{metadescription}
Неге ұмытшақ болдық? Еске сақтаудың 5 құпиясы

Неге ұмытшақ болдық? Еске сақтаудың 5 құпиясы

Неге ұмытшақ болдық? Еске сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады? Оған не әсер етеді? Өзімізге қажет дүниенің бәрін қалай есте сақтауға болады? Жас ұлғайған сайын нашарлаған есте сақтау қабілетін қалай жақсартамыз? Ендеше есте сақтаудың бес құпиясын біле жүріңіз.

Бір нәрсе сатып алу үшін дүкенге барып, көп нәрсе сатып алып, қажет затты алуды ұмытып кеттіңіз бе? Жақын туысыңыз, досыңыздың туған күнін ұмытқан жоқсыз ба? Бір оқиғаны бірнеше рет қайалап айтасыз ба? Есікті кілттеп жаптым ба, үтікті тоқтан суырдым ба, дәрімді бүгін іштім бе? Бүгін нешесі? Осындай сұрақтар сізді жиі мазалай ма? Ендеше есте сақтау қабілетін жаттықтыру қажет-ақ.

Есте сақтау әр түрлі себептен нашарлайды: бастан алған жарақаттан, аурулардан (эпилепсия, бас жарақаты, ми шайқалу және т.т.), сонымен қатар қатты күйзелістерден, миға түсірген ауыртпалықтан, ұйқының қанбауынан, дұрыс тамақтанбаудан.

Ең басты көмекші – жеке күнтізбе. Оған жоспарлаған істер мен айтулы күндерді түртіп алып отырыңыз. Ол күнтізбе көз алдыңызда, яғни күнделікті жұмыс стөлінде тұрсын. Жаңа іс пайда болғанда бірден сол күнтізбеге жазып қойыңыз.

Кәдімгі жапсырғыш қағаз – стикерлер. Оны кез келген жерге – айнаға, тоңазтқышқа жапсырып қойыңыз. Көзіңізге түскен көрнекі жазу істеу керек болған шаруаны еске салып тұрды.

Күнтізбе мен стикерлер – маңызды нәрсені естен шығармау құралы. Ол ұмытшақтықтан туатын ыңғайсыз жағдайлардан құтқарып қана қоймай, есіңізді жаңғыртуға себін тигізеді.

Есте сақтауды жақсарту үшін әдеттеріңізді қайта қарастырып, жаңа ереже қабылдаңыз. Оның кепілі:

  • Спирттік ішімдік пен темекіден бас тарту
  • Дұрыс тамақтану
  • Сегіз сағат ұйықтау
  • Таңғы жаттығу
  • Спортпен шұғылдану
  • Серуендеу
  • Таза ауа
  • Кітап оқу

Спирттік ішімдік пен темекіден бас тарту – еске сақтауды ғана емес,  жалпы денсаулықты жақсартады. Қанша талпынып, бас тарта аламасаңыз, мамандардың көмегіне жүгініңіз. Наркологқа барған, әрине, қиын тиеді, бірақ тырысып көріңіз. Есесіне бірнеше жылдан соң өзіңізге риза боласыз.  

Дұрыс тамақтану арқылы денеміз мен санамызды басқара аламыз. Бұл үшін ең алдымен зиян тамақтардан бас тартып, еске сақтау қабілетін жақсартатын тағам жеуге көшіңіз. Олар:

Майлы балық: ақсерке, арқан балық, қызыл балық, майшабақ, сардина,  форель және скумбрия. Бұл балықта омега-3 майлы қышқыл пайдалануға дайын түрде болғандықтан, жеңіл қорытылады. Ми жұмысын жақсартып, Альцгеймер ауруын тежейді, смондай-ақ жүрек пен буындарды нығайтады.

Асқабақ дәндері. Құрамында мырыш көп болғандықтан есте сақтау қабілетін нығайтып, жүйке жүйесін тыныштандырады, мазасыздықты азайтады, теріге де пайдалы және ойлау қабілетін жақсартады.  

Жаңғақтар. Антиоксиданттарға, минералдар мен Е дәруменіне бай. Ол мидың жұмыс істеуін жақсартып, Альцгеймер ауруының белгілерімен күреседі. Шикі түрінде де, салатқа да қосып, қуырып та жей беріңіз.

Шалфей. Оның пайдалы екені бағзы заманнан белгілі. Сонымен қатар дастарқаныңызда көкөніс, жеміс, көк шөп көп болсын.  Қызанақ пен брокколи, авокадо да адамның есіне өте жақсы әсер етеді.

Жақсылап тынығу адамның денесі мен ақыл-ойын қалпына келтіруде өте  маңызды. Ұйқыны қандырсаңыз ерте оянған сізге ауыр тимейді. Сондықтан белгілі бір уақытта жатып-тұруды әдетке айналдырыңыз. Ұйықтардан бір сағат бұрын ұялы телефонға шұқшимаңыз, гаджетке алаңдамауға дағдыланыңыз. Оянған кезде таңғы жаттығу жасаңыз, өзіңізге пайдалы асты дайындаңыз, бір күндік істі жоспарларлап есіңізге түсіріңіз, тек содан кейін ғана экран мен мониторларға қарауға болады.

Егер тек есте сақтау қабілетін ғана емес, денсаулықты да сақтағыңыз келсе, спорт пен серуен таптырмас дүние. Өзіңізге ұнайтын спорт түрін таңдаңыз, секцияға, спортзалға жазылыңыз. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, аулада жатығыңыз. Кір көтеріп, турникке ілініп, бұлшық еттеріңізді созып дегендей. Айтпақшы, осылайша дене мүсініңізді де сымбатты етесіз.

Келесі – таза ауа. Оған мүмкіндігінше көп уақыт бөліңіз. Кеңседе отырғанда барынша терезені ашып, бөлмені желдетіп тұрыңыз. Ол жұмыс нәтижесін де арттыратынын байқайсыз. Таза ауада оқу да жақсы. Төсеніш немесе жамылғы алып тыныш жер тауып алып, кітап оқыңыз. Оқу – мидың тамаша жаттығуы.

Шет тілін үйрену есте сақтау қабілетін керемет дамытады. Сондай-ақ, миға кроссвордтар, логикалық есеп шығару, ойша санау, өлең жаттау, мәтіндерді қайта айту және күнделік жүргізу – өте пайдалы.

Тап қазірден бастаңыз! 100-ден 0-ге дейін кері санаңыз. Әріптерді орналасу тәртібінен керісінше ойша қайталап шығыңыз. Қиын ба? Онда тағы бір тапсырма: үйде көзді жұмып алып тіс тазалаңыз, шаш тараңыз, ыдыс жуыңыз, киініп көріңіз. Бұл мидың жаңа қыртыстарының белсенділігін арттырады.

Екеулеп жаттығуға болады. Мысалы, бірнеше логикалық байланысы жоқ сөз айтуды сұраңыз, мысалы: асқазан, әділ, шам, диван, қолшатыр. Ссын осы сөздерді кері тәртіпте қайталаңыз.

Еске күштілеп сақтап алу кез келген мамандықта маңызды. Осы ережелерді ұстансаңыз, миыңызға тек ақпарат жинап қана қоймай, оны қажет кезде шығарып, пайдалануға қабілетті боласыз!  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде