{metadescription}
«Тоғжан» сериалы несімен қызықты?

«Тоғжан» сериалы несімен қызықты?

Бес бірдей режиссер жұмылдырылған сериал. Телеарнаның қайнаған қақ ортасында түсірілді. Ондаған локация, телевизия студиясы, арнайы павильондар. Тілшінің тіршілігі, қауырт қарбалас. Журналистердің қиын-қыстау өмірі мен ізденімпаз қасиеті. Ақпарат саласының мамандары отбасындағы қиындыққа қарамастан кәсібін адал атқара ала ма?

КТК арнасы журналистер өмірін баяндайтын «Тоғжан» деген атпен ерекше сериал түсірді.

Қызығы мен қиындығы қатар жүретін журналист — әйел болса, отбасының берекесі мен мансабының терезесі үнемі тең келеді деу қиын. Таразы басын теңестіре алатын әйел затының бойындағы қадір-қасиет те тап осындайда айқын көрініс табады.

Журналист қызметіндегі қиындық шаңырағыңны ң  шайқалғанына түрткі болмай ма? Ал, керісінше, үйіңдегі берекеңнен айырылған соң, қызметіңде де жұбайыңның қасарысқан өшпенділігіне тап болсаң, не етер едің?

Тағдыр тауқыметіне төзе аласың ба?

Отбасының ауызбірлігін сақтау қиын ба?

Кәсіби талантың мен табиғи табандылығың болса, қиындықты жеңіп шыға аласың ба?

Журналистердің қиын-қыстау өмірі мен ізденімпаз қасиетін көргіңіз келе ме? Ендеше КТК арнасынан дүйсенбі-жұма күндері сағат 18:30-да «Тоғжан» деген атпен атпен түсірілген телехикаяны көріңіз.

«Тоғжан» сериалы отандық басқа кино өнімдеріне қарағанда өзгеше және ерекше деуге болады. Неліктен?

  • Басқа сериалдардан айырмашылығы – тақырыбы — журналистика. Журналистердің өте қызықты әрі қиын өмірін, қиын тағдырлары. Туындының өн бойы Тоғжан есімді бас кейіпкердің өмірімен тығыз байланысты.
  • Көрерменге журналистің бастан кешірген оқиғасы әрдайым қызық. Әсіресе қызметімен қатар журналистің отбасы, ошақ қасындағы кикілжіңі одан да қызықтырады. Ол да рас.
  • Өмірде болған оқиға. Кейіпкерлердің прототиптері бар. Шындық болған соң, көрерменнің қабылдауына оңай әрі жақын.
  • КТК телеарнасының базасында түсірілді. Телеарна тек шығармашылық тұрғыдан емес, техникалық тұрғыдан да, материалдық-техникалық базасы жағынан да ауқымды дүниені, телетуындыларды түсіруге мүмкіндігін көрсетіп отыр. Түсірілім алаңы түрленіп, декорациялар сәтті таңдалған.  
  • Бес бірдей режиссер жұмылдырылған, яғни бес бірдей режиссердің қолтаңбасы бар. Әрқайсысының өз көзқарасы мен қолтаңбасы бейнеленді. Дегенмен мәнмәтіні ортақ, стилистикасы бұзылмаған.
  • 70 сериядан тұратын туындынының режиссерлік тізгінін көпшіліктің көңілінен шыққан "Жібек", "Таңдау", "Қара шаңырақ" атты сериалдарды түсірген Айдын Сахаманның өзі қолына алды. Отандық киноларда да түсіп жүрген режиссердің үміт күтетін туындысы – «Тоғжан».
  • Әр көрерменнің санасына ой тастайды. Тоғжанның өмірі арқылы адам бойынан табылатын жағымды да, жағымсыз қасиеттерді, елдегі әлеуметтік мәселелерді суреттейді. Мақсат ортақ — бас кейіпкердің шым-шытыраққа толы өмірі арқылы өзгелерге ой салу.
  • Әр сериясынан тәлкекке түскен тағдырларға араша түскен журналистерді көресіз. Өткір де өзекті мәселелерді қозғайды. Ақпарат саласының мамандары отбасындағы қиындыққа  қарамастан кәсібін адал атқарады.
  • Оқиғалар журналистердің көзқарасымен, әр түрлі шешіммен қорытылады. Журналист жұмысы арқылы жеке проблемалар да көрініс тапқан. Жұмысыңа берік, адал бола аласың ба? Таразыға түскен екіойлылық, екіұштылықтың қорытындысы айқындалған.  
  • Сериалдың әрбір сюжеті нанымды. Сценарийде жеке адамның өмірі кеңінен суреттеліп, оның кәсіби таланты мен табандылығы, махаббаты мен мейірімділігі шебер өрілген.
  • Әр сериясында бір ғана отбасының емес, жеке-жеке бір кейіпкерлердің басынан өткізген қиын жағдайы суреттелген. Әр сериясында жұртты жалықтырмайтын бір-бірінен ерекшеле қызықты оқиға бар. Ток-шоуға қатысушылардың да басынан өткен оқиғасы көркем бейнеленген.
  •  Детектив. Қуаныш, қасірет, достық пен сатқындық.
  • Ақиқатқа қол жеткізу үшін журналистер нағыз зерттеу жүргізеді. Басына қауіп-қатер төнсе де ....
  • Ойдан шығарылған телеарна, ойдан шығарылған кейіпкерлер, бірақ шынайы оқиға.
  • «Тоғжан» — телебағдарламаның қалай жүзеге асырылатынын, жарыққа шығарылатынын айнытпай ашық көрсетеді.
  • «Тоғжан» — эфирге шығып жүрген танымал тұлғаның жеке өмірінің шымылдығын ашады.  
  • Сериядан серияға дейін кейіпкерлер өмірі түрленіп отырады. Өзгенің қияметін шешемін деп, өзінің жанұясындағы шешілмеген дау үсті-үстіне қатпарланып жинала береді.

Телехикая танымал тележүргізушінің шым-шытырық өмірі жайлы сыр шертеді.
Бұрынғы күйеуінің кесірінен шаттыққа толы шаңырағы шайқалған Тоғжан атты кейіпкеріміздің күрделі оқиғаға толы ғұмыры ...

Бұрынғы күйеуі, телеарнаның жаңа тағайындалған продюсері Тоғжанды жаңалықтар дикторы қызметінен босатып, рейтингі төмен бағдарламаға жүргізуші етіп тағайындайды. Дегенмен Тоғжан мойымайды. Ол бар күш-жігерін салып, халықты мазалап жүрген өткір мәселелерді қозғап, бірте-бірте танымал болады.

Аталмыш сериалда түсірілген актерлер мен түсірген режиссерлер журналист мамандығын, оның болмысын, тірлік-тіршілігін, тілшілер әлемін мұқият зерттеді десек, қателеспейміз.

Сериалдың көптеген көрінісі КТК арнасының кеңсесінде түсірілгендіктен, КТК жаңалықтар студиясын көру бұйырып отыр.

Ендеше 14 ақпаннан бастап сағат 18:30-да КТК арнасынан «Тоғжан» телехикаясын тамашалауға асығыңыздар. Дүйсенбі-жұма күндері.

Айтпақшы, «Тоғжан» сериалы КТК-ның YouTube-арнасына жүктеліп отырады.

Facebook, Instagram және Telegram желілерінде талқыланады, ой-пікірлеріңіз бізге әрдайым қызық.

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде