2022: Біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері
Біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері неге өзгертілді? Ең төменгі жалақы қаншаға ұлғайтылады? Зейнетақы мөлшері қанша болады? Ал біржолғы зейнетақы төлемін алудың жеткілікті шегі қаншаға көтеріледі?
Автор: Заира Сабитова
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық параметрлерді ұлғайту көзделген.
Ең төменгі жалақы ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылады.
Ең төменгі зейнетақы, ең төменгі базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері де өсетін болды. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілігінің шегі міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажет зейнетақы жинақтарының заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ең төмен мөлшері деп айқындалған.
Бекітілген әдістеме бойынша төмен жинақтық шек мөлшері жинақ иесінің жасына қарай есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап төменгі жеткіліктілік мөлшері қайта есептелді. Осы мөлшерден асса, азаматтар өз жинақтарының бір бөлігін Тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалана алады.
Біраңғай зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері 2022 жылдан бастап 1,8 есе артатын болды. Оның себебі 2022 жылдан бастап елдегі ең төменгі жалақы 41 пайызға өсіріледі.
2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан, атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 2021 жылғы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өсті.
Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры осыны ескеріп, 2022 жылға төмен жинақтық шек мөлшерін де көбейткен. 2022 жылдан бастап бұл мөлшер әр жас бойынша мынадай көлемде есептеледі:
-Егер олардың ақшасы таусылып жатса, халыққа ашық айтсын. Зейнетақы қорында қанша қаражат бар екенін көрсетсін. Қордың айтқан жауабы логикаға келмейді. Жай ғана мәселеден сытылып шығу. Себебі, жұрттың жалақысы онсыз да аз. 100 мың айлық алатындар бар. Менің ойымша, шартты бұлай күрделендіру азаматтар өз зейнетақы жинағын шеше алмасын дегенге саяды.