{metadescription}
2021-2022 оқу жылы: Оқу шарты. Мектеп формасы. Ashyq.  Каникул кезеңі

2021-2022 оқу жылы: Оқу шарты. Мектеп формасы. Ashyq. Каникул кезеңі

Білім берудің дәстүрлі форматына орала ма? Оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталса не болады? Жаңа оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул мерзімі қашан және қандай? Жаңа оқу жылында балалар сабаққа мектеп формасымен бара ма? Ashyq қосымшасы мектептерде қалай қолданылады?

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Білім берудің дәстүрлі форматына оралу қажетті шара. Ата-аналардың басым бөлігі мұғалімдер мен оқушылар бұл жаңалықты көптен бері күтті. Таяуда ведомствоаралық комиссия жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастау мүмкіндігі туралы шешім қабылдады. Білім берудің дәстүрлі форматына оралу балабақшаларға да, колледждер мен жоғары оқу орындарына да қатысты.

-Біз үшін балалардың қауіпсіздігі маңызды мәселе. Қажетті ұйымдастырушылық дайындықты қамтамасыз етуге тиіспіз. Санитарлық шектеулерді, ең алдымен маска режимін сақтау керек. Екінші - кварцтау, дезинфекциялау режимі. Үшінші – сыныптың бір кабинетте болуы. Кабинеттік жүйе алынып тасталады. Бір сынып бекітіледі. Үзіліс те әртүрлі уақытта болады.

-1 оқушыдан коронавирус шықса бүкіл сынып қашықтан оқыту форматына көшіріледі. Егер бірінші сыныпта әлде бір топта коронавируспен ауырған бала шықса, онда дәл сол топ немесе сынып қашықтан оқыту форматына жіберіледі. Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген қағидада дәл осындай мәселе қарастырылған.

Оқушының, студенттің ата-анасы немесе білім алушының өзі ауырып қалса, онда одан аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары байқалмаса да білім ордасына кіргізілмейді.

Жаңа оқу жылында балалар сабаққа мектеп формасымен бара ма?

-Мектеп формасын керек емес деп алып тастады, деген ақпарат шығып жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Негізінде міндетті мектептің формасы және біздің тиісті бұйрығымыз күшін жойған жоқ әрі ол қалады. Біз оқушылардың мектеп формасымен сабаққа келгенін құптаймыз. Бірақ, пандемия салдарына байланысты мектеп формасымен келуге мүмкіндік болмаса, яғни сатып ала алмаса, басқа да дәлелді себептері болса, онда оларға классикалық үлгідегі киіммен сабаққа келуге рұқсат берілді.

-Біз шешім қабылдадық және балалар да мұнымен келісіп отыр. Сабаққа мектеп формасымен барамыз. Меніңше, бұл қолайлы, тіпті бір жағынан үнемді де. Қай жағынан алып қарасақ да оң тұсы көп. Сондықтан өзім толықтай да мектеп формасын қолдаймын. Әрине, бұл жерде өте көп пікірталас болуы да мүмкін. .

Ashyq қосымшасы мектептерде қалай қолданылады?

- Бұл қосымшаны мектепте кім қолданады? Қолданушылар: қызметкерлер, мұғалімдер, ал балабақшаларда баланы алып келушілер болуы мүмкін. Бұл іс-шара ең алдымен үлкендерге бағытталған. Университеттерде студенттер тексеріледі. Әзірше оқушылар жайында сөз қозғап отырғанымыз жоқ. Ересектерді қамту қажеттігін түсінеміз, әрі қарай да назарда ұстаймыз.

-Оқушының, студенттің ата-анасы немесе білім алушының өзі ауырып қалса, онда одан аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары байқалмаса да білім ордасына кіргізілмейді. Ал білім алушының сыныптастары немесе студенттің бір топтағы курстастары толықтай қашықтан оқу форматына көшіріледі.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда:

күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан  аралығында),

қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында),

көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында);

1-сыныптарда:

қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

Орта білім беру ұйымдарында 2021- 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

- 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;

- оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы,

- 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Еске салсақ, өткен оқу жылында мектеп оқушылары күзде 10 күнге, қыста 11 күнге, көктемде 12 күнге демалысқа шығатын. Алдағы оқу жылында демалыс бірнеше күнге қысқартылады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде