады, ол сіздің таныстарыңыздың біреуіне тән жаңа қасиет  қосады. Бұл біраз күш-жігерді, айтарлықтай ақыл-ой шығындайтын және мінез-құлықтың әдеттен тыс принциптерін қажет етеді. Бірақ сіз барынша тырысасыз. Шын ниет туралы айтудың қажеті жоқ - сіз басқаша болып көрінуіңіз керек. Мұнда жеке бастың әл-ауқаты және өзбасыңыздың  маңыздылығын түсіну сезімі жатыр. Бұл сізге оңай апта емес, өйткені сіз жағдайға бейімделудің орнына, өмір жолындағы қиындықты іздейтін боласыз. Айналаңыздағы адамдар сізді жұмбақ, тіпті оғаш қылықты деп санауы мүмкін. Олар сізді әңгіме қылады. Сіздің әрекеттеріңізді талқылайды. Қызығушылық танытатын адамдар айналаңыздан шықпайды. Қарым-қатынас шеңберіңізге кіруге тырысады. Аптаның негізгі іс-шаралары еңбек және іскерлік қатынасқа байланысты болмақ. Сізге қосымша кәсіби міндет қабылдау қажеттігі туады. Жаңа қызметке ұсыныс түсуі де мүмкін. Жеке өмірде әсіресе жас қыздардың сезімі күшейеді. Жасы үлкендерде бәлендей өзгеріс болмайды.

Таразы шын жүректен сенетін жақсы досын  сағынады. Жағдай өзгереді. Шұғыл мәселені шеше отырып, жоспарды өзгертуіңіз керек. Осы кезеңде сіздің көзқарастарыңыз бен тілектеріңізбен бөлісе білетіндерден кеңес қажет. Бірақ көбінесе шешімді тек өзіңіз қабылдауға тура келеді. Негізгі мәселе – қаржы проблемалары. Белгілі бір мөлшерде ақша алу және қайтару сіздің бастамаңызбен және ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелеріңізге байланысты болады. Жасалатын жаңа мәміле, танымал адамдармен қаржылық ынтымақтастық туралы келісім болуы мүмкін. Айналаңыздағы біреу сіз бұрыннан келіссөз жүргізіп келген өзгеріске өз үлесін қосады. Басқалары алдыңғы шептегі рөлін алады, ал сізге жағдайды. Ұсақ-түйектерді қадағалап отыру керек. Отбасының кіші мүшесі назар аударуды қажет етеді. Туысқандарымен немесе ескі доспен кездесу күтіледі. Өзіңізді кінәлі сезінген қиын сұрақты толтырудың жолын іздеуіңіз керек. Осы аптадағы жағымды жаңалық денсаулықты жақсартуға, дене шынықтыруға байланысты болады. Сіз ғашық боласыз.

Сарышаян күнделікті мәселені шешуден қуаныш табады. Осы кезеңде өзін ұзақ уақыт мазалаған тақырыпқа  оралады. Мүмкін ескі фотосуреттерді және т.б.  қайта қарап, тәртіпке келтіресіз. Естеліктер көңіліңізді құбылтып, шығармашылық ойға және күтпеген қорытынды жасауға әкелуі мүмкін. Жетіспейтін нәрсе табылады, онымен сіз қазірдің өзінде қоштастыңыз. Апта негізінен жағымды жаңалық пен  жоғалғанды ​​қалпына келтіру кезеңіне айналады. Кезінде сізге құнды болған қарым-қатынасты қалпына келтіруге қолайлы уақыт. Оқу, білім алу - бәрі пайдалы болады. Физикалық форма біраз қауіп төндіреді, салмақ қосасыз. Өзіңізге сенімділікпен және ойдың айшықтығы саяхатқа жетелейді. Қызықты іс-шараға қатысу, достармен кездесулер және кәсіби қызығушылық шеңберіндегі қарым-қатынас күтілуде. Құжаттармен айналысуға тура келеді. Қаржылық аспект туыстардың әрекеттерімен тығыз байланысты болады. Меншікке қатысты жағдайда жаңа жағдай туады. Жеке өмір эпикалық оқиғаларға және таңғажайып дүниеге толы.

Мерген дәстүрлі шешім жасауға ынталы емес. Сізді жасырын мүмкіндіктер, қолданыстағы ережелерді айналып өтетін әрекет, жеке келісімдер қызықтырады. Сіздің сүйкімділігіңіз және басқа адамдардың құпияларына араласуыңыз кез келген салада жеке сәттіліктің кепілі болады. Өз кәсіби жағдайыңызды жақсартуға тырысасыз. Ескі байланыстар мен жаңа ынтымақтастық үлкен маңызға ие болады. Сіз қатысатын қосымша шаралар болуы ықтимал. Өмірдің қаржылық жағы сіздің күш-жігеріңіздің белсенділігіне байланысты болады. Көп өзгеріс болмайды. Күтілетін жерден бір реттік ақша алуға болады. Күнделікті мәселелерді білімді серіктермен одақтастықта шешу керек. Ересек жастағы туысқа көңіл аударып, қамқорлық көрсетуге тура келеді. Өзіңіздің сүйікті адамыңыздың мәжбүрлі қарым-қатынасынан жалығуыңыз мүмкін. Жолда және үйден алыс жерде жігеріңіз өскенін сезесіз. Шабыт сізге қызығатын адамның сүйіспеншілігі мен назарымен келеді.

Тауешкі белгілі бір дәстүрдің, ережелердің, жазылмаған заңның белсенді жақтаушысына айналады. Басқалармен қарым-қатынаста жиі кездесетін кәдімгі ереже сақтауды талап етесіз. Кейде  талаптарыңыз қисынсыз және орынсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ сіз осы кезеңде өз ұстанымыңыздан шықпай білдіре аласыз. Отбасының кіші мүшесімен қарым-қатынас бұзылуы мүмкін. Өзара кінә үйдегі көңіл күйге, берекеге әсер етеді. Сапар, қысқа іссапар сіздің жүйкеңізді тыныштандыруға септігін тигізеді. Жоғалған энергияны толтырып, жаман ойдан аулақ бола аласыз. Осы аптада материалдық жағдай сәл жақсарады, жоспарларыңызды жүзеге асыруда жақсы перспектива ашылады. Кәсіби белсенді боласыз. Жоба ұзақ мерзімді серіктеспен қолайлы болады. Өзіңізді қызықтыратын адам туралы ақпаратты жаңартуға сылтау іздейтін боласыз. Өсек-аяң, аып-қашпа сөз сахна артындағы пікірталастар - бәрі сізге маңызды болады. Басқалардың жетістігі мазаңызды алады. Жеке өмірде сезімдерге зәру боласыз.

Суқұйғыш түсініксіздікті, белгісіздік ізін қалдырып, тікелей қарым-қатынастан алшақтай алады. Сізбен ортақ тіл табу, көңіл-күйіңізді түсіну қиын. Сөздеріңіз бен әрекеттеріңізде құпия, жасырын ниет болады. Сонымен қатар сіз кәсіби мақсатқа қатысты мәселені бір жүйеге келтіресіз. Табыс - геологтардың, экстремалды саяхат түрлерімен байланысты адамдардың, қызметі қауіпті науқанмен байланысқа түсетін мамандардың, басқаларды сендіру, маңызды шешім қабылдауға көмектесумен ерекшеленеді. Апта қаржылық тұрғыдан даулы кезең болады. Ақша түседі, бірақ шығындарыңыз әлдеқайда көп болмақ. Жағдаймен күресу оңай болмайды. Денсаулыққа байланысты проблема, жеңіл жарақат, салқын тиюі мүмкін. Алыстан келген белгілі бір ескі дос өзін таңғажайып жаңалы,ымен еске түсіреді. Үлкен жарқын оқиға болады. Осы аптадағы таныстық сіздің тағдырыңызға әсер етуі мүмкін. Жас айырмашылығы шамадан тыс белсенді және әсерлі адамдарға сенбеңіз. Бір сәттік қуанышқа алаңдап, кеше маңызды болған құндылықты естен шығармаңыз.

Балықтар тыныш отыра алмайды. Өзгелердің оқиғалары мен іс-әрекеттерін сіз қалаған бағытқа итермелеуге жан-тәніңізбен кірісесіз. Аяқталуы қажет бірқатар нәрсе іске асырылады. Күн сайын әр түрлі проблема туындауы мүмкін, оларды жедел шешуді қажет етеді. Бірақ бұл күнделікті өмірдің біртектілігінде білінбей кетуі мүмкін. Осы аптаның әр минуты күтумен болады. Жұлдыздар сізге жақын болашақта үлкен өзгеріс болатынын уәде етеді. Алдағы оқиғалардың сезесіз. Өз өміріңіздің маңызды мағынасын таба отырып, өзгеруге дайын боласыз. Бірақ әр уақытта күнделікті барлық адамдарға тән іс-әрекетте сергек болуыңыз керек. Романтика жоқ. Тек проза. Бірақ үмітіңізді үзбеңіз. Армандарыңыз әлі де орындалады. Осы аптада өмірдің қаржылық жетістігі қуантады. Ақша белгілі жерден күтіледі. Қысқа сапар күтіледі. Сыйлық аласыз.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: СИЫР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

2021ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

ДАУ-ДАМАЙСЫЗ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

ОЗБЫР ЕРКЕКТІ ҚАЛАЙ БІЛЕМІЗ? ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ПОРТРЕТІ

ЕГЕР КАРТАҢЫЗДАҒЫ АҚШАНЫ БӨТЕН АДАМ ШЕШІП АЛСА ...

ФИШИНГ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде