Тұрғын үй нарығындағы баға – Сарапшылар пікірі
2022 жылы бастапқы және қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы қандай болады? Баспана бағасының төмендейтініне үміт бар ма? Қандай жаңа мүмкіндіктер пайда болуы мүмкін?
Автор: Заира Сабитова
Виктор Микрюков, Қазақстан құрылыс компаниялар қауымдастығының президенті:
— 2022 жылы жеке құрылыс салушылар тарапынан тұрғын үй құрылысының үлкен көлемі күтілуде, бұл ретте пәтерлерге сұраныс жеткілікті деңгейде болады.
Зейнетақы ақшасының баспана бағасына әсері қазірдің өзінде төмендеді. Қазір құрылыс материалдарының қымбаттауы көбірек әсер етіп отыр. Тренд осы нарықтағы дүрлігумен байланысты. Пәтерге сұраныс ұсыныстың ұлғаюына себепші болады, демек, материалдарға сұраныс артады. Бұл баспана құнынан көрінеді.
Бағаның төмендеуі былай тұрсын, тіпті тұрақталмайды. Биыл бастапқы нарық 7,5-8 пайызға қымбаттады. Егер құрылыс салушылар бағаны шығындарына сай көтерсе, пәтерлер де сонша сомаға өседі, соның салдарынан 15%-ға дейін қымбаттауы мүмкін. Дегенмен, көптеген компания тұтынушыларынан айырылып қалмау үшін бағасын төмендетуге тырысады.
2022 жылғы трендтерден - жылдам цифрлық ипотеканы және ипотекалық бағдарламаларды айтуға болады. Мысалы, Ресейде шамамен тұрғын үйлердің 70% несиеге сатылады. Егер біз қолма-қол ақшадан бас тартсақ, нарық әлдеқайда ашық болады. Бізде әлі күнге дейін бір баға жазылып, басқа бағамен төленетін мәмілелер бар. Бұл ең қауіпті операция.
Заңсыз сатып алу-сату шарттарының көп болуына байланысты Қазақстан Республикасының бастапқы нарығына қауіп төніп тұр.
Көптеген пәтерлер үлестік құрылыс туралы заңды айналып өтіп сатылып жатыр. Құрылыс компаниялары үлестік қатысу шартының орнына пәтерлерді инвестициялық, алдын ала және басқа схемамен сатады.
Мұндай мәлілелер Нұр-Сұлтанда 70%-дан астам, Алматыда – 40%, Шымкентте – 50%-ға жуығы жүзеге асырылып жатыр. Аймақтар туралы айтатын болсақ, Қарағанды, Орал, Петропавл қалаларында пәтерлердің 100 пайызы осылай сатылады.
Мұндай мәміле автоматты түрде жарамсыз деп танылады. Өйткені дефолт дефолт болған жағдайда мемлекет құрылыс компаниясына: «Бұл мәмілеге өздеріңіз бардыңыздар, енді өздерің шешіңдер!» дейді. Бұл ретте билік бақылауды күшейтіп, бірақ бұл ұсыныстың санын азайтып, сұранысты, сәйкесінше бағаны арттырады.
Сарапшылардың пікірінше, 2022 жылы:
– Құрылыс материалдарының бағасы өсе береді, бұл бастапқы нарыққа әсер етеді.
- Баспана қолжеткізу оңай болу үшін пәтерлердің шаршы метрін (ауданын) кішірейтеді.
- Жылдам цифр ипотекасы дамиды.
– Жаңа әлеуметтік бағдарламалар пайда болады.
– Өңірлерде бастапқы нарыққа сұраныс артады.
- Салынып жатқан ғимарат сатып алудың жаңа, неғұрлым сенімді механизмі пайда болады – бөліп төлеу арқылы.
- Қайталама нарық бастапқының артына ілеседі.
Вячеслав Лазарев, құрылыс компаниясының директоры:
– Менің ойымша, 2022 жылы баспана бағасы одан әрі өседі. Бәлкім, бұл баяуырақ болуы мүмкін, бірақ біз кем дегенде 10% өседі. Құрылыс компаниялары шығындарды бақылау үшін өз қызметін оңтайландырудың жаңа механизмдерін табуы керек. Тиімсіз компаниялар нарықтан кете бастайды, бұл монополизацияға және ұсыныстың төмендеуі жағдайында тұрғын үй құнының одан әрі өсуіне әкеледі.
Әміржан Имамбаев, құрылыс компаниясының сарапшысы:
— Қазір сұраныс тұрақты өсіп жатыр. Пәтерлерді сатып алу мынадай жолмен жүзеге асырылуда: астаналық клиенттердің 40 пайызы қолма-қол ақшаны, 35%-ы бөліп төлеуді, 25%-ы ипотеканы қалайды.2022 жылдың басынан бастап аздап баяулайды деп күтілуде және пандемия дүрбелеңінен кейін сұраныс қалыпты болады. Мемлекеттік және коммерциялық жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болады деп күтілуде. Бәлкім, мемлекеттік бағдарламалардың қатысуымен жалға берілетін баспаналар саны артылуы мүмкін.
Марина Грушина, жылжымайтын мүлік сату агенттігінің директоры:
– Тұрғын үй бағасы шарықтау шегіне жетті. 2022 жылы да тап осындай нәтиже күтуге болмайды – жеңілдетілген ипотека бағдарламалары жабылып жатыр, халықтың көпшілігі зейнеткерлік қорындағы барын пайдаланып үлгерді. Сұраныс азаяды деп ойлаймын. Бастапқы нарықта бұл іске асырудың жаңа тетіктерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Құрылыс компаниялары бәсекелесіп, салынып жатқан пәтерлерді сатып алудың оңтайлы шарттарын ұсынуы керек. Мысалы, Испанияда, Түркияда, Грузияда және басқа да туристік аймақтарда карантин кезеңінде құрылыс салушылар ұзақ мерзімді төлемдерді – бес жылға дейін, мүлікті басқаруды – жалға беруді және сатып алу шығынын өтеуді ұсынды. Менің ойымша, мұндай ұсыныстар біздің елде де пайда болуы мүмкін.
Қайталама нарыққа келетін болсақ, ол әрқашан бастапқыдан кейін жүреді. Қайтала нарықтағы баспана ешқашан жаңа ғимараттардың жарты бағасына түспейді. Жаңа ғимараттардың бағасы көтерілген кезде сатып алушылар қайталама нарыққа барады. Демек, сұраныстың жоғары болуына байланысты пәтер иелері бағасын көтереді.
Эльдар Шамсутдинов, экономист:
– Тұрғын үй бағасы қазірдің өзінде тұрақтанды. 2021 жылғыдай қымбаттау енді болмайды. 2022 жылғы сұранысқа келетін болсақ, Нұр-Сұлтан Алматы мен облыстарға, соның ішінде батыс пен солтүстікке енгізілген шаршы алаңдардың саны бойынша көшбасшылықтан бас тартады деп ойлаймын. Өйткені шағын нарыққа қарамастан, мұнда бастапқы нарық өніміне сұраныс өте жоғары.
Әзірге Қазақстанды тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі өте төмен – орташа есеппен бір адамға 22,6 шаршы метр. Үкімет әрқайсысын шаршы метрмен қамтуда бағдарламаларын іске қосу арқылы қарқынын арттыруға ұмтылады. Ол әлеуметтік бағытта болады деп ойлаймын.
Жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне байланысты құрастырмалы үй жинақтарын сатып алу артады деп айта аламын. Қазір заманауи, экологиялық таза және қолжетімді материалдар бар. Яғни коммуникациялы учаскесі бар адам бір-екі айда өзіне үй сала алады.
Ірі қалаларда тұрғын үйдің шаршы метрі азаяды – құрылыс компаниялары пәтерді барынша кішірейтуге тырысады, яғни қолда бар жеріне қарай пәтер санын барынша өсіреді.