{metadescription}
Қазақстанда тұрғын үйді қай кезде сатып алған, сатқан ұтымды?

Қазақстанда тұрғын үйді қай кезде сатып алған, сатқан ұтымды?

Қазір тұрғын үй сатып алу -сату тиімді ме? Қазіргі бағасы қандай? Мәміле көптеп жасалып жатыр ма? Ендеше өмір сүру жағдайын жақсартқыңыз келсе, қаржы және жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшылардың пікіріне құлақ түрейік. 

 

Марина Грушина, жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры: 

— Нарықта тартымды бағамен сатылатын нысандар жоқ емес. Ол әсіресе сатуға асыққан ұсыныстар, қожайындары өзге елге көшіп кетерде немесе басқа себептермен, түрлі жағдайларға байланысты үйін тез арада сатуға мәжбүр болатындар. Мұндай жағдайларда жеңілдік алу оңай. Екінші жағынан, қайталама нарықтағы сатушылар зейнет қорын пайдаланғандарға және бастапқы нарықтағы бағасының өсуіне байланысты қазір тұрғын үй сатушылар оңтайлы жағдайда. Олардың нысанын өзіне тартымды бағамен сатып отыр. Сол себепті әр уақытта сатып алушыларға да, сатушыларға да тиімді тұстары бола береді.

Ал енді маусым ерекшеліктеріне келетін болсақ, мәмілелердің төмендеуі көбінесе шілде мен қаңтарда болады. Алайда быилғы жыл белсенділікте  рекорд жаңартты. Біріншіден, былтырғы карантин шектеулеріне байланысты кешіктірілген сұраныс болса, екіншіден, зейнетақы жинағы бар көптеген сатып алушылар нарыққа шықты.

Қолында еркін қаражаты барларға нарықты қадағалауға кеңес беремін: құрылыс компанияларының ұсыныстарын мұқият қараңыз, тез сатуға асыққандарды қарастырыңыз. Күзге және келесі жылға қалдырмаңыз. Өйткені доллар бағамы мен құрылыс материалдарының бағасы не болатынын білмейміз.

Саудаласуды ұмытпаңыз. Жеңілдік мөлшері тұрғын үй бағасына байланысты: жылжымайтын мүлік неғұрлым арзан болса, оны сатып алушылар да соғұрлым көп болады, демек бәлендей жеңілдік жасамайды. Әдетте эконом-класс жылжымайтын мүлікке әрі кетсе 5% -дан аспайды, ал люкске 25% -ға дейін жеңілдік жасайды.

 

Дәурен Айткенов, сарапшы:
 

-Дәстүр бойынша жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенді маусым - тамыздан қазанға дейінгі кезең. Бірақ бастапқы тұрғын үй бағасына сұраныстан бөлек басқа факторлар да әсер етеді. Ең бастысы - өзіндік құны. Үйді құрылыстың бастапқы кезеңінде сатып алу тиімді. Нысанды салып бітіп өткізу мерзімі жақындаған сайын, бағасы өсе береді.

Құнына келетін болсақ, бір жыл ішінде бастапқы ұрғын үй бағасы 7,5%-ға өсті, бірақ маусым айында 3 пайызға төмендеді. Ал күзде барлық түрі 2-5 пайызға өседі деп болжап отырмыз.

Тұтас алғанда жыл басынан бері нарықта сұраныс көп болды. 2020 жылмен салыстырғанда жасалған мәміле саны шамамен 50%-ға өсті.  

Вячеслав Лазарев, құрылыс компаниясының басшысы:  

- Соңғы уақытта тұрғын үй нарығы үшін қай мерзімде деген сұрақ өзекті емес, маңызы да қалмады. Әдетте ең үлкен сұраныс көктем мен күзде қалыптасады, бірақ табысты жобалар жылдың кез келген уақытында жүзеге асырыла береді.

Бастапқы жылжымайтын мүлік құны оның дайындық дәрежесі мен іске асыруына байланысты. Тұрғын үй салынып біту мерзімі таяған сайын, бағасы да өсе береді. Құрылыстың бастапқы кезеңінде сіз дайын үйден кемінде 25% арзан пәтер сатып ала аласыз. Бұл ретте іргетас шұңқыры қазыла бастаған сатысында пәтер сатып алуға тәуекелге бару маңызды. Ең алдымен келісімшартты сараптап құрылыс компаниясының үлескерлерден қаражат жинауға ресми рұқсаты бар -жоғын білуіңіз керек.

бағасына келсек, екінші жартыжылдықта шаршы метр 5-7% -ға одан әрі өсуі мүмкін.

Сұраныс тұрақты өсіп жатыр. Мәміле саны былтырмен салыстырғанда екі есеге өскен. Түрткі болғаны  - зейнетақы қорынан алған қаржы, халықтың урбанизациясы, бала санының өсуі, апатты үйлерден қоныс аудару.

Біз зейнетақы жинақ әсерінің төмендеуіне байланысты сұраныс қарқыны аздап бәсеңдейді деп ойлаймыз, бірақ әсіресе ірі қалаларда айтарлықтай төмендеу болмайды.

 

Эльдар Шамсутдинов, экономист: 

-Әдетте тұрғын үй нарығы маусымдыққа бағынады, мысалы, жазда үйді сатып алған, ал көктемде немесе күзде үйді сату тиімді. Бірақ қазір,  коронавирустың үшінші толқыны кезінде нақты болжам жасау мүмкін емес. Сондықтан егер ешқандай баспанаңыз жоқ болса, онда сатып алыңыз. Ал  инвестицияға келетін болсақ, 2021 жыл - бұл оңтайлы уақыт емес. Ай сайынғы жалдау бойынша пассивті кіріс теңгелік салымға қарағанда төмен. Жалпы алғанда, жылжымайтын мүлікке инвестиция тек капиталдың сақталуын қамтамасыз етеді.

Қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығы жағдайында бір нәрсені болжау қиын. Себеп: тұрғын үйдің жетіспеуі және кез келген сыртқы әсерге бағаның ашық емес жүйесі.

Құрылыс компаниялары көбінесе жоспарларын бір апта немесе бір айда жасайды. Ал пандемияда құрылыс компаниялары өзгерістерге дайын болмай шықты.

Жақын арада жаңа әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы шықса деп ойлаймын, өйткені бұл адами капиталға әсер ететін жеке тұрғын үй мемлекеттік саясатқа сүйенеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.