Елімізге қажет мамандықтар
Бүгінде қандай мамандық қажет? Қай мамандық үлкен сұранысқа ие? Жылдам дамып жатқан дүниеге, қоғамға тез бейімделе аласыз ба? Техникасы озық қызметте істеп, өнімді жұмыс күшін құруға да инвестиция қажет. Сондықтан да қазіргі заманғы экономикалық нарықтың ерекшелігін ескерген өте маңызды. Ендеше елімізге тапшы мамандықтарды біле жүргеніңіз абзал.
Автор: Заира Сабитова
Қазіргі міндет – елдің индустриалды-инновациялық дамуының қажеттілігіне сәйкес жоғары білімін беріп, тапшы кадрлармен қамтамасыз ету.
Болашаққа қажет мамандықтарды ескеріп, талдап, мынадай қорытынды шығаруға болады. Сонымен:
Инженер мамандықтар
- Мамандардың болжамы бойынша озық ұстанымдарға өндірістік шығарылыммен байланысты инженерлік мамандықтар жатады. Бүгінгі күнде ең қажет
- құрылысшылар;
- технологиялық машиналар мен техникаларды, сонымен қатар машина жасаушылар;
- металлургтар;
- энергетиктер;
- мұнай және газ саласының мамандары;
- есептеу техникасы жұмысшылары;
- радиотехника мамандары;
- электроника мамандары;
- телекоммуникация жұмысшылары;
- жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрастыру;
- таукен ісі, автоматтандыру және басқару, прибор жасау мамандары;
- жылу энергетикасы саласының мамандары.
Қазір өнеркәсіпте кәсіби инженерлердің, орта топтың техникалық мамандары мен жетекшілерінің қатты жетіспеушілігі туындайды. Әсіресе техникалық және экономикалық немесе заңдық білімнің үйлесімдігі, ағылшын немесе кез келген еуропалық тілді білу бағаланады.
Барлық өнеркәсіп салада:
-инженер-маркетолог;
-менеджер;
-АТ және компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуді жасаушы;
Бағдарлама жасаушы - бағдарламалық жасақтаманы құратын және мінететін және оның жұмысқа қабілеттілігін қолдаушы маман. Қазіргі әлемде фирманың имиджі біршама үлкен мәнге ие және сайт - ұйымның деңгейі мен сенімділігінің көрсеткіші. Тиісінше, веб-әрлеуші - ең жоғары ақылы «компьтерлік» мамандықтардың бірі.
Нанотехнология
Болашақта біршама талап етілетін мамандықтар нанотехнологиямен байланысты.
Нанотехнология - молекулалармен және атомдармен жұмысқа негізделген технология, бұл біршама заттардың жасырын және бағалы қасиеттерін пайдаланатын технология. Нанотехнология үлкен сала, оны үш бөлікке бөлуге болады:
1.Микросұлбаларды жасау;
2.Наноөлшемдегі роботтарды жасау;
3. Атомдық деңгейдегі инженерия.
Нанотехнология барлық ғылым салаларымен байланыста.
Биотехнология
Ал биотехнология - биологиялық жүйелер мен олардың элементтерін пайдаланатын технологиялар.
Қазір биотехнология ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Гендік инженерия мен микробиология әдістерінің көмегімен гендік модификацияланған өнімдер алады. Биотехнология молекулярлық медицинада, биофармацевтикалық өндірістерде және басқа салаларда қолданылады.
Электроника мен биотехнологияның түйіскен жеріндегі мамандықтар маманнан электроникада да, биоинженерияда да терең білімді талап етеді.
Сервиспен байланысты мамандықтар
Тұрғындардың табысы артуда, орта санаттың саны да өсуде. Бұның көрсетішінің бірі - күн өткен сайын сапалы сервиске қажеттілік.
Логистика
Логистика саласы кәсіпорынның қызмет етуінде бірінші кезекте ұрады. Логист мамандығы қатаң шеңберде жұмыстан шаршаған, шаблондар мен берілген шектеулерді жақсы көрмейтіндерге ыңғайлы. Нәтижелі қызметке жету үшін, логистке аналитикалық ақыл мен жүйелі ойлау, интуиция, қиын жағдайдан тез шыға білу, адамдармен қарым-қатынас жасау дағдысы, тіл тапқыштық қажет. Тәжірибесі бар, математиканы, техниканы, қолданыстағы заңнаманы терең білетін және бизнесті түсінетін. Табиғатынан ойыншы, тауарлар мен жүктерді шахмат тақтасындағы фигурадай жылжыта алатын қабілетті адам ғана жақсы логист бола алады.
Экология
«Экология» термині 1866 жылы пайда болған. Және бұдан әрі де қоршаған ортаны сақтау мәселесі үлкен орынға ие. Атмосфераға зиянды қалдықтардың тарауы жаһанда бірінші орында тұр. Бір жағынан, кәсіби экологтарға сұраныс арта бастайды, ал екінші жағынан - табиғат қорғаушылардың талаптарының спектрі кеңиді.
Медицина мамандары
Медицина бүгінде енді ғана құрылып, зерттеліп келе жатқан, ал 10 жылдан кейін тәжірибеге еніп, медицинада үйреншікті іс болатын, электроника, битоехнология саласының жетістіктерін жемісті пайдаланады.
Химия
Химия саласының мамандары энергетика саласында ерекше қажет. Энергияның баламалы көзі аса қажет болады. Химия - инновация мен болашақтың ғылымы.
Тағам өнеркәсібі
Агроном және фермерді көп сарапшылар жойылып бара жатқан мамандық қатарына жатқызады. Әлемнің дамыған елдерінде кішігірім фермерлік шаруашылықтар 15 жылдан артық уақыт тұрақты түрде кедейшілік шегінде тепе-теңдік ұстап келеді, негізінен мемлекеттік дотация есебінен күн көреді. Болашақ тағам – табиғи, «нағыз» тағам. Ал қоспасы бар татағм үлесі артып келеді. Инженерия және биологиядағы білімге өнеркәсіп маманы көптеген елде негізгі өндірушілер қатарында тұр.
Қала құрылысы
Қала саны өсіп барады. БҰҰ ақпараты бойынша, 2009 жылы қалалықтар саны ауыл тұрғындарынан асып түсті. 2025 жылы қала халқының үлесі 77% дейін артады. PricewaterhouseCooper’s деректері бойынша, 2005 жылы дүниежүзінің 100 ірі қаласы дүниежүзілік ЖІӨ 25% өндірді, 2008 жылы 30%. 2025 жылға қарай ең үлкен мегаполистердің 30 27% артады. Жаңа, тез өсіп келе жатқан мегаполистерді жоспарлау, құру және қызмет көрсетуді қолайлы қалалық ортаны құра алатын мамандар жасайтын болады. Мемлекет және деке құрылыс компаниялары аумақтарды кешенді дамыту бойынша мамандарға үлкен сұранысты қалыптастыратын болады (көлік, әлеуметтік орта, инвестиция тарту және т.б.), бұл әсіресе қалалық жерлерде.