{metadescription}
ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау. Энергетика министрлігі

ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау. Энергетика министрлігі

Жанар-жағармай, бензиннің шекті бағалары белгіленді ме? Сұйытылған мұнай газының нақты бағасы қалай бекітілді? Сұйытылған газды электрондық саудада сататын болды ма? Қандай өндіріс, зауытты іске қосу жоспарланған? Қандай жобалар жүзеге асырылады? Энергетика министрлігі Президент тапсырмаларын орындау үшін қандай жоспар құрды? 

Мұнай өнімдерінің бөлшек саудасына шекті бағалар белгіленді:

АИ-80 – 89 тг/л

АИ-92 – 182 тг/л

АИ-93 – 182 тг/л

ИИ-95 – 215 тг/л

Дизельдік отын – 230-260 тг/л

Сұйытылған мұнай газының бағасын уақытша мемлекеттік реттеу енгізіліп, бөлшек сауда бағасы бір литр үшін 50-75 теңге аралығында бекітілді.

Екі бұйрық шығарылды:

Сауда-саттық ережелерін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтата тұру туралы бұйрық, оған сәйкес Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық саудадан тыс сатады.

Сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын төмендету туралы бұйрық. (Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік белгіленген сұйытылған газдың бөлшек саудасы бойынша шекті бағаларды сақтау мақсатында)

Биыл қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауытты іске қосу жоспарланған.

Негізгі назар келесі ірі өндірітік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады:

Полиэтилен (жылына 1,25 млн тонна)  

Бутадиен (жылына 189 мың тонна)

Терефтал қышқылы және полиэтилентерефталат (жылына 1 млн тонна)

Бұл жобаларды жүзеге асыру Қазақстан экономикасына шамамен 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Теңізшевройил, Қарашығанақ, Петролеум Оперейтинг және Норт Каспиан Оперейтинг Компани консонциумдары Мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығын құрды. Оның негізгі мақсаты – қазақстан Республикасы мұнай, газ саласы үшін аталған кәсіпорындардың тауарларын өндіруді, атап айтқанда, жаңа өндіріс кәсіпорындарын ашу арқылы, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған отандық өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы өндірісті оқшаулау.

Жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестиция қоры да құрылды. «Шеврон» компаниясы республика алдындағы қайта инвестициялау міндеттері шеңберінде жергілікті қамтуды дамытуға 248,5 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бөледі.

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде