{metadescription}
14 - 20 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

14 - 20 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Астрологтардың 14 - 20 маусымға жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

14 - 20 маусымға арналған жұлдыз-жорамал.

p>Тоқты ағымдағы істермен айналысатын болады, ал өмір әдеттегідей және болжамды болады. Бірақ бұл сізді ренжітпейді,  мазаламайды, өйткені тұрақтылық пен демалыс, дене шынықтыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау процесі спорттық және белсенділікке қолайлы апта. Сыртта серуендеу өмірге шығармашылық көзқарас пен жұмысқа әдеттен тыс ерекше көзқарас қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Айналаңыздағы адамдарға сіз кейде қызықсыз болып көрінуіңіз мүмкін, бірақ іс жүзінде бұл сізге қызық болады, егер ынтаңыз болса. Театрға, көрмеге, концертке баруға болады. Осы кезеңде сізді рухани азықпен  қамтамасыз ете алатын, жаңа ақпаратпен қоректендіретін іс-шара қызықтырады. Басқа адамдардың жобалары, мәлімдемелері мен ақылды адамдардың ойы ынталандырады. Көбіне сіз интеллектуалды қарым-қатынастың, пікірлес адамдармен шығармашылық қарым-қатынастың жоқтығын сезінуіңіз мүмкін. Ақша жағынан өзіңіз жобалағандай. Серіктесіңізге деген назарыңыз ойластырылған, пайдалы болады.

Торпақ ойлау қабілеті өте мобильді болады. Серіктесіңіздің сенімінің арқасында, өзіңізге деген сенімділік жылдамдығы артады. Өз жетістігіңізге аз болса да шабыттанасыз. Бірақ болашақта сіз ойлаған сәттілігіңіздің барлық күрделі құрылымы құрылатын қажетті іргетасы пайда болады. Сіз іскери ынтымақтастыққа, біреумен қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне өте мұқият боласыз. Бұрын жинақтаған барлық нәрсе: тәжірибе, іскери байланыс, материалдық мүмкіндік - мұның бәрін қажетсіз жомарттық пен жеңілдіксіз пайдаланасыз. Тек дәлелденген дүниеде! Бүгінгі жұмысыңызда тәуекелге жол берілмейді. Бұрынғы ынтымақтастық шеңберінде сапарға шығуыңыз мүмкін. Ақша қосымша көзден күтіледі. Бірақ алда айтарлықтай шығындар бар. Өз денсаулығыңызға ерекше назар аударғаныңыз жөн. Дененің профилактикалық сауығуы үлкен пайда әкеледі. Жеке өміріңізде қызғаныш пен серіктеске қатысты біраз мазасыздық сезінесіз.

Егіздер жағымсыз жаңалыққа назар аудармаңыз. Сіздің міндетіңіз уақытша кедергіні жеңу және жақсы кезеңді күту. Ақпарат сіздің қарым-қатынастарыңыз бен жоспарларыңызға әсер етудің негізгі жүйесіне айналады. Мәртебеңіз, өмір салтыңыз, жасыңыз біреуге ұнамайды. Өзіңізге тиесілі нәрсеге құқығыңызды дәлелдеуге мәжбүр боласыз ... Мүмкін сізге қандай да бір қатынасты немесе өзіңіздің бір нәрсеге деген құқығыңызды заңдастыруға тура келеді. Дау таптырмас мәселе. Сіздің қолдаушыларыңыз, достарыңыз, пікірлестеріңіз үлкен маңызға ие болады. Шексіз тартымдылық арқылы сіз кез келген адамды жеңе аласыз, егер сіз оны аз да болса қызықтыратын болсаңыз. Бірақ қашықтық сізді алдап соғуы мүмкін. Басқа адамдарға тым көп сенім арту арқылы даудың тақырыбынан алыс болу зиян тигізуі мүмкін. Осы кезеңде тек өзіңізге, өз іс-әрекетіңізге және өз жауапкершілігіңізге сенім артуыңыз керек. Күтпеген шығынға байланысты қаржылық қиындықтарға тап боласыз. Жеке өміріңіздегі жағдай өте шиеленісті. Бірақ сіз оны жеңе аласыз. Көбісі жұмыс орнын ауыстырады.

Шаян кәсіби қатынаста жаңа үлгі қалыптастырады. Өз  ресурстарыңызды жақын болашақта қамтамасыз етуге қабілетті байланысты шебер қолданасыз. Қаржылық деңгей біртіндеп артып, жоспарларыңызды тәуекелсіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ақпарат алу үшін сенім артатын жұмыс саласында қажетті білімді жинақтауға қолайлы апта. Жақсы ұзақ мерзімді байланыстар болады, материалдық меншіктің жасырын мүддесін  пайдалану мүмкіндігі туады. Мүдделі одақтастармен сапар, кездесулер мен келіссөздер болуы ықтимал. Белгілі ортаға әсер ету дәрежесі жоғарылайды. Сонымен қатар жоспарланған шығын қажеттілігін байсалды түрде қабылдайсыз. Тіпті мұнда ақшалай қаражат салуға арналған қызықты идеялар туындауы мүмкін. Бұл қаржылық міндеттеменің ашықтығы мен дәлін көрсетеді. Жеке өміріңізде кейде рухани жомарттықты көрсету қажеттілігімен бас ауыртпай, тек тұтынушы боласыз. Бірақ қасыңыздағы адамыңыздың ойлары мен пікірлері кәсіби таңдау мәсесінде маңызды болады. Сіз оны шынымен бағалайсыз.

Арыстан өзін-өзі тәрбиелеуші ретінде сезінеді. Бұрынғы тоқтаған қатынас туралы шешім қабылдау қиын екені, сізді осы өткеннен айқын туындайтын болашақтағы ауырлық туралы тағы бір рет ойлауға мәжбүр етеді ... Бірақ бүгінгі жағдайда бола отырып, сіз қиын жағдайды өзгертудің кез-келген нұсқасын, тағдырдың жазғанына сүйене отырып, сол ағынмен жүресіз. Бұл сезімдерді, эмоцияны көрсету және қабылдауға қиын апта. Кейде сіз шындықты жалған және алдамшы деп қателесесіз. Достарға деген сенім күмән тудырады. Реніш, түсінбеушілік, өзара жауласу сезімі де болады. Бірақ бұл кезең жақын арада аяқталып, бәрі бұрынғы қалпына  келеді. Сіз өзіңіздің қазіргі күйіңізге күлесіз. Шығындар болуы мүмкін. Материалдық және моральдық жағынан да. Жұлдыздар сіздің кінәсіз екеніңізді дәлелдеуге күш жұмсамауға кеңес береді. Бұл кезең кез келген деңгейдегі сот ісі мен дауға қолайсыз. Әйтпесе ұтыласыз. Сапарыңызды жоспарлайсыз. Жеке өмір мүмкін емес деңгейге дейін күрделі. Барлығын өз орнына қалай қою керегін анықтаңыз ...

Бикеш өз сезімін, үрейіне аса көңіл бөледі. Көңіл-күйіңізді өзгертпейтін және сіздің рухани толығуыңызға сәйкес келетін барлық нәрсе сізге өте қымбат. Бір нәрсеге немесе біреуге деген көзқарасыңызды өзгерту үшін ішіңізде жаңарыс болуы керек! Бұл тым ауқымды дүние. Бар қызығушылықтарыңыз шығармашылық әрекетке ұмтылудан гөрі қажеттіліктен туындайды. Жұмысыңызда ұқыпты және жауапкершілікті сезінесіз, бірақ тек өз міндет шеңберінде. Кездесу, пікірлес адамдармен, бұрынғы әріптестермен, көршілермен күтіледі. Мереке де жоқ емес. Ұзақ уақыт бойы жүрегіңізде жайлы болып келген мәселелер мен жағдайды талқылау сізге ұнайды. Егер біреу қызықсыз болса, оны досым деп атамаңыз. Есесіне жеке өмірде толық үйлесімдік бар.  Мұны жылдың бақытты уақыты деп атауға болады. Барлық шығын сіздің бақылауыңызда. Қаржы жағы қолайлы. Үйіңізде қонақтар болады.

