Vero Cell қытай вакцинасы туралы мағлұмат
Vero Cell вакцинасы кімдерге салынады, қалай қолданылады? Жанама әсердің пайда болу жиілігі қандай? Қандай жағдайда сақтықпен қабылдау керек? Сипаттамасы қандай? Антибиотиктер мен консерванттар бар ма? Қандай штамнан жасалған? Қандай қарсы көрсетілімдері бар? Жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакция болса не істеу керек?
Автор: Заира Сабитова
«Белсенділігі жойылған (Sinopharm) COVID-19-ға қарсы вакцина (Vero Cell) – SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02, штамынан жасал.
Ол сұйық вакцина қалыптастыра отырып, алюминий гидроксидінен адъювантпен адсорбциялау арқылы өсірінді алу және жинақтау, β-пропиолактонмен белсенділігін жою, концентрациялау және тазарту үшін Vero жасушаларына егіледі.
Вакцинада антибиотиктер мен консерванттар жоқ.
Вакцина 18 жастан асқан ересек адамдарға салынады.
Вакцинаның шығарылу нысаны:
1) бір дозалы құтыда енгізу үшін 0,5 мл өнім болады;
2) құтыда екі рет енгізу үшін 1,0 мл өнім болады, әрбір енгізу үшін бір доза ретінде 0,5 мл қажет; бір адамға 1.0 мл енгізуге тыйым салынады.
Вакцинациялау кестесі:
-енгізу арасындағы 21-28 күн аралықпен екі доза, әр доза 0,5 мл.
Ұсынылатын енгізу жолы – бұлшықетке, көбінесе иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне. Тамыр ішіне енгізуге қатаң тыйым салынады.
Құтыны алғаш ашқаннан кейін вакцинаның көлемі 1,0 мл қалдығы бөлме температурасында 1 сағаттан артық сақталмайды немесе плюс 2°C-тан плюс 8°C-қа дейінгі температура кезінде 6 сағаттан асырмай сақталады.
Осы препаратпен қайта иммундау қажеттілігі анықталған жоқ.
Вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер:
1) вакцинаның кез-келген компонентіне (оның ішінде қосымша заттарға) аллергия;
2) вакцинаға аллергиялық реакциялар (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу);
3) бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромының болуы;
4) жүктілік және лактация кезеңі;
5) 18 жасқа дейін жас ерекшелік.
Егер вакцинациядан кейін жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болса:
-бұл өнімді қайта пайдалануға тыйым салынады.
Вакцинаны мынадай жағдайларда:
1) жедел ауруы, созылмалы аурулардың өршуі және қызбасы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек; қажет болған жағдайда, дәрігер вакцинацияны жүргізуді кейінге қалдырады;
2) қант диабетімен ауыратын пациенттерге және анамнезінде немесе отбасы анамнезінде құрысулар, эпилепсия, энцефалопатия, психикалық аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек;
3) вакцинаны бұлшықетке енгізу кезінде пайда болуы мүмкін қан кету қаупіне байланысты қанның ұюының бұзылуы және тромбоцитопения бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек;
4) қатерлі ісік, нефроздық синдром, ЖИТС-пен ауыратын науқастар (бұл адамдарда вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер алынбаған) сияқты иммундық функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Иммундық-глобулиндер қабылдайтын адамдар иммундық тиімділікке әсер етуді болдырмау үшін осы препаратпен кемінде 1 ай аралықпен вакцинациялануы тиіс.
Басқа дәрілік заттармен біріктіріп қолдану: иммундық-супрессивті заттар сияқты иммундық-супрессивті препараттар, химия-терапияға арналған дәрілік заттар, метаболизмге қарсы препараттар, алкилирлеуші агенттер, цитоуытты препараттар, кортикостероидтар және т.б. препараттарды біріктіріп қолдану организмнің осы өнімге иммундық реакциясын төмендетуі мүмкін.
Жанама әсерлердің пайда болу жиілігі:
1) өте жиі: инъекция орнындағы ауырсыну, бас ауруы;
2) жиі: қызба, шаршау, миалгия, артралгия, жөтел, ентігу, диарея, қышыну;
3) жиі емес: қызару, ісіну, қатаю, бөртпе, қышыну, бас айналу, анорексия, құсу, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, дисфагия, тұмау, іш қатуы, аса жоғары сезімталдық;
4) сирек: эритема, жедел аллергиялық реакция, шаршау, ұйқышылдық, ұйықтай алмау, түшкіру, назофарингит, мұрынның бітелуі, тамақтың құрғауы, тұмау жағдайы, тітіркендіргіштерге төмен сезімталдық (гипестезия), аяқ-қолдардағы ауырсыну, жүрек соғысының жиілеуі, іш аймағындағы ауырсыну, бөртпе, терінің және шырышты қабықтардың қалыптан тыс жағдайы, безеу, көздің ауыруы (офтальмодения), құлақтағы жағымсыз сезімдер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфаденопатия);
5) өте сирек: қалтырау, дәм сезудің бұзылуы, дәм сезбеу, күйдіру және ашыту сезімі (парестезия), тремор, зейін концентрациясының бұзылуы, мұрыннан қан кету (эпистаксис), демікпе ұстамалары, тамақтың жыбырлауы, тонзиллит, физикалық жайсыздық, мойынның ауыруы, жақтың ауыруы, мойынның тығыздалуы, ауыздың шырышты қабығындағы жаралар, тіс ауруы, өңеш қызметінің бұзылуы, гастрит ұстамалары, нәжістің түссізденуі, көздің ауыруы (офтальмодения), бұлыңғыр көру, көздің тітіркенуі, құлақтың ауыруы, күш түскенін сезіну, қысым, төмен қан қысымы, несеп ұстамау, етеккірдің кешігуі.
Вакцинамен байланысты күрделі жанама реакциялар байқалған жоқ.
Вакцинаның жарамдылық мерзімі – 24 ай. Қаптамасында және заттаңбасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Қазақстан балаларға егуге болатын Қытайдың Vero Cell вакцинасының 4 млн дозасын сатып алған. 10 тамызда оның алғашқы партиясы «СҚ-Фармация» қоймасына жеткізілді.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында вакцинаның әрбір түріне спецификалық қарсы көрсетілімдер қарастырылған. Жиі қайталанатын негізгі сыртқы ұқсастықтар - созылмалы аурулар, обструктивті, бронх демікпесі, аллергиялық аурулар, вакцина құрамына кіретін компоненттердің кем дегенде біреуіне аллергияның болуы.
Ауыр аллергиялық реакция мен жүктілік және бала емізу кезеңі вакцинаға қарсы медициналық көрсетілім. 18 жасқа толмағандарға салып сыналған вакцина әзірге елімізде болмағандықтан, кәмелетке толмағандарға вакцина салынып жатқан жоқ.
Вакцинаның екінші компонентін енгізу бойынша жеке қарсы көрсетілімдер бар. Ол:
-вакцинацияның бірінші компонентінен кейінгі ауыр асқынулар;
-анафилактикалық шок;
-ауыр аллергиялық реакция;
-конвульсиялық синдром.