2022 жылдың желтоқсан айына астрологиялық болжам
2022 жылдың желтоқсан айы. Астрологтардың желтоқсанға деген жұлдыз-жорамалы қандай? Бұл айда сізді не күтіп түр? Кімнің жұлдызы оңынан туады? Кімнің жолы болмайды? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің желтоқсан айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
Автор: Александр Ремпель
2022 жылдың желтоқсан айына астрологиялық болжам.
Тоқты бұрын өзіне мүмкін деп санамаған жоба мен қызмет бағытына қызығады. Айтарлықтай жұмыс жүктемесі, жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі күтіп тұр. Кәсіби салада әріптестермен тығыз ынтымақта болуы мүмкін. Материалдық аспект жақсарады. Сіз өз жетістіктеріңізден шабыт аласыз. Бұрынғы күш-жігердің нәтижесі қаржы жағынан пайда әкеледі. Сізді шамадан тыс мақтауға етіңіз үйреніп кеткен, бірақ желтоқсан айында өз атыңызға көптеген жылы сөз бен әділ алғыс естисіз. Мұны әріптестердің пікірі, достары мен туыстарының сөзі растайды. Сыйлықтар, жағымды тосынсый алуыңыз мүмкін. Желтоқсан айында сіз ұмытып кете жаздаған көптен бергі досыңызбен қарым-қатынас жақсарады. Әдеттегіден гөрі көңіл-күйіңізде романтикаға жақын болады. Жастар есте қаларлық танысуды күтеді.
Торпақ бар назарын жақындарының арасындағы болатын оқиғаларға аударады. Басқаларға кейбір мәселені жиі түсіндіріп, маңызды дәлел келтіріп, шешім қабылдауға көмектесуіңіз керек. