{metadescription}
«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының міндеттері қандай? Қорды кімдер қаржыландырады? Қор өз міндетін қандай секторларға арналған қаражаттан жүзеге асырады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры (ҚӘҚ) құрылды.

Қор келесі міндеттерді орындайтын болады:

- ҚР халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсету;

- төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде ҚР-ның зардап шеккен халқына көмек көрсету;

- халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдесу;

- ҚР аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларына және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қолдау;

- Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.

Қорды қаржыландыру жеке көздерден, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударымдарынан, қайырымдылыққа, оның ішінде квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан жүзеге асырылатын болады.

 «Қазақстан халқына» қорына аударым жасаған бизнес субьектілеріне жеңілдіктер беріледі.

«Бизнес субьектілерінің «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуын ынталандыру үшін Ұлттық экономика министр алаңында Салық кодексіне түзетулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. «Қазақстан халқына» әлеуметтік-қоғамдық қорына мүлік түрінде аударым жасағандарға салық салынатын кірісін азайту құқығы ұсынылады. Бұл жеңілдіктің мөлшері әлі талқыланып жатыр.

Екінші бөлім – аталған қордың қаражатынан көрсетілетін көмекке қатысты. Салық заңнамасы бойынша мұндай қаражат алушының табысы қайтарымсыз алынған мүлік ретінде қаралады. Біз қазір Салық кодексінің бұл тұрғыдағы ережесін қайта қарап жатыр. Яғни, салықтан босату жағына өзгеруте енгізілмек.

«Қазақстан халқына» ҚӘҚ төрағасы – Болат Жәмішев.

Қамқоршылық кеңес құрамы:

Пя Юрий Владимирович – «University Medical Center» КҚ басқарма төрағасы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;

Аружан Сайын– ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Милосердие» ерікті қоғам» қайырымдылық қорының директоры;

Бақыт Мәдениетқызы Байғалиева - «ҚР орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің негізін салушысы, төрайымы;

Саида Жанәбілқызы Тәуекелова - «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ негізін салушысы, жетекшісі;

Эльмира Айташқызы Алиева - «Help Today» ҚҚ төрайымы;

Ләззат Алтынбекқызы Шығысбаева - «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры;

Трифонов Владислав Вячеславович - «Жизнь без границ» ҚБ;

Смирнова Ирина Владимировна – ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері;

Роза Айтжанқызы Сүлейменова - «САТР» ЖШС бас директоры;

Алмаз Ержан - қоғам қайраткері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы;

Ораз Алиұлы Жандосов - «Ракурс» экономикалық анализ орталығының директоры, экономист;

Олжас Әбдімәлікұлы Құдайбергенов - «Center for strategic initiatives» консалтингтік компаниясының аға серіктесі;

Арманжан Мерекеұлы Байтасов - «Tan Media Group» иесі, меценат;

Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов – ҰҚП «Атамекен» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы.

Ал қордың Қамқоршылық кеңесі тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері, меценаттар және жанашыр азаматтар «Қазақстан халқына» қорының шотына келесі деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады:

 «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан халық банкі» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ.

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде