{metadescription}
ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: 2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗНАМА

ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: 2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗНАМА

Барыс жылы 2022 жылдың 1-ақпанында басталып, 2023 жылдың 22-қаңтарында аяқталады. Жұп санымен аяқталатын жыл ерлер жылы деп саналатын дәстүр бар. Су жылының қамқоршысы – Меркурий.Жыл сипаттамасы: ауырғанда көбінесе бүйрекке салмақ түседі. Дәмі – тұщы, түсі — қара. Жыл өсімдігі — тары. Жыл тұмары — тасбақа. Түс: алтындай жылтыр, көк, қызғылт сары, күміс түсті.  

2022 ЖЫЛДЫ ҚАЛАЙ ҚАРСЫ АЛУ КЕРЕК?

Құм, алтын, қоңыр-сарғыш, сарғыш түсті киіммен қарсы алыңыз. Ашық және адал болу жылдың негізгі шарты. Сол себепті көп әшекей тақпаңыз, ол тіпті алтын болса да.

ДАСТАРХАН

2022 жылғы дастарханда міндетті түрде ет тағамдары мен жеңсік ас болғаны дұрыс. Ең бастысы – ет. Тіпті вегетериан болсаңыз да, жылдың берекесі –  ет.

Жыл басында белсенді болыңыз, бір нәрсені күтумен уақытыңызды зая кетірмеңіз. Барыс жылдам шешім қабылдап, тайсалмай кез келген істі қолға алып, алға ұмтылғандардың жолын ашады. Қандай жағдай болмасын, әрбір кедергі, қателіктің артында үлкен сәттілік тұрады. Қиындықтан қорықпасаңыз, онда жолыңыз ашылады. Барыс жылы дау-жанжалға, шиеленіске дайын болыңыз. Барыс жылы сізге түкке тұрғысыз идеяларды ұсынады. Таң қаларлығы сол, ондай идеяларды көбісі оң көріп қабылдап, тіпті жақындары да соған түрткі болады. Барыс жылы дені дұрыс басшыларға үміт артылады. Сонымен, 2022 жыл — салтанат құру, бірегеейсіздік, кеудіреу, біліксіздік, құзыретсіздік жылы. Аман болыңыз, көп ойланыңыз және әр нәрсені терең пайымдай біліңіз.

ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗНАМАСЫ-2022

Бұл жыл тыныш болады деп айта алмаймыз. Бәрін бақылап, қадағалап, зер салу керек.  Асығыстықтың қажеті жоқ. Ал сақтық жақсылық әкеледі. Барлық салада күтпеген өзгерістер болады. Апаттар. Іс-әрекеттегі тұрақсыздық. Жыл өзгерістерге, аумақтан кетуге, қарым-қатынастың толық үзілуі. Егер балаңыз күн шығып, батқанға дейін дүниеге келсе, онда Күн кішкентай Барысын қорғайтын болады.

ТЫШҚАН (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008) мазасыз, өзіне сенімсіз. Одақтасқа, пікірлес адамға мұқтаж болады. Және жаңа ештеңе бастаудың қажеті жоқ. Кәдімгі жұмыс, дәлелденген дәстүр аясындағы әрекеттер - бұл сіздің Барыс жылына арналған жолыңыз. Ең жақсы нәрсе - өзіңізге қатысты нәрсеге ерекше көңіл бөлу. Жаңғыру тек сіз бұрын жоспарлаған дүниеде ғана болады. Бұл ретте денсаулықты нығайту, осыған байланысты алдын алу шаралары сізді алаңдатуы мүмкін. Кәдімгі үйреншікті нәрсеге сенген жөн. Жаңашылдық сіз үшін емес. Жақын адаммен қарым-қатынасты сақтау сіздің қабілетіңізге байланысты. Отбасылық қатынас көбінесе қаржылық мәселеге  байланысты болады. Саяхатқа шығуыңыз мүмкін, бірақ ол тек қажет болғанда ғана жүзеге асады. Бұрынғыдан да көп міндеттемелер пайда болады.

СИЫР (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009) тыныш өмір көзден бұлбұл ұшады. Мазасызданып ұйықтап, уайыммен оянасыз. Болып жатқан жағдайдың тұрақсыздығы, басқа адамдардың әрекеттері жыныңызға тиеді.  Айналаңыздағы адамдар сізді ашушаң, қауіпті, ымырасыз мінез-құлықты байқайды. Дегенмен, бұл сіздің мақсатыңызға жетуге көмектесетін болса,  шыдамды бола аласыз. Жұмысқа және іскерлік қарым-қатынасқа философиялық көзқарас кәсіби мәртебеңізді нығайтады. Көптеген адамдар үшін Барыс жылы  - белгілі бір жағдайлардың әсерінен жаңару жылы. Көпшілігі жаңа жұмысқа ие болады. Басты пайда - сіз не істеу керек болса да, өзіңізді жақсы жағынан көрсете аласыз. Сізге жақын адамдарыңыздың қолдауы, серіктесіңіздің түсіністігі қажет болады. Бойдақтар күтпеген жерден үйленуі мүмкін.

БАРЫС (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010) Барыс жылы тізгінді қолына алып, бәрін өзі басқарады, босаңсуға болмайды. Тек солай болып көрінсе де. Шындығында, сіз өміріңіздің барлық аспектілеріне енетін сынақ кезеңін күтіп тұрсыз. Өтіріктен, сатқындықтан сақтан. Соған қарамастан, өзіңіз үшін дұрыс деп санайтын нәрсені жасай аласыз. Және сіз көп жағынан сәттілікке ие боласыз. Бастаған нәрсе, егер ол үлкен жобалармен, кәсіптегі немесе бизнес-қоғамдастықтың жаһандық бағытымен байланысты болса, сіздің ең жақсы сәтті дүниеңіз болуы мүмкін. Айтарлықтай өсу, атақ алу, танымал болуыңыз да мүмкін. Егер  ерекше нәрсені басқаруға батыл болсаңыз, сәттілік сізбен бірге еріп жүреді. Сізді пікірлестердің қолдауы, материалдық жағынан көшбасшылықтың жомарттығы, жеке өміріңіздегі сезімнің  сенімділігі қорғайды. Көптеген адамдар тағдырлы жоспар бойынша ұзақ сапарға шығуы керек. Кейбіреуіне бұл көшумен аяқталады.

ҚОЯН (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011) бітімгершілік, қарым-қатынас орнату және тараптарды татуластыру мәселелерінде таптырмас адам болады. Ашық қақтығыстан аулақ бола отырып, әрқашан басқаларды диалог пен өзара тиімді бизнеске шақыра бастайсыз. Шешендікпен, сыртқы сүйкімділікпен жарқырайсыз. Сіздің құнды қасиеттеріңіз - айтылған сөздің дұрыстығына сенімділік және өз сөзіңізге сену - бұл кез келген құлдырайтын бизнес үшін тамаша іргетас. Құтқарушы ретінде нақты шешім, батыл әрекетті талап ететін тағдырлы оқиғалардың басында боласыз. Егер  көшбасшы болсаңыз, онда командаңызға бақ әкелесіз. Тәуелсіз қызметпен айналысатындар үшін пікірлестерді біріктіру, инновациялық идея мен қаржылық сарапшылықты насихаттау маңызды. Ал бұл жылы сіз материалдық жағынан ең бақыттысыз. Айналаңыздағылар сізді жаңашыл ретінде қабылдаса да, сіз өзгерістерге құштар емессіз. Сізге еркін өмір салтын сақтау керек.

ҰЛУ (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012) басқаларға қарағанда ол құбылыстардың мәнін түсінуге және қабылдауға қабілетті. Болып жатқан нәрсе сіздің ойыңызды толқытады, толық көлемде әрекет етуге мәжбүр етеді. Бұл кәсіби және іскерлік мағынада жақсы байқалатын болады. Мұнда сөзбе-сөз революциялық идеялар, күтпеген бетбұрыс және осы бүлікшіл активті алға жылжытудағы сіздің басты рөліңіз болуы мүмкін. Сіз ең керемет әрекеттердің пайдасын көре аласыз. Шындығында, басқалар шығынға ұшыраған кезде белгілі бір соманы қайдан алғаныңызды ешкім түсінбейді. Отбасылық байланыс, отбасылық дәстүрлер және туыстармен қарым-қатынас үлкен мәнге ие болады. Айналаңызға маңызды адамдардың барлығын жинай аласыз. Бірақ сонымен бірге сіздің сүйікті адамыңыздан оның бастамасы бойынша ажырайсыз. Жүрегіңіз жаңа сезімге ашық болады. Жаңарту сыртқы көріністе де болады. Сіз іс жүзінде едәуір өзгересіз – көп дүние сізге қатты әсер етеді. Көпшілігі марапат пен атаққа ие болады. Басқасына мұра бұйырады немесе мұрагер пайда болады. 

ЖЫЛАН (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001) жиі шаршайды, басқалардың мінез-құлқынан жалығады. Көп нәрсені қабылдамауға себеп болады, көбісі келіспейтін болады. Дегенмен сіздің ұстанымыңыз – қарсы келмеу және өз пікіріңізді көрсетпеу – тұрақты болып қалады. Бүгінгі жұмысыңыз сізге сәйкес келмейтін сияқты, ұнамайтындай көрінеді. Жұмысты ауыстыруым керек деп ойлайсыз, тіпті екі рет ауыстырасыз. Және бұл сізді үнемі шаршатып, тіпті қиын болады. Сізге мызғымас жігермен кіретін өзгерістен үйренуге болатын тәжірибе өте құнды болады. Кейіннен сізде осындай тәжірибе бар болғандықтан ғана қаржылық жағынан айтарлықтай табысқа жете аласыз. Және бұл сізге пайдалы ма, жоқ па, маңызды емес. Сіз оны ойлап таппағаныңыз маңызды. Барыс жылы балалар тақырыбы үлкен маңызға ие болады. Бұл бағыттағы мәселенің шешілуі, әбігері көп болады. Мазасыздық пен үміт сізді отбасыңызбен бірге алып жүреді. Сіз жақын адамға белсенді түрде қамқорлық жасауға мәжбүр боласыз.

ЖЫЛҚЫ (1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002) тұтас алғанда түбегейлі өзгеріске құлшынып кіріспейді. Оған бейім емес. Ыңғайлы және таныс жағдайлардың құрастырылған жүйесі сізге жағады. Ішіңізден  жетістіктеріңізге мақтанып жүресіз. Дегенмен, жағдай сізді бір нәрсені өзгерту, бір нәрседен бас тарту, маңызды шешім қабылдау қажеттілігіне қайта итермелейді. Онсыз тағы болмайды. Жаңа тапсырыстар мен шарттарды қанағаттандыру үшін өз кәсіби құндылығыңызды қайтадан белсенді түрде дәлелдеуге тура келгенде, жұмыс бар күшіңізді салуды қажет етеді. Қаржылық аспект құбылмалы болады, бірақ ықпалды серіктестің қолдауымен сіз басқаларға қарағанда табысты боласыз. Өзіңіздің дене пішініңізге, денсаулығыңызға, сыртқы келбетіңізге көбірек көңіл бөлетін боласыз. Сізге қызықсыз болған адамдардан алшақтайсыз. Ол өте ашық түрде көрінеді. Тіпті қатал болуы мүмкін. Барыс жылы тұрғылықты жеріңізді өзгертуіңіз әбден мүмкін.

ҚОЙ (1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003) өткенге жиі көз жүгіртеді, өткенді талдайды. Барыс жылы сіз бұрыннан араласып жүрген кейбір адамдарды жүрегіңіз бен ойыңыздан қуып шығарасыз.Өзіңізде алшақтықты, кейбір ұмытшақтықты сезінуіңіз мүмкін, басқалар сізге көңіл бөлмей, сіз мүлдем жоқтай өмір сүріп жатқандай көрінеді. Жаңа жұмыс, оқу,  өмірдегі жағдайларда сізге пайдалы болатын дағдыларды меңгеруіңіз мүмкін. Белгілі бір қабілеттердің ашылуына, өзін мүлде жаңа тұлға ретінде танытуына жағдай туады. Табандылық, ұсақ-түйекке назар аудару, сандармен айналысу  бағаланады. Көбісі ынтымақтастықтың жасырын нысаны, аноним  жағдайындағы жұмыс өзекті болады. Күрделі қаржылық схемаларды әзірлеу мүмкін. Жастар арасында сезім өршиді. Отбасын құру да жоққа шығарылмайды. Дегенмен ғашық болу басқаларын да айналып өтпейді.

МЕШІН (1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004) бұл өмірде басқаларға қарағанда әлдеқайда жақсы орналасады. Көбінесе сіздің рөліңіз ең ұнамды болады, бірақ ол тек сізге ғана бұйырған. Белсенділік немесе басқаларға жанашырлық танытуға қарамастан, сіз басқа адамдар жиі байқамайтын ұсақ-түйектерден жақсы мүмкіндік аласыз. Интуиция керемет болады. Қоғамдағы жалпы тенденцияны, әсіресе қаржылық тақырыпқа байланысты түсіну қабілеті материалдық баю мүмкіндігін жіберіп алмауға көмектеседі. Бұл ретте жұмыс көп болмақ. Көбінесе серіктестерге қолдау көрсетуге, тәлімгер немесе оқытушы ретінде әрекет етуге тура келеді. Сонымен қатар, сіз шығармашылық немесе жеке бастаманың күш-жігерімен байланысты сәттерді ғана бағалайсыз. Жалпы алғанда, ықпалды одақтастар қойған мақсат пен міндеттерді жүзеге асырудан көңіліңіз қалуы мүмкін. Жеке өміріңізде серіктесіңізге деген салқындық сезілуі мүмкін.

ҚОРАЗ (1933, 1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005) өзгеріске ұмтылмайды, бірақ өкінішке қарай, өзгеріс соған ұмтылады. Ең бастысын жіберіп алмау үшін өмірдің көптеген аспектілерін үнемі назарда ұстау керек. Сіз ешқашан оңай жол іздемегенсіз, сондықтан қиындықтар сізді алаңдата алмайды. Іскерлік ынтымақтастыққа келетін болсақ, оларды жолдастық дәрежеге ауыстыру туралы иллюзияға жол бермеу керек. Міндеттемелер болса, оларды бастан аяқ орындау керек. Бірақ мүдделі тараптардан мұндай шарттарды мүлтіксіз орындауды талап ету сіздің басты картаңыз болады. Ал егер сіз жұдырықтасуға дайын болсаңыз, әрқашан жеңіске жетіп, күткеннен де жақсы нәтижелерге қол жеткізе аласыз. Кәсіби жағы үлкен мәнге ие болады. Оқыту, білім беру және мақсатты кеңес беру – осы жылдағы әрекет ету саласы. Белгілі бір қорды, қоғамды, партияны басқаруға ұсыныс түседі. Сіз жеке қарым-қатынаста, отбасында, жақын адамдарыңызға деген сезімде шабыт аласыз, қолдау табасыз және өмірдің мәнін көресіз.

ИТ (1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006) өзі үшін де, басқалар үшін де күтпеген жерден ашылады. Белгілі идеялар сіздің әрекетке ынталандырады.  Сіз батыл және шешім қабылдауға дайынсыз. Ал жолыңызда қарсы тұру қауіпті. Бұрынғы дағдылар кенеттен сұранысқа ие болады. Көптеген адамдар өзінің алғашқы білімін немесе бір кездері шығармашылық және кәсіби дамуыңыздың бастамасы болған жұмысқа орналасуды есіне түсіреді. Сіз ақша таба аласыз, бірақ бұл мүлдем жаңа жол және басқа мүмкіндіктер арқылы болады. Барыс жылы сіздің достарыңызбен қарым-қатынасыңызды белгілейді. Ал мұнда көптеген өзгеріс күтілуде. Біреуді қажетсіз деп қабылдамайсыз, біреуді әртүрлі әлеуметтік көзқарастарыңыз үшін елемеуіңіз керек. Бірақ екінші жағынан, сіздің әлеуметтік ортаңызға басқа адамдар кіреді. Және ол сізді қызықтырады. Тіпті, қайта ғашық болған сияқты. Денсаулығыңызды күту, белгілі бір істерді қайталау, ереже сақтау қажеттілігі өмір салтыңыздың негізгі құрамдас бөлігіне айналады.

ДОҢЫЗ (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007) алдындағы қиындыққа   берілмеу үшін өз күшін сақтау керектігін түсінеді. Және ол, әрине, болады. Мінездің икемділігі мен барлық нәрседен дұрыс қорытынды жасай білудің арқасында жұмысыңызда және өмірдің іскерлік саласында міндетті түрде болатын өзгерістерге бейімделуге бел байлайсыз. Қолайлы нәрсені анықтау және одан да табысты одақтастармен үйлесімді әрекет ету қабілетіңіз сізге тәуелді адамдардың материалдық аспектісін анықтайды. Сіз бірнеше көзден пайда таба аласыз, бірақ мұндай сәттілік құбылмалы болады. Айналаңыздағы адамдар сіздің жүзіңізден қолдау мен түсіністік іздейді. Егер сіз көшбасшы болсаңыз, команданың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім деңгейіңізді шұғыл түрде арттыру керек. Ұзақ сапар болуы мүмкін, жақын адамдар арасында көшу идеясын талқылайсыз. Жақын туыстың өмірінде үлкен өзгеріс болады.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).   

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.