{metadescription}
Заңгер кеңесі: Жұмыс берушің "лақтырып" кетпесін десең ...

Заңгер кеңесі: Жұмыс берушің "лақтырып" кетпесін десең ...

Жұмысқа орналасқанда ең алдымен нені білуге тиіссің? Жұмыс берушінің алдында өз құқығыңды білесің бе? Егер қызметкер өтініш жасаса, еңбек шартына қалай өзгеріс енгізуге болады? Жұмысшының құқығы бұзылса, іс сотқа дейін жетуі мүмкін бе? Еңбегіңді жұмыс беруші жеп қойса не істеу керек? Жұмыс беруші сені алдап кетпеу үшін не істеу керек? Ендеше заңгерлердің кеңесіне құлақ түрейік.   

"Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» – осы рас па?  Нарық заманында еңбегіңді қымбат бағалап қана қоймай, қауіпсіздікті де ескеру керек. Жұмысшы жұмыс берушісінің қойған талабымен келісіп қана қоймай, өзі де шарт қойып үйренуі керек. Кез келген қазақстандық өз қалауымен жеке еңбек шартын өзгертуге қақысы бар. 

Бойкүйез жұмыс берушінің алдаушылығы мен «құлдық» жұмысынан сақтанудың жолдары бар. Кез келген қазақстандық өз қалауымен жеке еңбек шартын өзгертуге қақысы бар. Өкініштісі, мұндай мүмкіндікті барлығы біле бермейді екен. Әділетсіз, қытымыр  басшың, қарабайыр тілмен айтқанда «лақтырып» кетуі әбден мүмкін.  

Негізі Қазақстанда және басқа елдерде де компаниядағы әр қызметкердің бабын табуға тыйым салынбаған. Кейбір ұйымдарда оны тіпті қолдап іске асырады. Бірақ ол дамыған елдерде ғана жүзеге асырылуда. Ал посткеңестік елде әр қызметкермен қалыпты үлгідегі құжатпен келісімге отырады. Онда стандартқа сәйкес ереже көрсетілген. Өзіне қолайлы шартты – білімі мен тәжірибесі мол, яғни қымбат бағаланатын маман таңдап алады. Солайша ол өз еңбегін жалақы зардабынан құтқарып қалады. Ал қалғандарымен кадр бөлімі қымсынбайды, қолыңды қой немесе жөніңді біл. Неге екені белгісіз, басшылардың құқығы қол астындағыларға қарағанда көбірек.

Лариса Харькова, кәсіподақтар ұйымының басшысы:       

Заң бойынша келісімшартта қандай да бір үлгі бар. Бірақ біздегі нарықтық қарым-қатынаста жұмысшы өз күшін, шеберлігін, білімін сатады, ал жұмыс беруші оның мүмкіндігін, білікті және сапалы істеген еңбегін сатып алады. Менің ойымша, қазір жұмысқа тұрушы азамат өз қызметімен қоса,  жұмыс шартымен де келісіп алуы қажет. Бірақ бұл жоғары білікті мамандарға қатысты шарт. Алайда Қазақстанда аталмыш үрдіс барлық жерде қолданылмайды. Жұмысшылар еңбек етіп жатқан жерде қандай да бір қосымша еңбек шарты болғанын естіген емеспін. 

Егер қызметкер өтініш жасаса, еңбек шартына қалай өзгеріс енгізуге болады?

Асхат Сатыбалдинов, заңгер: 

Жалақысы мен жұмыс уақытын өзі таңдайды. Егер жұмыс беруші көніп отырса, барлық шартын келістіріп алуға болады. Бұл жерде ешкім ешкімді қинамайды. Мәселе жұмыс беруші жұмыс тәртібін, функционалды және т.б.  заң нормаларын бұзбауы тиіс. 

Құжат жұмыскердің құқығын бұзса, іс сотқа дейін жетуі мүмкін бе?

Жангелді Сулейманов, заңгер: 

Кез келген келісімшартқа өзгерістер тек тараптар келісімі мен енгізіледі. Ал  келісімшарттағы талаптар заңға қайшы болса,  онда сот келісімшартты заң талабына сай  құру туралы шешім шығарады.

Лариса Харькова, кәсіподақтар ұйымының басшысы:

Көптеген азамат бізден көмек сұрап келеді. Айтатыны: «бізбен шарт жасасты, бірақ құжатта басшының қолы, мөрі жоқ. Екіжүзді бухгалтерия, ең төмен жалақы және ақшаны конвертке салып береді». Соған қарамастан жұмысшылар келісіп, нәтижесінде қысқарту, өндірісті тоқтату, жұмыс орнындағы апат, зақым алу орын алады. Ақыр соңында жұмысшы көк тиынсыз тақырға отырады. Денсаулығын өз қалтасынан қалпына келтіреді. Неліктен? Себебі: еңбек шарты сауатты жасалмаған.   

Еңбек қатынасына өтініш бермей, еңбек шартын жасау  жұмыс беруші жағынан да, жұмыс істеуші тарапынан да белгілі бір жауапкершілікке әкеліп соқтырады. Жұмысшы, бірінші кезекте, еңбек шартын жасауға тиіс. Тым болмаса екі дана өтініш жазып, біреуін өзіне қалдырып, екінші данасын жұмыс берушіге тапсыруы керек. Бірақ жұмысшылардың сауатсыздығынан, болмаса жұмыс таба алмағандығынан ол адам кез келген шартқа келісім беріп, келісімшартсыз еңбектенуге көнеді. Жұмыс беруші қара күш иесінен кез келген уақытта бас тартып, бір тиын төлемей қуып жіберуі мүмкін. Яғни жұмыс берушіге ешқандай шара қолданылмайды. 

Жангелді Сулейманов, заңгер:

Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек қарым-қатынасы еңбек шартына қол қойылған күннен емес, жұмыс істеген күннен басталады, әрине, еңбек шартсыз еңбек қарым-қатынасын дәлелдеп, ақшаңды төлетіп алу өте қиын дейді.

Лариса Харькова, кәсіподақтар ұйымының басшысы:

Істеген жұмысыңа куәгер  адамды табуы керек. Соның көмегімен бастығыңды ақша төлетуге мәжбүрлейсің. Бірақ бастығың қалтасынан қанша ақшасын шығарады, ол бөлек мәселе. Бұл еліміздің әр облысында жиі кездеседі. Егер еңбек инспекциясы жұмыс берушінің заңсыз іс-әрекетін тапса, жұмыс беруші айыппұл төлейді. Сыбайлас жемқорлық деп айып тағылуы да мүмкін. Егер ол тендер болса, оны тексеріп, жұмысшыны еңбек шартынсыз қабылдағаны үшін жауапқа тартады.  Қандай жағдай болмасын, жұмысқа орналасушы, бірінші кезекте еңбек шартын жасауы тиіс. 

Асхат Сатыбалдинов, заңгер:

Проблеманы шешу үшін сауатсыздықпен күресу қажет. Мемлекетіміздегі әр азамат өз құқығын білуі тиіс. Өз құқығын білген адам оны қорғауға да қабілетті. Сақтансаң ғана сақтайды. Тексерушілер тіпті заңбұзушылықты тауып, жұмысшының ақшасын төлеуге міндеттесе де, ол  біршама уақыт алады.

Тәуелсіздік алғанымызға жарты ғасыр болса да күні-бүгінге дейін аталмыш мәселе кесе-көлденең кездесіп жатыр. Тәртіп орнатуға қанша уақыт керек? 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде