{metadescription}
«Астарлы ақиқаттың» топ жарған бес шығарылымы

«Астарлы ақиқаттың» топ жарған бес шығарылымы

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» ток-шоуы қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткілді шешіп келеді, шеше береді. Талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болып келеді. Бүгінде де бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Ендеше 2021 жылдың жанайқайы болған, қаралымы көп ТОП-5 оқиғаны қарап көрсек.

1. Астарлы ақиқат: Қайын атадан қойын атаға-1

Шалымның шақуаты туған келініме ауды. Түркістандық Гүлнар Ерметова отбасындағы сұмдық жағдайды жасыра алар емес. Оның ұлы осыдан сегіз жыл бұрын үйленіп, үйге Әсия есімді аруды алып келген. Жас келін  күйеуінің ғана емес, қайынатасының да қойнында аймаласып жатыпты. Неге? Дүниеге келген сәбилердің әкесі кім?

 

2. Астарлы ақиқат: Сифилис кімнен жұқты?

Менде бар, күйеуімде жоқ. Редакцияға Ақмарал Рахметова хабарласты. Келіншек тұрмысқа шығып жылға жетпей ажырасып кеткен. Шаңырағымды шайқалтқан – дәрігердің диагнозы дейді. Ақ халаттылар оның қанынан мерез яғни “сифилис” ауруын анықтапты. Жыныстық жолмен жұғатын індет менде болса, неге күйеуімнен шықпайды деген Ақмарал күмән мен күдікті сейілтіп, ақиқатты анықтағысы келді.

3. Астарлы ақиқат: Он бестегі мама

15 жасында жүкті болған! Құрбанкүл Құдайқұлова мектепте оқитын қызының аяғы ауыр екенін айтып арызданды. Қаршадай қызды қармағына түсірген 24 жастағы жігіт екен. Алмат Қалжанов жасөспірімді аламын деп алдап, төсектес болған көрінеді. Сүйіктісінің жүкті екенін білгенде жер жұтқандай жоқ болып кетіпті.

 

4. Астарлы ақиқат: Сумо сәби

«Баламды аман алып қалыңдаршы». Алматы облысының тұрғыны Ерлік Нышанмолдаев осылай деп «Астарлы ақиқаттан» көмек сұрады. Айтуынша, кенже ұлы семіздік дертіне шалдыққан. Туғанда небәрі үш жарым келі болған бөбек бір жасында 20, екі жаста 30, үшке келгенде 52 келіге семірген. Дәрігерлер кішкентай Нұрәлидің жүрегін май басып жатыр, өкпесінде демікпе бар деп дабыл қағуда. «Баламның табанына кірген тікен маңдайыма неге кірмеді» деп күндіз түні перзентінің амандығын тілеп отырған ата-ананың ендігі үміті «астарлы ақиқатта». Бүлдіршінді ауыр салмақтан арылтудың жолы қандай?   

5. Астарлы ақиқат: Жарым-жарым ес

Күндіз-түні қара жұмысқа жегіліп, күс басқан қолымен бала-шағаны асыраймын деп жүргенде, ойда жоқта әйелім үйден қашып, бүйірімнен біз сұққандай болды». Бұл – жалғызбасты әке Бексұлтан Исаевтың жанайқайы. Ол сегіз жыл отасқан әйелін іздеп «Астарлы ақиқаттан» көмек сұрады.

 

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде