1 - 7 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
2021 жылдың қараша айы. Астрологтардың 1 - 7 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы қандай? Бұл аптада сізді не күтіп түр? Кімнің жұлдызы оңынан туады? Кімнің жолы болмайды? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
Автор: Александр Ремпель
1 - 7 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал.
Тоқты болашақта мақтана алатын қандай да бір нәрсе сатып алады. Кәсіби қызмет бірінші орында. Жаңа іскер серіктестер пайда болуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмаларға байланысты бірлескен іс –шара болады. Еңбекте күш, білім, тәжірибе жинақтау кезеңі басталады. Қарсыластарды айналып өтуге, олардың белгілі адамдар тобында маңыздылығын арттыруға мүмкіндік туады. Өмірдің қаржылық жағы сізді тағы да алаңдатады. Ақша туралы әңгіме тұрақты тақырыпқа айналады. Ақша қолдан жылдам өтеді. Бірақ сіз ысырапқа және негізсіз жомарттыққа бейім болғандықтан, бұл жағдайды бақылауды күшейтуіңіз керек. Көптеген адамдар жаңа достарымен саяхатқа шығады деп күтілуде. Әйтеуір, өмір жағдайында өзгерістер, күнделікті жаңару болып жатыр. Көбісі үйде немесе жұмыста жөндеу, жиһазды қайта орналастыру мәселелесімен айналысуға мәжбүр болады. Денсаулық жағдайына алаңдайтындарды жігерлендіретін нәтиже күтіледі.
Торпақ біршама оқшауланып, жалғыз қалуға мәжбүр болады. Кейде әлем сізге қарсы болып көрінетін сияқты, сізге үнемі түрлі сынақ ұйымдастырады. Дегенмен, бұл сіздің өміріңізге жаңа ереже мен шарттар енетін кезең. Мүдденің, міндеттің, міндеттемелердің жаңа түрі қалыптасады. Қалыптасқан жағдайдың әсерінен араласатын жаңа адамдар пайда болады. Ұмытылған дағдыларға, оқуға арнауға көп уақыт арнайсыз. Тәлімгерлік рөлі сізге өзекті болады. Әсіресе отбасылық қарым-қатынаста. Сенім мәселесі, отбасылық дәстүрлермен байланысы, туған жері үлкен мәнге ие болады. Сүйікті адамның қолдауы мен түсінуі ең жақсы сыйлық болады.
Егіздер белгілі қарым-қатынастағы өз рөлін біледі. Осы кезеңде көп нәрсенің бетін ашатын ақпараттың иесі боласыз. Жұмбақ болған құпиялардың беті ашылады. Кез келген түрде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туады. Оған қолайлы уақыт. Сіздің ортаңызда түбегейлі өзгеріс болуы мүмкін. Материалдық мәселеге, қаржылық мәселеге қатысты кейбір міндеттемені қайта қарау қажет. Үлкен сатып алу жоққа шығарылмайды. Өзіңіздің сыртқы келбетіңізді жақсартуға уақыт бөлесіз, белсенді боласыз, бұл мәселені талқылайсыз, одақтас іздейсіз. Сіздің жеке өміріңіз тым жарқын, тіпті қайшылықсыз. Батыл әрекеттеріңізбен айналаңыздағыларды таң қалдырасыз.
Шаян маңызды қарым-қатынасқа келгенде қиын сәтті айналып өтуге қабілетті болады. Басқасы болмайды да. Мүмкін сіз тым міншіл, қазымыр боласыз, бірақ тап осының арқасында басқалар жасайтын қателіктен аулақ боласыз. Аптаны күйбің тірлікпен өтеді деуге болады, алдыңғы жоспарлар мен міндеттемелерге байланысты әдеттегі кезең ретінде жіктеуге болады. Жұмыс пен демалу арасында іс жүзінде таңдау болмайды. Дәлірек айтқанда, сіз әдеттегі өмір салтыңызды таңдайсыз. Көптеген адамдар үшін сіздің күнделікті өміріңіз қызықсыз және тартымсыз. Бірақ сіз бұдан ерекше мағына табасыз, тіпті өз миссияңызды табасыз. Сонымен бірге сіз жағдайды жақсартуға және қаржылық қатынастарда ең тиімді позицияны, материалдық аспектіні басты назарда ұстайсыз. Жақындарыңызбен қарым-қатынас сізді шабыттандырады, өміріңізге жаңа нәрсе мен мереке сезімін әкеледі. Жағымды мереке, отбасылық ортадағы қарым-қатынас күтіледі. Досыңыздан жақсы жаңалық күтіледі.
Арыстан өзінің шынайы мақсатын жасырмайды. Басқаларға маңызды нәрсенің бәріне ынта қоясыз. Бірақ өзіңізді артық сезіну – сіздің ниетіңіздің бірінші міндеті болады. Ал іс-қимыл бағдарламаңызды жүзеге асыра отырып, осыған ұмтыла бастайсыз. Бұл бәсекелестік іс-шараларға, кез келген түрдегі жарыстарға қатысуға қолайлы кезең. Сіздің жарқын бейнеңіз әрқашан басқалардан ерекшеленеді. Көбінің кәсібін, жұмыс орнын өзгертуге қолайлы кезеңі бар. Тәуелсіздік аспектісі басым болады. Сіз бір мағыналы деп ойлаған нәрседе таңдау пайда болады. Қарсы жыныстың туыстарының бірімен қарым-қатынастың үзілуі жоққа шығарылмайды. Жеке өмір құмарлыққа толы.
Бикеш дерлік өз уақытын, жоспарын пайдалануға мұршасы болмайды. Жақын адамдардан өтініштер мен сіздің қолдауыңыз бен көңіл қоюыңызды қажет ететіндерге міндет көп. Сіз басқа адамдардың мүддесін өз еркіңізге бағындырмайсыз. Керісінше. Сіздің әрекетіңіз басқа біреудің бастамасына сәйкес әрекет ету қажеттілігімен байланысты болады. Ал осыдан өзіңізге көп пайда табасыз. Алдағы апта көңіл-күйіңізді көтеріп, өмір жолыңыздың болашағын жарқын түстермен бояйтын шағын жаңалықтар мен жағымды жаңалықтар кезеңі. Сіздің өмір салтыңыз керемет деуге болады. Алайда бір нәрсе көк шыбын сияқты бәрінің шырқын бұзып тұрады. Сіз тіпті мән-мағынасын түсінбейтін небір шектеулерге тап боласыз.
Таразы шабыттан, қиялдан айырылғандай күй кешеді. Сізге ұшы-қиыры жоқ ұсақ-түйек нәрселермен жиі айналысуға тура келді. Ал бұл перспектива сізді мүлде қуантпайды. Дегенмен өзіңізге ұнайтын нәрсемен айналысуда жақсы қуат аласыз, әсіресе ол дене белсенділігімен, спорттық жаттығулармен байланысты болса. Сізге шынымен пікірлес адамдар керек. Біреудің қолдауынсыз жарқын болашаққа деген сеніміңізді жоғалтуыңыз мүмкін. Көбінесе сіздің бір нәрсені өзгертуге, жақсартуға немесе жаңартуға ұмтылуыңыз басқа адамдарға риясыз көмек көрсетумен байланысты болады. Жақын туыстарға ғана емес. Сіз өткеннен сыйлық табасыз. Қарыз достардан ұмыт болған ақшаны қайтарып алуыңыз мүмкін. Біреу сізге көпшіліктің ризашылығын білдіретіні сөзсіз. Ал басқалары үшін бұл өте маңызды қарым-қатынасты қалпына келтіру кезеңі болмақ. Сізді барлық жерде махаббат сүйемелдеп, тауып отырады.
Сарышаян шабыт сіздің өміріңіздің барлық саласында сүйемелдейді. Ол ескі істерде, хоббиде жаңа мағына болады. Сіз өзіңізді толық, түсінетін адам сезінесіз. Бұл позицияны нығайту және үзілген байланыстарды қалпына келтіру уақыты. Бұрын сізге қымбат болғанның бәрі жаңа сапада оралуы мүмкін. Көпшілікке білімнің, жалпы білімнің арту кезеңі бар. Әріптестіктің рөлі артады. Өмір салтын қашықтықпен байланыстыратындар үшін өмір сүру ортасын өзгерту сәті қайтадан келеді. Қозғалыс идеясы ауада. Сыйлық, тосын сый жоққа шығарылмайды. Жақын досыңның көңіліңізді аулап есі шығады.