Таразы өз мекенжайындағы сын мен сөгіске келісе алмайды, әсіресе бұл негізсіз айыптау болса. Сіз ішкі еркіндік пен басты нәрсеге назар аудара білудің арқасында объективті бола аласыз. Кәсіби деңгейдегі күрделі сот ісін болдырмауға болмайды. Сізбен қарым-қатынасты үзуге және белсенді ынтымақтастықты тоқтатуға мүдделі адамдардың бүкіл тобымен текетірес жоққа шығарылмайды. Бұрынғы күш-жігеріңізге және сіңірген еңбектеріңізге қарамастан, біреу белгіленген ережені айналып өту арқылы алған білімі мен тәжірибесін пайдаланғысы келеді. Сіздің мүдделеріңізге үнемі шабуыл жасалады. Бұл ақша талабынсыз болмайды. Алдыңғы келісімдер, кәсіпкерлік міндеттеме тоқтатылуы мүмкін. Сізге жағдайды бақылауда ұстау қиын болады. Бұл сезім, тіпті агрессия реңктерімен ауыр кезең. Алда бірқатар сапар, келіссөз, кездесу күтілуде.  Сіздің артықшылығыңыз - ниетіңіздің ашықтығы, шынайылығы. Беделді серіктің қолдауы назардан тыс қалдырмаңыз. Жеке өміріңізде пассивтілік, сезімнің жоғалуы бар, сізді сөгуге болады ... Бірақ серіктес-дос қазір баға жетпес нәрсе.

Сарышаян өзін әрекетсіз отырмын деп сөге алмайды. Өзгелерді жылдамдыққа мәжбүрлеу арқылы қайтадан шығармашылықты көтеріп жатырсыз. Серіктеріңізді іс-әрекетке, шешім қабылдауға және жоспарларын жүзеге асыруға үнемі итермелейтін боласыз. Өршіл, батыл және табандысыз. Бірақ осы аптада елеусіз жобаларға көп күш жұмсайсыз. Сіздің міндетіңіз біріншіден негізгі емес деп бөлу болады. Достармен қарым-қатынас үнемі қызықтырады, азғырады. Бірақ жұлдыздар мамандықта, интеллектуалды дамуда және рухани өсуде жетістікке жеткен адамдарға назар аударуды тоқтатуды ұсынады. Жеңілістер мен ақымақтық сіздің әлеуетіңізді тек өзінің тұтынушылық мүддесіне пайдаланады, оған ештеңе бермейді. Бұл білімді арттыруға, жеке қарым-қатынасты нығайтуға, отбасылық мерекеге арналған жақсы кез. Қаржы болашағы сізді қуантады, дегенмен шығын болдырмауға болмайды. Достық келісім аясында сапарға шығуыңыз мүмкін.

Мерген бүгінгі жағдайдың ауырлығын сезінеді. Ойлануға көптеген себеп болады. Ішкі белсенділік сыртқыдан басым болады. Көбісі жаңа жұмыс идеясын, кәсіби жұмыспен қамтудың жаңа шартына көшуді қарастырады. Бұл әрдайым тәуекелмен келеді. Болашақ айқын, бірақ шығын шығуы да мүмкін. Сонымен қатар ересек отбасы мүшесі сіздің қолдауыңызға мұқтаж болады. Сіз шешендігіңізбен, әңгімелесу  қабілетіңізбен және өз мәлімдемеңізде басқаларды қызықтырумен ерекшеленесіз. Өзгелердің мүмкіндіктерін өз мақсаттарыңызбен біріктіруге деген ұмтылыс сізді толығымен иеленеді. Терминдер мен арнайы сөйлеу үлгілерін қолдану үлкен маңызға ие болады. Қосымша табыс, досыңыздан белгілі бір ақша келуі мүмкін. Жеке өміріңізде серіктестің мәжбүрлілігінен біраз шаршайсыз. Сезім сәл әлсірейді ... Бірақ махаббат энергиясы сізден күшті тарайды. Айналаңыздағылардың бәрі оны байқайды.

Тауешкі басқаларға жүйкесіне әсер етеді. Сіздің мінез-құлқыңыз жұмбақ және тосын болады. Жақындағы жоспарлардан оңай бас тартып, ешқашан ойламаған жерге барасыз. Сезіміңізді сергіту сізге ішкі еркіндік пен жеңілдік сезімін сыйлайды. Бірақ сонымен бірге назарыңыздан бірде-бір ұсақ-түйек алшақ кетпейді. Өз жеке мүдделеріңізбен айналысатын болсаңыз, бәсекелестердің де, одақтастардың да қызметінен жақсы хабардар боласыз. Олардың екеуіне де бірдей сенімсіздікпен қарайтын боласыз, бүгінде сізге кәсіби тұрғыдан пайдалы адамдарға мақтау айтуды ұмытпаңыз. Жұмыста жаңа пайдалы ұсыныс болуы мүмкін. Бұрынғы тәжірибені қолдана аласыз, ескі кәсіпті есіңізде түсіресіз. Мұның бәрі жаңа жағдайда өте маңызды болып шығады. Қаржылық жағдай қисынды. Көп өзгеріс болмайды. Жұлдыздар тек сіздің жеңілдігіңізден болатын мазасыз шығын жайлы  ескертеді. Үй жұмысы, үйге сатып алу көңіліңізді көтереді. Сүйікті адамыңызға деген ризашылықты сезінесіз. Оның әрекеттері сіздің ешкімге сенбейтін жүрегіңізді жібітеді.

Суқұйғыш өзінің ішкі көңіл-күйін қадағалайтын болады. Сіздің түйсігіңіз керемет. Өз өмірлік ұстанымдарыңызға сәйкес келетін мінез-құлықты қалыптастырасыз. Жақын адамымен, туыстарымен қарым-қатынаста бірқатар шиеленіс болады. Өз міндеттемелеріңізді орындау, сөзіңізге адал болу маңызды болады. Басқалардың үмітін ақтау - сіздің өмір жолыңыздың басты идеясы. Кәсіби жұмыспен қамту шеңберінде қысқа сапар мүмкін. Сіз мүдделі іскери серіктестермен жүргізетін диалог көбінесе жабық, тіпті жасырын болады. Белгілі шеңберде үлкен ықпалы бар жоғары дәрежелі адамдармен кездесуге болады. Болашақ жұмыс болашағыңыз сіздің дайындық деңгейіңіздің көрінуіне байланысты болады. Бұл сіз бұрын тәуелді болған адамдармен қарым-қатынастың қиын кезеңі. Жаңа достық қарым-қатынас жасай алмайсыз, бірақ сіздің достарыңыздың бірімен қарым-қатынас толық үзілуі ықтимал. Қаржы жағы қолайлы. Бірақ шығын көп болады. Жүрегіңіз орындалмайтын үміттерге толы ...

Балық өзін өмірлік белсенділік шыңында сезінеді. Өзіңіз жаңа нәрсе жасай аласыз, басқалар ұмтылатын өзгерістің басында тұрасыз. Жұмысыңыз көбінесе дәстүрлі емес, тартымды және заманауи болады, ал басқалары үмітсіз артта қалып бара жатқан сияқты ... Өзіңіз  сияқты әуесқой мамандармен араласуға тырысасыз. Аайналаңызда өмір үнемі қызып тұрады. Сіз қайда болсаңыз – сол жерде мереке мен динамика  бар! Сонымен қатар қаржылық мәселелерге, құжаттарға, маңызды құжатқа  қатысты мәселеде мұқият және нақты боласыз. Жолыңызда бұрыннан келе жатқан заңды мәселені шешуге болады. Кездесулер мен келіссөздер рұқсаттарды немесе рұқсат құжатын алумен тығыз байланысты болады. Ескі досыңызбен күтпеген кездесу мүмкін, ол сізді қатты қызықтырады. Жеке кеңістігіңіздің құпиялылығында сіз ешкімге айтпайтын мұң мен сағынышты сезінесіз. Жүрегіңіз сезімге ашық болады. Бірақ өзіңіз өмірден не күтетініңізді түсіне алмайсыз ...

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: СИЫР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

2021ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

ДАУ-ДАМАЙСЫЗ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР

ОЗБЫР ЕРКЕКТІ ҚАЛАЙ БІЛЕМІЗ? ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ПОРТРЕТІ

ЕГЕР КАРТАҢЫЗДАҒЫ АҚШАНЫ БӨТЕН АДАМ ШЕШІП АЛСА ...

ФИШИНГ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде