{metadescription}
Шетелдіктерге жалға үй берсең, айыппұл арқалауың мүмкін

Шетелдіктерге жалға үй берсең, айыппұл арқалауың мүмкін

Елімізге келген шетелдіктер пәтер жалдау үшін нені білуге тиіс? Ал пәтерін жалға берген қазақстандық азамат не істеуге міндетті? Шетел азаматтарына жалға үйді қалай беру керек? Білесіздер ме, қазақстандық меншік иелері шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз жалға бергені үшін жазалануы мүмкін.

Ал жаза шарасы – ескертуден бастап 92 мың теңге айыппұлға дейін.

Ішкі істер министрлігі мен заңгерлер не дейді? Айыппұлды қалай болдырмауға болады? Яғни пәтерді заңды түрде қалай жалға алуға болады?

1. Көші-қон полициясына хабарлама жіберіңіз.

Егер сізге шетелдік келген болса, онда сіз бұл туралы үш жұмыс күні ішінде көші-қон полициясына хабарлауға міндеттісіз.

Берілетін хабарлама:

- ЭЦҚ болған жағдайда vmp.gov.kz арқылы ҚР визалық-көші-қон порталына;

- e-qonaq арқылы;

- ХҚКО-да, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметінде.

Егер осылай істемесеңіз, сізге ескерту жіберіледі.

Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзған шетелдікке баспана бергені үшін жаза қарастырылған. Бірінші рет бұл айыппұл 25 АЕК (76.5 мың теңге). Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін-30 АЕК (91.9 мың теңге).

Шетелдіктерге осы елде болған мерзімі және кету мерзімін бұзғаны үшін айыппұл салынады:

- үш тәулік ішінде – ескерту;

- үш тәуліктен бес тәулікке дейін – 31 800 тг (10 АЕК).

Қазақстанда 10 тәуліктен астам заңсыз болғаны үшін 79.5 мың теңге айыппұл төлеттіреді немесе елден шығарылады.

2. 90 күн мерзімінен аспайтын (ұзартуға да мүмкіндігі бар) жалдау шартын жасаңыз.

- Тұрғын үйді шетелдікке тапсыру қазақстандыққа тапсырудан еш айырмашылығы жоқ. Алайда, мысалы, ресейліктермен визасыз болу мерзімін ескеру қажет. Осыған байланысты, егер адам уақытша тұруға рұқсат алса, мерзімін ұзарту мүмкіндігімен 90 күнге жалдау шартын жасаған дұрыс, - деп түсіндірді заңгер Бақыт Қасымбеков.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің азаматтарына Қазақстан елінен басқа РФ, Беларусь, Қырғызстан, Армения кіреді. Қазақстанда 90 күн, басқа мемлекеттердің азаматтары 30 күн визасыз бола алады. Содан кейін олар не Қазақстан аумағынан кетуге, не ұзақ мерзімге қалуды жоспарласа, уақытша тұруға рұқсат – УТР (орысша РВП – ред.) алуға тиіс.

УТР (уақытша тұруға рұқсат) мына негізде беріледі: отбасымен қосылу, жұмыс, оқу, емделу, бизнес-иммиграция, миссионерлік. Мерзімі – ұзарту құқығымен бір жылдан аспайды. УТР алуға 90 күн өткенге дейін өтініш беру керек.

Егер шетелдік УТР немесе тұруға ықтиярхат алмаса, онда жалдау шарты бұзылуы керек.

Егер қонақ 90 күн ішінде көшіп кетсе, онда басқа меншік иесі жаңа хабарлама жіберуі керек.

Хабарламаны әрқашан қабылдаушы тарап береді: ҚР жеке және заңды тұлғалары.

УТР-ты қабылдаушы тарап елде болу мақсаты бойынша да ресімдейді.

Шетелдік Қазақстанда тұрақты тұруға келген болса, ықтиярхатқа өтінішті  шетелдіктің өзі беруге тиіс.

Шетелдік кеткеннен кейін меншік иесі қайтадан көші-қонға барып, тұрғынның кеткені туралы өтініш жазуы керек.

3. Жалдау шартын жазбаша түрде жасауды ұмытпаңыз.

Жазбаша жазу міндетті болып табылады. Бұл болашақта төлем немесе мүлік проблемалары туындаған кезде меншік иесінің құқығын қорғауға көмектеседі. Бірақ нотариустың көмегі өз қалауыңыз бойынша.

4. Жалдау ақысын тек теңгемен көрсетіңіз.

ҚР Ұлттық валютасы теңге болғандықтан, барлық шартт, құжатта мәмілелер сомасы, жалдау ақысы тек теңгемен көрсетілуге тиіс.

Есіңізде болсын!

Алматы полиция департаменті харлайды: хабарлама берілгеннен кейін шетелдік азамат Қазақстан Республикасы аумағында тек 90 күн ғана бола алады! 

Ешқандай 30 + 60 күн деген тіркеулер жоқ!

Егер шетелдік Қазақстан Республикасы аумағында 90 күннен көбірек болуды жоспарламаса, хабарламадан басқа ештеңе берудің қажеті жоқ.

Егер ұзағырақ болғысы келсе, онда 90 күндік мерзімді күтпестен қабылдаушы тарап оған белгілі бір мақсат бойынша УТР-қа  (уақытша тұруға рұқсат) өтініш беруі керек.

Кrisha.kz сайтынан аударылып алынды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде