{metadescription}
Бес минутта бес сұрақ – Қуаттың құныты

Бес минутта бес сұрақ – Қуаттың құныты

Рамазан айында мұсылман ораза ұстап, намаз, Құран оқумен ғана шектеле ме? Мұсылман елдеріндегі оразада қандай ерекшелік бар? Егер ауыз бекітуге денсаулығың болмаса не істеу керек? Спирттік антисептикалық құрал оразаны бұзбай ма? Оразаны қалай күтіп алады, тек тамақтан тыйыла ма? Жалпы, оразаның мақсаты не? Бұл сұрақтарға исламтанушы, докторант Қуат Қабдолда былай деп жауап қайырды.      

ОРАЗАДА МҰҚТАЖ ЖАНДАР ЕСКЕРІЛДІ МЕ?

Әлбетте. Ораза ұстап жүрген мұқтаж адамдардың ауыз ашуға қиналып қалатыны қолдан келгенше ескерілген.  Сондай жандарға мешіттеріміз де , қайырымды адамдар да "Рамазан шуағы" атты бастамамен ораза-қоржынын таратып, ораза-тамағын ұйымдастырып, ыстық тамақ дайындап жеткізіп беріп жатыр. Бұл дегеніміз – нағыз сауапты іс.

РАМАЗАН АЙЫ ТЕК ОРАЗАМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ

Рамазан айында мұсылман адам тек ораза ұстап, намаз, Құран оқумен шектелмейді. Рамазан – жақсылықтан жарысатын, жақсылыққа ұмтылатын ай. Пайғамбарымыз (с.а.с)  өте жомарт адам болған. Ал Рамазанда жомарттығы ескен желден де жылдам  болатын. Ғұламалар айтады, осы айда шамасы келген бай адамдар мұқтаждарға әр күнінде, әр кешінде неғұрлым көбірек садақа бергені абзал. Себебі мың айдан қайырлы Қадір түнінде жолығып қалса, мың ай садақа жасағандай сауап алады, иншалла.

 Мешітке құрма, су апарып қойып қойса да сауап. Мұсылман елдерінде, қажылықта болғанда өзім көргенім бар, жолда кетіп бара жатқан көліктегі адамдарға аузын ашсын деп, құрма, су ұсынады.

Егер ораза ұстауға денсаулығы келмесе, денсаулығы жазылудан үміті үзілген адамдар немесе үлкен қария адамдар підия бере алады. Бұл шама-шарқына қарай бір адамның таңертең, кешке, аузын бекітіп, ашқанға жететіндей қаражат бергені жақсы. Ал қаражатсыз, жағдайы жоқ адам Алладан кешірім сұраса болады.

СПИРТТІК АНТИСЕПТИК ЖАЙЛЫ

Антисептикалық құрал тек қол жууға, тазалық сақтап, инфекция өлтіруге көзделген. Оның ешқандай зияны жоқ, ол дәретті де, оразаны да бұзбайды. Оразаның негізгі шарты – адамның ішіне еш нәрсе кірмеу.Адам өмірін қорғау үшін әр түрлі денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта денсаулығын қорғайтын дүниелерді біздің шариғатымыз қолдайды.

ОРАЗАНЫ КҮТІП АЛУ

Әбу Хурейрадан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ( с.а.с) :"Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне сенсе, ол өзінің қонағын жақсылап күтсін", - деп айтқан. Соған сүйенсек, Ораза да бізге үлкен қонақ болып келеді. Оны жақсылап күтіп алуымыз керек. Атақты имам Шантиқи (р.а) деген кісіден былай сұраған екен: «Оразаны қалай күтіп алайық?». «Алладан кешірім сұраумен күтіп алыңдар» - деп жауап қатқан екен.  Оразада тек тамақтан ғана тыйылмай, Алладан көп кешірім сұраған - абзал. Кім Алладан кешірім сұраса, Алла тағала оның оның әр тілегін береді, ауырса,  деніне – саулық, ырыздық сұраса – ырыздық, жаңбыр сұраса – жаңбыр, жолы болмай жүрсе, жолын ашады.

ОРАЗАНЫҢ МАҚСАТЫ

Оразаның мақсаты да сол – адамды тәрбиелеп, мейірімін ояту. Сондықтан ауыз ашарда елімізге амандық тілейік, індетті алып кетсін деп тілейік, жастарымыздың болашағы жарқын болсын, Тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тілейік. Халқымыздың игі тілегі Ораза айында қабыл болсын. Әр секундымызда сауап жауып тұрған қасиетті айда – Алла рақымына, мейіріміне бөлесін.

Атам қазақ өз үйінде отырып: "Құтты үйім - мешітте отырмын",- деп айтады. Әлбетте, мешітте жамағат болып намаз оқығанға не жетсін! Бірақ ковид індетіне байланысты тарауық намазымызды үйде оқып жатырмыз. Рамазан айы - күндізі ораза болса, түні құлшылық. Көзіңізге елестетсеңіз, қаншама үйлерде намаз оқылып жатыр. Сол намаздар, Құран оқылған үйлер періштелерге жұлдыздар сияқты болып көрінеді. Ондай болса, жұлдыздар бүгін жыпырлап кетті ғой... Мұнда да бір хикмет бар. Осы үйлердегі мінәжаттарды Алла қабыл етіп, елімізден, жерімізден, бүкіл адамзаттан осы індетті алып кетсін, әмин!

Бес парыздың бірін белгілі себептерге байланысты өтей алмайтын азаматтарға фидия садақасын төлеу міндеттеледі.

Елімізде созылмалы ауруларға шалдыққандар, жасы үлкен қариялар бар. Бұл кісілерге ораза ұстамауға – рұқсат. Бірақ оларға фидия садақасын төлеу міндеттеледі.

Підия садақасы – бір күндік міскінді тойдыру. Підия деген не?

Құранда Алла Тағала «Бақара» сүресінің 184-аятында: «бір міскіннің тамағын берсін» деген. Яғни підия дегеніміз – бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең, яки кешке тамақтандыру. Оны ақшалай да беруге де болады. Оның мөлшерін әр елдің мүфтияты нарыққа байланысты белгілейді. Підия беруге шамасы келмеген кісі Алладан кешірім тілейді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде