Мамыр айында дүниеге келген адам несімен ерекше?
Адамның дүниеге келген айы жұлдызнамадан гөрі, сол адамның жеке басының ерекшелігі туралы көбірек айта алады. Қай айда тусаң, сол ай адамның мінезін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл бос сөз емес, ғылыми дәлелденген факті.
Автор: Заира Сабитова
АҚШ-тағы Коннектикут университетінің ғалымдарының бірі Марк Гамильтонның айтуынша, туылған ай адамның мінезінің қандай болатынын анықтайды дейді. Ол әр түрлі саладағы 300 танымал америкалықтардың қатысуымен жүргізілген зерттеу жұмысынан кейін осындай тұжырым жасаған.
Гамильтон бір айда туылған адамдар белгілі бір салада жетістікке жетеді деген қорытынды жасады.
Ал Йель университетінің ғалымдары жарық дүниеге келген айдың адамның болашақ тағдырына әсерін зерттеуде де бірқатар ғылыми жетістікке қол жеткізген. Жүргізілген зерттеулерден кейін олар шизофрениямен ауыратын адамдар да күнтізбеде орналасқанын күні алшақ кетпеген деген қорытындыға келді.
Біздің туған айымыз тек болашағымызды анықтап қана қоймайды, сонымен қатар біздің тұлға ретінде қандай екенімізді және мінез-құлқымыз жайлы сыр шерте алады екен.
Ендеше мамыр айында дүниеге келген адамның басқа айда туған адамнан қандай айырмашылығы, ерекшелігі бар?
Мамыр айында туғандардың басты ерекшелігі:
Қажымайтын. Қайтпайтын. Табан тірескен.
Айнымас. Берік. Сенімді. Тіректі.
Адал.
Именшек. Ұялшақ.
Жиһан кезіп, шартарапты аралағанды ұнатады.
Қызық оқиғаға құмар.
Мамыр айында туғандар табиғатынан табанды, қайратты, алған бетінен қайтпайды. Рухы биік.
Олар өзінікінен өлсе де айырылмайды. Ешкімге өз орнын бермейді. Өйткені әрдайым алғы шепте болу оның басты қағидасы.
Бірақ онымен сөз табыса алмаймын, тілге келе алмаймын, келісе алмаймын деп ойламаңыз. Мамыр айында туған адам ақымақ емес.
Бағыт-бағдарсыз, мақсатсыз, тұрақсыз емес. Олар өз қағидатына берік, адал.
Сонымен қатар оларға сенім артуға болады.
Олар жақсы, адал дос, жолдас.
Именшек, ұялшақтығына қарамастан, мамыр айында туғандар небір оқиғаның басы-қасында жүреді. Олар тәуекелге бел буып, қауіпке бәс тігіп, небір оқиғаға еніп кетуге дайын. Өйткені оқиғаны қызық көреді. Ұнатады.