2022 жылға арналған нөмірлік болжам
2022 жыл несімен ерекше? Жоспарларыңызды іске асыра аласыз ба? Жолыңыз ашыла ма? Қандай жаңалық күтіп тұр? Бақытты болу үшін не істеу керек, қалай? Келесі жылы қандай өзгеріс болады?
Автор: Александр Ремпель
Оны болжау үшін алдымен туған күн сандарын қосу керек, содан кейін 1-ден 9-ға дейінгі бір таңбалы санды шыққанша бар цифрды қосыңыз. Мысалы, сіз 1957 жылы 4 шілдеде дүниеге келдіңіз делік. (04.07.1957). 4+7+1+9+5+7=33, 3+3=6. Осы шыққан санға алдағы жыл сандарын қосыңыз. Яғни, 6+(2 + 0 + 2 + 2 = 6). Бір таңбалы санды шыққанша қосыңыз. Біздің мысалда: 6 + 6 = 12 = 1 + 2 = 3.
Бұл есептеудің нәтижесі - сіздің жыл нөміріңіз!
Сіздің нөміріңіз 1.
Биылғы жыл сізге «Өмірден өзіңе қажеттің бәрін ал!» ұранымен өтеді. Алдыңызға нақты мақсат қойып, батыл іске асырыңыз. Жаңа идея, ұсыныстардан қорықпаңыз, тіпті олар бастапқыда мүмкін емес болып көрінсе де. Есіңізде болсын, биыл сіз алдағы 9 жылдың іргетасын қалап жатырсыз. Өз кәсібіңізді ашуға болады, көшуге болады, жұмыс ауыстыруға, үйленуге болады... Барлығы қолыңыздан келеді!
Сіздің нөміріңіз 2.
Биыл сізде өткен жылы талпынған, жанталасып істеген бар жұмыстарыңыздың нәтижесін күтуге толық негіз бар. Бірақ түк істемей қол қусырып отыра беруге де болмайды – табыстарыңызды бекітіңіз. Мансабыңызда сенімді серіктес бұрынғыдан да көп қажет. Бұл жыл жеке өмірді реттеуге өте қолайлы. Отбасын құру немесе басқа ұнатқан адаммен де мәселені шешу керек. Жұмыста имиджіңізді жақсартып, бастығыңыздың назарын аударған жөн.
Сіздің нөміріңіз 3.
Бұл жыл сізге оңай және алаңсыз болады. Жақсы адамдармен араласып, көңіл көтеріңіз. Сізді қоғамда, кештер мен мерекелерде сәттілік күтеді. Сонымен қатар жұмыста бәрі мүмкіндігінше жақсы болады және көп күш жұмсауды қажет етпейді. Жыл көптеген қызықты таныстық әкеледі, ол тіпті буырқанған сезімге ұласып кетуі әбден мүмкін, бірақ, өкінішке қарай, ұзаққа созылмайды. Өмірі бармаған елге, жерге баруға болады. Тіпті жаяу саяхаттауға да болады.
Сіздің нөміріңіз 4.
Табандылық танытыңыз. Адалдық танытыңыз. Есіңізде болсын, осы жылы мақсаттарыңызға жету үшін жұмсаған барлық күш-жігеріңіз міндетті түрде ақталады. Жеке өміріңізге келсек, жеңіл-желтек қатынасты доғарған жөн, өйткені биылғы жыл өзара достық пен сенімге негізделген қарым-қатынас уақыты. Сіз серіктестерді өзгертпеуіңіз керек. Жеңілтек болмаңыз, анау-мынауды ұнатып артынан жүгіре бермеңіз. Одан гөрі, жаныңызда жүрген жақыныңызбен бар жағдайды анықтап алған жөн.
Сіздің нөміріңіз 5.
Істелген істердің рахатын көретін сәті енді келді. Сізді қызықты және күтпеген оқиғалар, саяхаттар, қызықты таныстықтар күтіп тұр. Тұрмыстық жағдайыңыз жақсарады, үйіңіздің жайлылық деңгейі артады. Бұл жыл жеке өмірдің гүлденген кезі. Жалғызбасты адамдар көптен күткен махаббатын кездестіре алады, ал отбасы барларға жан жары күтпеген жағынан ашылады, қарым-қатынаста сергектік пен жаңа сезім пайда болады. Көбінің қаржылық жағдайы мықты болады.
Сіздің нөміріңіз 6.
Жыл байсалдылығымен ерекшеленеді. Бірқалыпты болады. Үйленетіндерге қолайлы жыл болмақ. Үйлі-барандылар үй жағдайын жақсартады. Қызмет бірінші кезекте болмайды. Көбінесе оңашада қалғыңыз келеді. Сондай-ақ жыл материалдық табыспен ерекшеленеді және ол өздігінен келеді, сізден ешқандай күш-қайрат қажет болмайды. Әлі баласы жоқ адамдарға ойланатын кез келді. Тағдырдан сыйлықтар күтіңіз.
Сіздің нөміріңіз 7.
Жақсылап ойланатын, кейбір мәселені қайта қарайтын және жиі оңашада қалғысы келетін кез. Күмән көп және рухани дағдарыс та жоқ емес. Керемет тәжірибе жинақтап, болашақ туралы ойлаңыз. Эзотерикамен, астрологиямен айналысқан жөн. Өзіңіздің жеке астрологиялық болжамыңызды ойластырған дұрыс.
Сіздің нөміріңіз 8.
Егер соңғы 7 жыл бойы дұрыс бағытта жүрсеңіз, тап биыл мақсатыңызға жетесіз. Жыл әсіресе іскер адамдар мен мансап қуғандарға сәтті болмақ. Ең бастысы – саяхат пен күтпеген сыйлықтардан бас тартпаңыз. Жауапкершілікті өз мойныңызға алу үшін сізге рухани күш керек. Өз бизнесіңізді бастай аласыз. Күйеуге шықпаған қыз-келіншектер тап осы жылы сәтті тұрмыс құрады.
Сіздің нөміріңіз 9.
Өткенмен қоштасатын жыл. Бар бастаған жұмысыңызды аяқтаңыз. Қажет емес заттарды тастаңыз, өзіңізге жағымсыз адамдармен араласуды тоқтатыңыз. Денсаулыққа көңіл бөлетін кез келді: медициналық тексеруден өтіңіз, демалыңыз. Алдағы жылдары не нәрсеге қол жеткізгіңіз келетінін және оған жету үшін не істеу керектігі туралы асықпай ойланыңыз. Тұрғылықты жеріңізді түбегейлі өзгерте аласыз. Жаңа достар, жаңа орта, жаңа адамдар, жаңа жағдай қажет.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
ТАҢҒАЖАЙЫП ТИБЕТ ТЕСТІ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: МІНЕЗІҢІЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ...
ТЕСТ: ҚАНДАЙ АДАМ ЕКЕНІҢІЗДІ БІЛГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
ТЕСТ: СІЗДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІҢІЗ
АМЕРИКАЛЫҚ ТАҢҒАЖАЙЫП ТЕСТ: СІЗ ҚАНДАЙ АДАМСЫЗ?
ТЕСТ: ӨЗІНДІК БОЛМЫСЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?