{metadescription}
Үйіңіз сатылмай тұр – Не істеу керек?

Үйіңіз сатылмай тұр – Не істеу керек?

Жылжымайтын мүлігіңізді сатылымға қойдыңыз, бірақ ол өтпей ұзақ уақыт тұрып қалды. Не істеу керек? Әр нәрсенің сатып алушысы және сатылатын уақыты бар. Клиент міндетті түрде табылады. Дегенмен әр нәрсенің өз уақыты бар деп қол қусырып отыра беруге болмайды. Бәлкім, сіз тез сатылып кетуге кедергі болатын қателік жіберіп алдыңыз? Ендеше осы қателіктерді анықтайық.  

Пәтер қанша уақытта сатылуы керек

Оның орташа мерзімін дөп басып айту қиын, ол сегментіне байланысты екенін естен шығармайық. Аталмыш сала мамандарының зерттеуіне қарағанда, мысалы Алматыда  ең өтімді нысан екі аптада сатылып кетеді.

1. Құны тым қымбат

Жасыратыны жоқ, көбісі арзан сатып жібермейін деп, кім білсін, бәлкім біреу-міреу алып қалар деген дәмемен тым қымбат бағаны қояды. Бұл тактика дұрыс емес.
Нарықта сатылымда пайда болған кез келген нысан басқаларымен бәсекеге түседі. Әр сатып алушы өзіне ыңғайлы бағаны таңдайды. Ал бәрінен қымбат нысан ешкімді қызықтырмайды. Ақыры пәтер уақыты зая кетеді.  

 Не істеу керек
Ол үшін нарықта пәтеріңізге ұқсастардың орташа бағасын түсініп, жылжымайтын мүлігіңіздің ерекшеліктерін ескеріп түзету енгізіңіз. Жүздеген хабарландыруды қарап шығыңыз. Оны мобильді қосымшадағы тегін бағалау қызметінен де білуге болады. Қажет параметрін енгізіп, бірден нәтижесін көресіз, яғни орташа бағалау құнын. Сонымен қатар, есепте шаршы метрдің бағасы мен ұқсас пәтерлердің баға диапазоны көрсетіледі.

Кейде саудаласу үшін аздап қосымша құнын қалдырады, әдетте, ол соманың 5 пайызынан аспайды.

2. Хабарландыру – қызықсыз

Сатуға арналған хабарландыру негізінен – жарнама. Ол қызықтыратындай болуға тиіс. Оның екі негізгі құралы: фото және мәтін.

Сатып алушы ең бірінші  фотосуреттерді қарайды. Пәтер оларға тартымды көрінетініне көз жеткізіңіз.

Фотоға түсіргендегі негізгі ережелер:

• Кадрда артық, яғни қажет емес нәрсе болмауы керек. Ол: адам, жануар, шашылған заттар, кір түсқағаз, кафель, кілем, ыдыс-аяқ және т.б.

• Фотоны түсіретін жер барынша жарық болу керек.

•  Бөлек жерді емес, бөлмені бүтін, жалпылай түсіріңіз. Мұны диагональда, яғни бұрыштан түсірген ыңғайлы.

Қараңғы, сапасыз фотосурет салмаңыз, ол тіпті адамды сескендіріп, қорқытып жіберуі мүмкін. 

Лайфхак: басындағы негізгі фотоны анда-санда ауыстырып тұрыңыз. Бұл тағы да назар аудартуға, адамдардың алған әсерін жаңғыртуға септігін тигізеді.

Мәтін жазу. Ақпарат неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Сіздің пәтеріңіз несімен ұнамды болуы керек, соны ойланыңыз. Қандай тиімді тұсы бар, ерекшелігі, артықшылығы қандай? Және шынайы жазыңыз.

Былай жазудан аулақ болыңыз: Бір бөлмелі пәтер, жиһазымен, саудаласпаймыз. 

Сәтті мысал: жайлы, жылы пәтер сатылады. Барлық бөлме оқшауланған, үлкен, кең және жылы балкон, жұмыс істеуге ыңғайлы орын жасауға болады. Сантехника сапасы жақсы жағдайда, терезелері пластик, едені жаңа ламинат, қабырғалары жаңа левкас. Үй қаланың элита ауданында, көлік қою мүмкіндігі бар тыныш аулада орналасқан. Көршілер сабырлы және зиялы адамдар, үйдің кіреберісі таза және ойын алаңдары бар жайлы аула.

Хабарландыру құрастырғанда жіберетін басты қателік:

— фотосурет жоқ (фотосыз хабарландыру суреттері барына қарағанда бес есе аз қаралады);

— үй туралы кеңірек мағлұмат бермейтін нашар, ақпаратсыз мәтін;

— картада белгісі жоқ (үйдің картадағы орналасуы көру санын айтарлықтай арттырады - пайдаланушылар картадағы іздеуді жиі пайдаланады, ол қалаған аумақты ерекшелейді).

Картада үйдің орналасқан жеріне белгі қойыңыз, сатып алушылар ауданның инфрақұрылымымен таныса алады. Жақын жерде мектептер, дүкендер, дәріханалар болуы, бұл көбінесе баспана іздеудегі негізгі факторлардың бірі.

3. Хабарландыруды насихаттамау

Хабарландыру қаралымын арттыруға сайттағы насихат, алға жылжыту  көмектеседі. Ол сайттың бірінші беті мен қызу ұсыныстардың жоғарғы жағында көрсетіледі.

Ақылы қызметті елемеуге болмайды, насихаттау кейде нысанды жылдам сатып жіберу мүмкіндігін арттырады.

4. Телефон қоңырауын елемеу

Үйін сатқысы келген адам әрқашан байланыста болуы керек. Сатып алушы ақпаратты дер кезінде алғаны маңызды. Жауап болмаса, ұсыныс таңдалған үйлердің тізімінен сызып тасталады. Қоңырауды жіберіп алсаңыз, кері байланысқа бірден шығыңыз. Дәл қазір жауап бере алмасаңыз, басқа уақытта қоңырау шалуды ұсыныңыз.

Белсенді болу үшін әрқашан сатып алушымен байланыста болу және оның барлық сұрағына жауап беру өте маңызды. Мысалы, ванна бөлмесінен бастап коммуналдық пәтердің орташа сомасына дейін.

5. Пәтерді көрсетуге дайын болмау

Сатып алушыға пәтерді көрсету – сатудың ең басты кезеңі. Ол үшін пәтерді жақсылап дайындап қою керек. Кем дегенде:

• жинап, тазалау;

• желдету, ауасын тазарту;

• тұрғын үй құжаттарын дайындау.

Ал тұрғын үйді сату үшін қандай құжаттарды дайындап алу қажет, баспана сатып алу-сатуда ең маңызды құжат не, пәтер сатқанда меншік иелерінің арасында кәмелетке толмаған бала болса, ол қалай рәсімделеді, тұрғын үйдің техникалық параметрі қандай болады, ауыртпалықтар деген не? Оны мына жерден оқыңыз.    

Сондай-ақ, кепілақы туралы келісімді қалай рәсімдеу керек, ол қанша сома болуға тиіс, кепілақы беріліп, бірақ мәміледен бас тартылса немесе бір тарап ақшаны қайтармай қойса не істеу керек, оның келісімін қалай бұзуға болады, кепілақы мен кепілдің айырмашылығы неде, кепілақы пен аванстың айырмашылығы неде? Оны мына жерден оқыңыз.

 

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде