Астрологиялық болжам: 2022 жыл 11-17 сәуір
2022 жылғы сәуір айы. Астрологтардың 11-17 сәуіріне арналған жұлдыз-жорамалы қандай? Бұл аптада сізді не күтіп түр? Кімнің жұлдызы оңынан туады? Кімнің жолы болмайды? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
2022 жылдың 11-17 сәуір аралығындағы астрологиялық болжам.
Тоқты ол өзінің досы деп танығысы келетін адамның көңілін аулайды. Ішкі жинақтау, құндылықтарыңызды дұрыс ұйымдастыру және өміріңіздің негізі боларлық барлық маңызды нәрсені түсіну кезеңі келеді. Ұсақ-түйек нәрселер, болмашы фактілер, басқалардың мінез-құлқының кейбір түсініксіз дүниесі үлкен мәнге ие болады. Көбісі дәл қазір жаңа деңгейге көтеріле алады, егер мұндай міндет бір кездері қойылған болса. Мансабы өсу, атақ-даңқ, сыйлық, марапатқа ие болуға қолайлы кезең. Бойдақтар күшті және ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа түседі, дегенмен махаббат туралы әңгіме болмайды. Жайдары отырыстар, туыстармен салтанатты кездесу, сыйлықтар мен құттықтаулармен, отбасылық мереке күтілуде. Тұрмыстағы нәрселер қуантады. Тұрғын үй жағдайын жаңартуға, интерьердегі сапалы өзгерістерге құошыныс көп. Алда қысқа сапар күтіледі.
Торпақ адамдар арасындағы бітімгер, делдал қызметін атқарады. Жаныңызда әрқашан түсіністік пен қолдауды қажет ететін туыстар, достар болады. Кейде басқа адамдардың қиындығы сізге тым көп қысым жасауы мүмкін, бұл ісіңізді жасауға мүмкіндік бермейді. Жұмыс қиындықтан құтылуға да, басқалардың немқұрайлылығынан қашуға, жайлы пана іздеуге түрткі болады. Бірақ сіздің жолыңызда көптеген ұсақ-түйек пен кедергілердің салдарынан шаршау мен депрессиялық көңіл-күйге түсуіңіз мүмкін. Еркіндікке ұмтыла отырып, сіз басқалардың міндетіне жауапкершілік жүгін көтеруге мәжбүр боласыз. Бұл шектеу сіздің өмір салтыңыздың тежеу факторына айналады. Бірақ дәл осы кезеңде сіздің материалдық деңгейіңіз көтеріледі. Ақша сізге бірнеше жерден келеді. Шенеунікпен тіл табысу керек, күрделі әлеуметтік мәселенің сан қырлы шешімі бар. Бірақ бәрі қауіпсіз түрде шешіледі. Жеке өмірде серіктеске деген сенімдік артуы мүмкін. Сырттан назар аудару белгілері сіздің сондай күдік тудыруыңызға себеп болады.
Егіздер өзгелерді кенет өзінің тұйықтығымен және байланыс орнатуға дайын болмауымен таң қалдыруы мүмкін. Осы кезеңде жанжалдың, даудың бастамашысы боласыз. Тіпті жақындар ғана емес, бөтен, мүлдем бейтаныс адамдармен де. Қоғамдық орындарда, әсіресе көлікте (ұшақ, автобус, пойыз) жүргенде абай болу керек. Жұмыста сіздің сыртқы келбетіңізді айтып, мінез-құлқыңызды және киіну мәнеріңізді сынауы мүмкін.и Басқалардың пікіріне қарсы тұру қиын болады. Сіз ешкімді иландыра алмайсыз. Қиын-қыстау кезеңде әрқашан қасында болған адамдардан қолдау мен достық іздеген дұрыс. Жаңа таныстар көңіліңізді тез қалдырады. Соңғы уақытқа дейін махаббат, биік сезім деп қабылдағаныңыз кенеттен тітіркендіріп, жалған болып шығады. Қаржылық тұрғыдан бұл апта табысты болуы мүмкін, сонымен қатар пайдалы сатып алулар тұрғысынан да. Үйіңізде қонақтар болады. Осы аптадағы сапар сізді шаршатқанымен, пайда әкеледі.
Шаян өз жоспарын орындауға тырысады. Сізге өмірдің барлық саласында тұрақты жағдай қажет. Болжамсыздық сізді әрқашан алаңдатады. Осы кезеңде достарыңыздың күтпеген сапары, сізбен сөйлесуге мүдделі адамдармен жоспардан тыс кездесуі болуы мүмкін. Сізге басқаларға қарағанда жақсы шеше алатын мәселе бойынша қолдау көрсету, біреуге кеңес беру қажет болуы мүмкін. Жұмыста бұрынғы дағдыларыңызға қайта оралуыңыз керек. Бұл шығармашылық өрлеу, шабыт пен жаңа перспективалар кезеңі болмақ. Танымал пікірлестермен қызықты ынтымақтастық жоққа шығарылмайды. Табиғатта көп уақыт өткізесіз. Дене белсенділігі, спорттық іс-шаралар, таза ауадағы жұмыс өзекті болады. Көптеген адамға бұл апта жеңіспен, маңызды материалдық жеңіспен және марапаттармен ерекшеленеді. Жақын досыңыздың компаниясында сапарға шығуыңыз мүмкін. Отбасылық ортада жайдары мереке болады.
Арыстан өз әл-ауқатына қауіп төндірмеу үшін жұрт көзіне түспеуге тырысады. Жауапкершілікті өз мойныңызға алғыңыз келмейді. Иә, қазір маңызды шеші қабылдау сіздің қолыңызда емес. Проблемалық міндеттеме және үлкен энергия шығынын қажет ететін жағдайларды басқалардың мойнына іле саласыз. Ішкі сенімділіктен айырылмау үшін сізге үйде де, жұмыста да жайлылық қажет. Кәсіби қызметке қатысты жаңа жоспар жасайсыз. Мүдделеріңіз басқалардың мүддесінен жоғары болатындай іскерлік ынтымақтастық принципін өзгерткіңіз келеді. Көп нәрседе жетістікке жетесіз. Техникалық мақсатта бірнеше қысқа сапарға шығуыңыз керек. Шенеуніктермен бірқатар кездесу, іскерлік келіссөз күтілуде. Келісімшарттарға қол қою, маңызды құжат алу да жоққа шығарылмайды. Осы кезеңде өз адамыңызға жылулық, назардың жетіспеушілігін сезінесіз. Ескі досыңызбен ажырасқаныңызға шын жүректен өкінесіз. Біраз ақша жоғалтасыз.
Бикеш жағдайды басқара алмайды. Сіз оқиғалардың жылдамдығынан және өмірдің қарқынына сәйкес келмейтінінен қорқуыңыз мүмкін. Беделді досыңыздың қолдауы мен назары қажет болады. Осы кезеңде ашық әңгімелесуге, сенімді өмірлік нұсқау іздеуге бейім боласыз. Басқа адамдардың кеңесі мақсатқа жетуде осы қиын жолды қысқартуға көмектеседі. Алыстан жаңалық күтіледі. Біреу сізді алаңдатады және сонымен бірге сіздің жоспарыңыз бен тапсырмаңызды қайта қарастырасыз. Кейде үнемі бірдеңені жоғалтып жатқандай, бірдеңені жіберіп алатындай және өмір сізге әділетсіз болып көрінетін сияқты. Танымал адам сіздің қызығуыңызға түрткі болады. Оған кенеттен жанашырлық сезінесіз. Сізге пайдалы болуға деген шынайы ниетті тудыратын адамдарға жеке қамқорлық жасау өте маңызды. Бірақ әрқашан басқаға беруден гөрі, олар сізге бере алатынынан көп нәрсені күтесіз. Бұл жолы да көңілсіз боласыз. Маңызды сатып алу күтіледі. Жақын досыңыздан сыйлық күтіңіз.
Таразы өз жоспарынан ауытқымайды және оны бар ынтамен ұстанады. Сізге басқалардың пікірін және жақын адамдардың кеңесін ескеру қажет болуы мүмкін, бірақ сіздің рөліңіз осы қиын оқиғаларда басты рөлде қалады. Жұмыста кадр саясатына қатысу керек. Сіз өз жауапкершілігіңіздің салмағын толық сезінесіз. Бірақ көбінесе топтың немесе пікірлестер қауымының мүддесін қорғай отырып, басқаларды қорғайсыз. Шығармашылық шабыт, сіздің жеке бастамаңыз және қандай да бір құнсыз пайда әрқашан бірінші орында болады. Өзіңіздің кәсіби құзыреттілігіңіздің беделін растауын немесе қалаған құжатты алу үшін бірқатар кедергіні жеңу керек. Сізді күмәнді, арандатушы нәрсесі бар мерекеге шақыруы мүмкін. Сіз жиі аудитория алдында сөзіңізді сақтайсыз, маңызды сөз айтасыз. Сізге сын айтылуы мүмкін. Бұл ішкі тәжірибелердің, күмәнданудың және өз өмір жолын түсінудің қиын кезеңі. Ақша тап қазір соншалықты тартымды, маңызды емес.
Сарышаян кәсіби салада, бизнес ортада өзін жақсы қырынан көрсете алады. Көбінесе дос немесе әріптестеріңіздің біріне қамқорлық жасауға, қолдау көрсетуге және қажет кеңес беруге тура келеді. Сонымен бірге жаңа білімге деген құштарлық артады. Ал сіз өзіңізге ұстаз, тәлімгер іздеуде боласыз. Ең жақын ортаның өмірі қандай болады, сенімен де солай болады... Бір айырмашылығы – әркім өз тарихын басқалардан басқаша қабылдайды. Бір немесе басқа шешімді таңдауда негізгі рөлді материалдық қызығушылық атқарады. Жалпы, ақша тақырыбы әрқашан алдыңғы қатарда болады. Және табысқа кепілдік беріледі. Негізінен, жеке табандылық пен табысты пікірлес адамдармен бәсекелесуге деген тұрақты ұмтылыстың арқасында. Сізге алыстан немесе шетелден қандай да бір шақыру (хабарлама) келеді. Ұзақ сапарға шығу мүмкін емес. Жеке өмірде бәрі бұрынғыдан мүлдем басқаша жаңа көрінеді.
Мерген бірнеше апта бұрын жолыңызда болған оқиғалардың ұқсастығына тағы да тап болады. Мүмкін, ойдың дұрыстығынан гөрі эмоция жиі басым болады. Бірақ олардың жетегіне ермеу жеткілікті. Өйткені, сізде тәжірибе бар! Ішкі түйсігіңізге, жоспарларыңызға, мақсатыңызға адал болсаңыз, жеңесіз. Жақын досыңызбен елеулі үзіліс болуы мүмкін, өзіңізге байланысты емес себеппен қоштасуыңыз мүмкін. Өмір көбінесе кәсіби қызығушылықтармен байланысты келіссөзге, кездесуге және сапарға толы болады. Ұзақ мерзімді сипаттағы кейбір тұрмыстық мәселе болуы мүмкін - жөндеу, интерьерді өзгерту, негізгі үй-жайларды сәл қайта құру. Туыстарымен байланыс белсенді. Отбасылық мереке, сыйлық сатып алу мүмкіндігі болады. Қаржылық жағдай біркелкі емес. Бойдақтардың жеке өмірінде күрт бұрылыс күтілуде. Өзгеріс күтпеген сәтте жаулап алады. Ал оның бәрі махаббат.
Тауешкі достарына да, әріптестеріне де құпия пен сақтық танытады. Кейде сізді ештеңе қызықтырмайтындай көрінеді. Бірақ санаңыз ашық болады және мінез-құлқыңыз біреуді аңдығандай әсер береді. Бірдеңе пайда болған кезде, әсіресе жұмыста, сіз алғашқылар қатарында боласыз, басқаларды шаң қаптырасыз. Ақша тұрғысынан басқаларға қарағанда әлдеқайда табысты боласыз. Егер кімде-кімнің жалақысын көтеретін болса, ол 0 сізсіз. Кәсіпкерлерді әрқашан табыс күтеді. Сіздің дос қыздарыңыздың немесе достарыңыздың бірінің жеке өміріне қатысты ақпарат сізге өте маңызды. Басқалардың құпиясын тыңдауға, көңіл бөлуге және жанашырлық танытуға тура келеді. Сіздің кеңесіңіз басқаларға қиын өмір кезеңінен өтуге көмектеседі. Ағайындармен (немесе әпкелермен) қарым-қатынас маңызды болады. Алыс туыстардан келген адаммен өте маңызды кездесу бар. Жоспарланбаған сапар болуы мүмкін. Күн тәртібінде жылжымайтын мүлік мәселесі күрт көтеріледі.
Суқұйғыш қандай да бір жолмен өзі үшін ойлап тапқан нәрсеге сенуге қабілетті. Және бұл соншалықты үмітсіз емес, өйткені сіздің интуицияңыз керемет. Сіз шындықтан алыс нәрсені болжай аласыз. Ойларыңызды жүйелеуге және оларды сенімді әрекетте, шешуші әрекетте білдіруге шығармашылық батылдық жетіспейді. Сенуге болатын адамның қолдауына ие болу өте маңызды. Бірақ дәл қазір кездейсоқ кеңесті қабылдамай, тәжірибеңізге сүйенетін боласыз. Басқаларға сенбеу сізге және сіздің өмір салтыңызға зиян келтіруі мүмкін. Бірақ жалғыз болғандықтан, қажет нәрсеге назар аудара аласыз. Түптеп келгенде, тек өзіңізге ғана сенудің еш жамандығы жоқ. Материалдық жағы жақсарады. Кіші отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жақсы кезеңге өтеді. Комплимент пен мадақтау жеке өмір деп аталатын барлық нәрсені ауыстырады.
Балық өз арманына деген сенімі басқалардан жоғары. Арманының орындалуына жақын қалды деуге болады. Бүгінгі позициядан ең жақсы деп бағалаған күйге оралуға негіз бар. Өмірін жаңа бастағысы келеді, таза парақтан. Ал қазір бұл үшін бәрі дайын. Толқу, мақсатқа ұмтылу, энергетикалық әлеует. Жұмыста және жеке өмірде үлкен өзгеріс болады. Сұранысқа ие болу сезімі өзіңізге сенуге және әлемді ашуға мүмкіндік береді. Кәсіби, іскерлік салада пайдалы кездесу, келісім, жаңа қызықты ынтымақтастық орын алуы мүмкін. Көпшілігінде жұмыспен қамту мәселесі шешіледі. Ұзақ уақыт бойы қиын таңдауға тап болғандар үшін жаңа жұмыс табылуы мүмкін. Егер басшы болсаңыз, онда сізге реформалау, кадр саясатындағы өзгерістер мен меншіктеу мәселесі әсер етеді. Бірақ кез келген жағдайда сіз жеңесіз. Қомақты қаржы күтілуде. Кейбіреулер үшін ол мұра болуы да мүмкін. Сіз көшу немесе жаһандық жөндеу мәселесіне қайта ораласыз.
астығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).
Оқи отырыңыз: 2022 ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ - ЖОРАМАЛ
ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: 2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗНАМА
ӘЙГІЛІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: СІЗДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚОРҚЫНЫШЫҢЫЗ НЕ ЕКЕНІН БІЛІҢІЗ
2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НӨМІРЛІК БОЛЖАМ
ТЕСТ: ӨЗІНДІК БОЛМЫСЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: МІНЕЗІҢІЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ...
АДАМДАР КӘРІЛІКТЕН НЕГЕ ҚОРҚАДЫ