Мерген кез келген қатынастан барынша пайда алуға тырысады. Кейбір кездесу, кездейсоқ естіген сөздер сізге құнды ақпарат келеді. Бұл сіздің мәртебеңіз бен лайықты іскерлік жеңістеріңізді нығайту кезеңі .. Материалдық жағы жақсармайды. Ал мүлік немесе тұрмыс тақырыбындағы соңғы жетістіктеріңіздің арқасында жақсы көңіл-күйде боласыз. Бұл сіздің алға жылжуыңызға кедергі келтіретін барлық қажетсіз, ескірген нәрселерден құтылу уақыты. Артық салмақтан арылу, жағымсыз адамдармен мағынасыз қарым-қатынасты тоқтату уақыты келді. Отбасылық мерекеге, туыстармен кездесіп жақсы шабыт аласыз. Мереке, сыйлықтар, көңілді отырыс болады. Ал жеке өмірде көптеген жұмбақ және түсініксіз нәрселер бар.
Тауешкі өзінің күдігімен, ренішін жинақтай білуімен, оларды үнемі еске түсіруімен жанындағы адамдарды шаршатады. Басқаларға міндетін, борышын және сіз үнемі басқаларға жүктейтін шағын тапсырмаларды айтып, мазасын аласыз. Эмоционалды фонның жоғарылауы апта бойы түспейді. Және оның себептері де болады. Кейбіреулер үшін ең маңызды аспект жұмыс, кәсіби қарым-қатынас. Басқаларына денсаулығына қатысты болады. Ал кейбіреуі махаббаттың шым-шытырағына батып кетеді. Тым көп оқиғалар болады. Сізге көп күш, ризашылық пен қарым-қатынастың қарапайымдылығы қажет болады. Шығармашылық қасиеттеріңіздің арқасында сіз кез келген жағдайда ұтымды күйде қала аласыз. Қаржылық мәселелерде қиындық болуы мүмкін. Бұл салаға қатысты сот ісін, көбінесе нәтижесіз келіссөзді болдырмау мүмкін емес. Әдеттегіден гөрі сіз кіші туыстарыңызбен жиі байланыста боласыз. Іскерлік күнделікті және мазалайтын серіктестерден аулақ болу керек кезде отбасы сізге қалқан болады.
Суқұйғыш ұзақ уақыт бойы ең маңызды болып келген мәселелерге сыбанып кіріседі. Бірақ ойлау процестері мен жалпы талқылаулардан сіз ақырында әрекет етуге ауыса аласыз. Сіздің өмір салтыңыз күнделікті жағдайларға байланысты өзгереді. Бұл шабыт, пікірлес іздеу және тағдырлы шешім қабылдау кезеңі. Көптеген адамға жағдай әлеуметтік мәртебенің түбегейлі өзгеруімен байланысты болады. Сіз сенетін адамдардан қолдау, жеке кеңес алу мүмкіндігі сізге қосымша ішкі ресурс береді және өзіңізге деген сеніммен қамтамасыз етеді. Күмәннан бас тарту сіздің жоспарларыңызды жүзеге асырудың ең жақсы тәсілі болады. Сіз үнемі ақша туралы ойлайсыз. Жаныңызға қымбат адамнан ұзақ уақықа ажырау жоққа шығарылмайды. Бірақ сіздің ортаңызда жаңа және қызықты тұлға пайда болады. Жұлдыздар үлкен өзгерістерге уәде береді.
Балық өзін сенімдірек сезінеді, бір нәрсені өзгерте алады, өмірде жаңа бетбұрыс жасай алады. Мұрагерлік идеясын жеткізетін сөздер мен істердің маңызы зор болады. Бұл сіздің өмір салтыңыздағы өзгеріс кезеңі. Адамдардың белгілі бір қоғамдастығын басқару керек, мүмкін туыстық байланыстармен байланысты. Бірақ сонымен бірге өміріңіз біркелкі, тыныш және болжамды болады. Қаржылық жағы қолайлы. Көреалмаушылықтан сақ болыңыз, әсіресе ең жақын деген достарыңыздан.
Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).
Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: СИЫР ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?
2021ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ
ДАУ-ДАМАЙСЫЗ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР
АСТАРЛЫ АҚИҚАТ. АТЫШУЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР
ОЗБЫР ЕРКЕКТІ ҚАЛАЙ БІЛЕМІЗ? ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ ПОРТРЕТІ
Серіктестер жаңалықтары