{metadescription}
Жұмыссыздық: Негізгі сипат. Жәрдемақы. Онлайн-жұмыс. Жұмыспен қамту

Жұмыссыздық: Негізгі сипат. Жәрдемақы. Онлайн-жұмыс. Жұмыспен қамту

Жұмыссыз қазақстандықтың негізгі сипаттары қандай? Көбінесе кімдер жұмыссыз ретінде жәрдемақы алады? Онлайн жұмысқа көшуге мүмкіндік бар ма? Жаңа  жұмыс орындары ашыла ма? Жұмысшыларына ең төмен айлық беріп отырған салалар қандай? Ресми жұмыссыздар мен тіркелгендер арасындағы айырмашылық қандай?

Жұмыссыз қазақстандықтың негізгі сипаттары

Жұмысқа өтініш білдірген азаматтарды жұмысқа орналастырумен айналысатын 203 жұмыспен қамту орталығы бар. Адамды жұмыссызға жатқызу үшін ол үш шартқа сәйкес келуі керек. Жұмысы жоқ және оны белсенді түрде іздеп жүрген, табылған жұмысқа алдағы екі апта ішінде кірісуге дайын адам жұмыссыз деп танылады. Егер адам жұмыссыз болса, бірақ ол оны іздемесе, онда жұмыссызға жатпайды. Ол жай ғана экономикалық тұрғыда белсенді емес адам болып саналады.

Қазақстандықтардың жұмыспен қамту орталықтары мен еңбек биржаларына тіркелуге құлықты ма?

Бұл жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдердің өте төмен деңгейімен байланысты. Оның мөлшері 2020 жылы орта есеппен 43 мың теңге болды.  2019 және 2020 жылдары жұмыссыз ретінде тіркелгендерге талдау жасалған. Жұмыссыз ретінде жәрдемақы алатындар негізінен 30-44 жас аралығындағы әйелдер.

Жұмыссыз қазақстандықтардың қаншасы есепке алынған?

Екінші тоқсанның статистикасы бойынша елдегі жұмыссыздық көлемі 4,9 пайыздай, ол  шамамен 450 мың адам жұмыссыз. Бұл сан халықаралық методика бойынша жүргізілген зерттеу қорытындысынан алынды. Яғни, 21 мың үй шаруашылығында сауал жүргізген.

Жұмыссыздар неліктен жұмыспен қамту орталықтарына бармайды?  

Оның обьективті себептері көп. Елдегі тіркелген жұмыссыздар саны ресми статистикадағы саннан әлдеқайда аз. Ал бұл халықтың жұмыспен қамту орталықтарына деген сенімін көрсететін маңызды фактор.

  • Жұмыссыз ретінде арнайы тіркелгендердің саны биыл қыркүйекте 223 мың болды. Оны жалпы еңбекке жарамды адам санына бөлсек, 2 пайыздай ғана болады. Біздің жұмыссыздардың ресми статистикасы мен тіркелген жұмыссыздар статистикасының арасында 50 пайыз айырмашалық барын көрсетеді.

Жұмыста жасына байланысты кемсітуге тап бола ма?  

 Қазақстандық жастар жұмысқа орналасар кезде жас ерекшелігіне байланысты кемсітуге тап болып жүр. Қазақстанда жастар саны артып келеді. Бірақ сонымен бірге олар белгілі бір қиындықтарға тап болуда. Жасына байланысты кемсіту, сапалы білімнің болмауы сияқты кеергілер бар. Ал пандемия олардың жағдайын қиындата түсті. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, пандемиядан зардап шеккен студенттердің табысы 3% - ға қысқаруы мүмкін. Келешекте өңдеу өнеркәсібінде, көлік, банк саласында 85 миллионнан астам жұмыс орны автоматтандырылады. Бірақ олардың орнына жаңа мамандықтар пайда болады. Ал оған жарамды болу үшін адамдарға біліктілігін арттырып, технология көшінен қалмау керек.

Онлайн жұмысқа көшуге мүмкіндік бар ма?

Қазақстанда арнайы жұмыс орнына келіп еңбектенуді талап етпейтін салада жүрген 2,2 млн адам бар. Яғни 2,2 млн адамның онлайн жұмысқа көшуіне мүмкіндік бар.

Қазақстанның еңбек нарығы үшін пандемия өте күрделі болды. Бірақ локдаун кезінде жұмыссыздық кең ауқымда етек алған жоқ. Өйткені мерзімсіз демалысқа кетіп, жұмыс берушілерімен байланысын үзбегендердің саны көп болды. Осының арқасында шектеулер алынған кезде жұмысына қайтып жатты. Шағын кәсіпкерлік нысандары жабылуға мәжбүр болған. Бірақ олар білім саласына көбірек маманданып, сондағы тендерлерге қатыса бастаған. Әлі де болса адамдар пандемияның салдарына бейімделу үстінде. Көптеген кәсіпорындар жұмыс істеу форматын өзгертіп жатыр. Цифрландыру мен жұмысшыларын қайта оқыту белең алып тұр.

Әркім жеке шешім қабылдап жатыр. Ресми статистика бойынша, қашықтан жұмыспен қамтылғандардың саны әзірге аз ғана. Ерекше инфрақұрылымды қажет етпейтін, компьютер мен телефон арқылы істелетін жұмыстардың көбі онлайн режимге ығысуы мүмкін. Ал шаштараз сияқты адамның қолымен істелетін кәсіптерді онлайн режимге жіберу мүмкін емес. Экономистер мен заңгерлер, мемлекеттік басқару саласының мамандары мен сарапшылар қашықтан жұмысқа ауыса алады. Бүгінде олардың саны – 2,2 млн адам.

Қазақстанда айлығы аз салалар қандай?

Қазақстанның еңбек нарғында болып жатқан трендтер мен тәуекелдерге талдау жасалған.

Жасанды интеллект енгізудің арқасында дамыған елдерде алдағы 15 жылда жұмыс күші өнімділігі 40%-ға дейінгі өсуі мүмкін. Ал Қазақстанда жұмыс орындарының 52%-ы, Экономикалық ынтамақтастық және даму ұйымының елдерінде орташа есеппен 47%-ы автоматтандырудың жоғары немесе елеулі тəуекеліне ұшырайды. Тәуекелдердің артында жаңа мүмкіндіктер тұр. Яғни технологиялар ескіріп, бір мамандықтарды жойғанымен, орнына жаңа мамандықтар пайда болады. Бірақ ол жұмыс орындарында әлдеқайда қабілеті жоғары адамдар қажет болады. Бұл көп адамға қазіргі біліктіліктерін қайта қарап, сұранысқа ие жаңа кәсіптерді игеру керек деген сөз. Әсіресе когнитивтік, əлеуметтік-мінез-құлық жəне сандық дағдылар бірінші орынға шығады.

«Еңбектеген баладан еңкейген қартқа айналғанша қабілетін жаңартып, оқып отырмаса, адамдар еңбек жолында дами алмайтын кезең туып келеді. Бұл істе онлайн оқытудың маңызы артады. Еңбек ресрусртарын дамыту орталығы шілде айында «Электронды еңбек биржасының» базасында қашықтан оқыту платформасын іске қосқан. Бүгінде ол платформада 70 курс бар. Оның 42-сі ақысыз, 28-і ақылы.

Жұмысшыларына ең төмен айлық беріп отырған салалар қандай?

Ең төмен айлық еңбек өнімділігі төмен салаларда тіркеліп отыр.Ол:

  • ауыл шаруашылығы;
  • сауда;
  • тамақтандыру;
  • қонақүй қызметі.

Бұл салалар тартылған инвестиция көлемі бойынша да артта. Соның салдарынан технология мен адам капиталының дамуы баяу.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жұмыс орындары ашыла ма?

қыркүйектегі жағдай бойынша Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде орташа жалақысы 91 мың теңге болатын 7,8 мың жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы жобалары мынадай 4 негізгі бағытқа бөлінген:

  1. халықтың өмір сүру сапасын арттыру;
  2. ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;
  3. агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
  4. өңірлерде бизнесті дамыту;

Қазір 175 инфрақұрылымдық жобада құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр, тағы 25-і іске асырудың бастапқы кезеңінде тұр.

Жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына бару арқылы Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатыса алады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, жұмыспен қамту органдарында жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар ретінде тіркелгендер, сондай-ақ жұмыстан босатылатын адамдар, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдар, студенттер қатарынан қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктейді және оларды инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс беруші-мердігерге жібереді.

ХЖҚО арқылы инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру кезінде жұмыссыз жастарға, NEET санатындағы жастарға, сондай-ақ денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда студенттерге басымдық беріледі.

ХЖҚО қажет болған жағдайда инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыруға кепілдік бере отырып, тиісті жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші-мердігердің/қосалқы мердігердің өтінімдері бойынша кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді.

ХЖҚО бағыттары бойынша жұмысқа орналасқандардың жалақы мөлшері салықтарды, әлеуметтік төлемдерді және экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, ең төменгі жалақының кемінде екі мөлшері (83 мың теңге) деңгейінде белгіленеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.