Ипотекадағы үйді қалай сатуға болады?
Қарызгер қарызы жоқ, бірақ ипотекаға сатып алынған тұрғын үйін өздігімен сату туралы (жоспары өзгеріп, өзге елге көшкісі келсе және т.б.) шешім қабылдаған жағдайда не істеуі керек?Не нәрсеге аса мұқият болған жөн?
Автор: Заира Сабитова
Еліміздің банк омбудсмені Ерсерік Сиырбаев ипоткаға алынған үйді қалай сатуға болатыны жайлы былай дейді:
1. Жазбаша рұқсат алу үшін банкке жүгініңіз.
Ең алдымен екінші деңгейлі банкке барып, сатуды қалай жүзеге асыруға болатыны туралы кеңес алыңыз.
«Қаржы ұйымының келісімінсіз сатуға, сыйлауға, кепілге беруге немесе кепілге салынған мүліктің мәртебесін өзгертуге байланысты қандай-да бір басқа әрекетке бара алмайсыз.
Егер банк мақұлдаса, сіз мынаны білуіңіз керек:
- тұрғын үйді сату тәсілдері туралы;
- қанша қарыз қалғанын анықтау;
- кепілге берілген мүліктің шамамен нарықтағы құнын есептеп, ол банктегі қарызды жабуға жете ме, соны білу;
- сату бағасымен келісу.
2. Сату тәсілін таңдаңыз.
Оның бірнеше схемасы бар:
- ипотеканы мерзімінен бұрын жабу.
Бұл ең қарапайым тәсілі. Ол несиені толық өтеуге қаражат болған жағдайда қолданылады.
Қарызгер банкке жазбаша өтініш жасағаннан және одан қажет сома туралы мәлімет алғаннан кейін қаржы ұйымының кассасына қаражат төлейді, мысалы, сатып алушының кепілін. Содан кейін ол тұрғын үй құқығын белгілейтін құжаттардың түпнұсқасын алады, сосын халыққа қызмет көрсету орталығындағы кепілзат ауыртпалығын алдыртып тастап, сатып алушымен мәміле жасасады.
- Үш жақты келісім.
Бұл банктің қатысуымен ипотека қайтаруды білдіреді.
Банк қаржы ұйымының, қарыз алушының және сатып алушының өкілдері қатысуымен болатын операцияға қажет бар құжаттың толық пакетін дайындайды. Содан кейін үйді сатып алушы қаражатты банк кассасына салады. Бірнеше күннен кейін жаңа меншік иесі баспанаға құқық белгілейтін құжаттарды қолына алады.
- Құқық тағайындау.
Бұл ипотекада қарызы бар сатылым. Сатып алушы несие міндеттерін өз мойнына алуға дайын болған кезде қолданылады.
Ол не істеуге тиіс:
- кепілдікке қойылған жылжымайтын мүлікке оған құқық беріліп, кепіл беруші болуға байланысты несие міндеттемелерін қабылдауға дайын екені туралы банкке өтініш жазады;
- төлем қабілетін растайды;
- осы мәселеге қатысты банктің шешімін алуға тиіс.
Егер оң шешім қабылданса, сату-сатып алу операциясы банктің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады. Осыдан кейін тиісті несиелік және кепілдік шарттарына қол қойылады.
Кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті сатудың оң/теріс жақтары
Терісі – бүкіл процесс ұзаққа созылады.
Заң бойынша, банк өтінімді шамамен 15-30 күн ішінде қарастыра алады. Тиісінше, осы уақыт ішінде үйді сатып алатын адам ойынан айнып, мәміледен бас тартуы мүмкін.
Оң, яғни артықшылығы – мәміленің заңдылығы. Бұл үй сатып алушыға өте тиімді. Өйткені кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті қабылдау кезінде банк құқық белгілейтін құжаттарға құқықтық талдау жүргізеді, оның дұрыстығын егжей-тегжей тексереді. Егер сәйкессіздік анықталса (кадастрлық нөмірі, көлемі және т.б. бойынша), ескертпе толық жойылмайынша, жылжымайтын мүлік кепілдікке қабылданбайды.
- Кепілге салынған жылжымайтын мүлікті сату несиені уақтылы және кешіктірмей төлеген кезде қолайлы. Егер сізде несиені төлеуде қиындық болмаса, онда кепіл мүлікті сатқан кезде қиындық тумауы керек, тіпті егер оны жүзеге асыру құны қарызды толық жабатын болса да.
Есіңізде болсын:
1. Ипотека шартын өзгерту немесе оның тоқтатылуы тек екі тараптың: банк пен қарызгердің келісімімен ғана жүзеге асырылуы керек. Егер сату бағасы қарызды толық жабатын болса, келісімшарт тоқтатылады. Қарызгер кепілдің бір бөлігін сатқан кезде және несиенің көп бөлігін өтеген кезде, қарыздың қалдығы тұрғысынан құжатқа өзгерту енгізілуі мүмкін. Көптеген жағдай болуы мүмкін, сонымен қатар оны шешудің де жолдары бар.
2. Еліміздің екінші деңгейді банктерінде ипотекалық шарттарында кепілге қойылған мүлікті сатудың ерекше шарттары жоқ, тек несиеге тиісті түрде қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда. Егер төлем уақтылы жүргізіліп тұрса, оны сатуда да, яғни жүзеге асыруда ешқандай қиындық болмайды.
3. Егер банкте қиындық туып жатса немесе несие проблемалы деп танылса және кепілдікті мәжбүрлеп жүзеге асыру процедурасы басталып кетсе, банк омбудсменіне көмекке жүгініңіз.
Кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп сату түрлері туралы келесі материалымызда айтып береміз.