{metadescription}
2021 жылы әлемде орын алған басты оқиғалар

2021 жылы әлемде орын алған басты оқиғалар

КТК арнасы 2021 жылы әлемде орын алған басты оқиғаларға шолу ұсынады. 2021 жыл тек қазақстандықтардың ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығының жадында жер шарына таралған коронавирус инфекциясының «омикрон» жаңа штамының таралуымен, Еуропадағы көші-қон дағдарысымен, Ауған билігіне тәліптердің келуімен қалатыны анық.

COVID-19, жаңа штамм

2019 жылы Қытайдың Ухань қаласында шыққан КВИ әлемге тарап, дүниежүзін дүрбелеңге салды. Ақыры әлемде экономика құлдырап, күні-бүгінге дейін есін жинай алмай жытр. Кризистен қашан шығатыны да  белгісіз. Ол аздай, жыл басында коронавирустың мутацияланған «Дельта» штамы дүрбелең тудырса, артынан Африкада анықталған тағы бір штамм – «омикрон» жағдайды одан әрі қиындатты.

110 елде анықталған «омикрон» штамы "дельтаға" қарағанда, тез таралады. Еуропа елдері «омикрон» штамынан қатты зардап шегуде. Лондон мэрі Садик Хан қалада төтенше жағдай енгізді. Ағылшын премьер-лигасы аясында жоспарланған алты футбол матчы кейінге қалдырылды. Ал Франция мен Германия британдықтардың келуіне шектеу енгізсе, Нидерланды ағылшындықтарға 10 күндік міндетті карантин енгізді. Нидерландыда локдаун енгізілді. Австрия көңіл көтеру орындарына коменданттық сағат енгізді. Франция, Германия, Италия, Испанияда да шектеу іс-шаралары қолға алынған.

Токио Олимпиадасы

Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі - 8 тамызы аралығында өткізілді. Олимпиадада АҚШ - 39, Қытай - 38, Жапония 28 алтын медаль еншілеп көш бастады – 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Олимпиада бағдарламасына алғаш рет бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг – спорттың бес түрі енгізілген. Олимпиадаға 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысты.

8 тамызда Токио Олимпиадасының жабылу салтанатында ресми жалау алдағы Жазғы Олимпиада ойындарының йесі Францияға табысталды.  Ал Жазғы ойындар Парижде 2024 жылдың 27 шілде - 11 тамызда өткізіледі.

АҚШ Президентін сайлауынан кейінгі жағдай

2020 жылғы АҚШ президент сайлауында демократтар өкілі Джо Байден жеңіске жетті. Ал Дональд Трамп бнымен келіспей, сотқа жүгінетін болды. 2021 жылдың 6 қаңтарында Вашингтонда Капитолийде, сайлау қорытындысын талқылады. Сайлаушылар дауысы сертификатталуы тиіс еді. Бірақ Трамп жақтастары Капитолийді басып алды. Күзет сенаторлар мен конгрессмендерді тез қауіпсіз жерге шығарды. Тәртіпсіздік кезінде шамамен 5 адам мерт болып, ондаған полиция қызметкері жарақаттанды.
Сол күні АҚШ Конгресі Трампты мемлекетті басқару өкілеттігі мен міндеттерінен айыру немесе оған қатысты АҚШ Конституциясының 25-ші түзетуінің 4-бабын қолдану арқылы сенімсіздік таныту туралы бастама көтерді. Ақыры Трамп өз еркімен отставкаға кетті.

АҚШ-тың 46-шы Президенті Джо Байденді ұлықтау 20 қаңтарда өтті. Дональд Трамп салтанатты шараға қатысқан жоқ және н «ядролық шабаданды» Байденге табыстаған жоқ. Байден жаңа «ядролық шабадан» жасатуға мәжбүр болды.

Навальный

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Германиядан Мәскеуге оралып, шекара бақылауынан өтіп бара жатқанда оны полиция ұстап алды. 23 қаңтарда Навальныйды қолдап наразылық шерулері өтті. Ең ауқымды шеру  Мәскеуде өтті, оған шамамен 50 мыңға жуық адам қатысты.

Еуропа

2021 жылдың 1-қаңтарында Ұлыбритания Еуропалық одақ құрамынан толық шығып, Германияның 8-ші Федералды канцлері болған Ангела Меркель қызметтен кетті. 8 желтоқсада оның орнына Олаф Шольц келді.

Наурызда Франция соты Николя Саркозиді жемқорлыққа кінәлі әрі судьяларды сатып алмақ болды деп танып, ол 3 жылға сотталды. Бірақ екі  жылын шартты түрде өтейтін боды. Саркози тағылған айыптарды мойындамады.

Чехия Ресей Федерациясы Елшілігінің 18 қызметкерін ресми түрде елден шығарды. Чехия ресейлік дипломаттарға 2014 жылы әскери оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа қатысы бар деп айыптады. Ал Ресей Чехия Елшілігінің 20 қызметкерін «персона нон-грата» деп жариялады.

Қараша айында Польша мен Беларусь шекарасында миграциялық дағдарыс өрбіді. Таяу Шығыс босқындары Беларусь шекарасымен Польша, Литва арқылы Еуропа елдеріне өтуге кірісті. Енді сол аталған еуропалық екі ел Беларусьпен шекарада төтенше жағдай режимін енгізіп отыр.

Еуропадағы миграциялық дағдарысқа біраз жыл болды. Соғыс, саяси жағдайдағы Сирия, Ауғанстан, Ирактан, тұрмыстары қиын Ливия, Тунис, Алжирден босқындар соңғы жылдары Еуропаға ағылуда. ЕуроОдақтың полиция қызметі бес жылда Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан келген босқындар Еуропалық одақ шеңберінде 118 теракт жасап, соның салдарынан 382 адам мерт болған деп мәлімдеді.

Ханзада Филипп қайтыс болды

2021 жылдың 9-сәуірінде Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның жұбайы ханзада Филипп қайтыс болды. Ол өзінің 100 жылдығына екі ай ғана жетпей көз жұмды. Эдинбург герцогы Филипп пен патшайым II Елизавета 73 жыл бойы бір отауда болды.

Ауғанстан

2021 жылдың 1 мамырында НАТО «Батыл қолдау» миссия күшін Ауғанстаннан шығара бастады.  Тамызда ол шара аяқталды. «Талибан» қозғалысының іс-қимылы тірлігіне кірісіп, Ауғанстан билігіне келді. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі «Талибан» қозғалысынан өз міндетін орындап, Ауғанстаннан кету қарарын растады. Қарарда  Ауғанстаннан кеткісі келетіндер және шетелдік азаматтар әуе/құрлық шекарасымен кетуіне мүмкіндік беретіні айтылған.

23 миллион ауғандық аштықтан көз жұмуы мүмкін, - дейді БҰҰ. Тұрғындардың 95 пайызы аш отыр. Ал «Талибан» ресми өкілі Сухейль Шахин бұған тек  халықаралық қоғамдастықты кінәлап, ауған халқы Батыстың кесірінен зардап шегіп отыр дейді.

Дүниежүзіндегі елдер, оның қатарында қазақстан да бар, Ауғанстанға  барынша көмек көрсетуде. Еліміз ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетіп, әлі де көртсеуге дайын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.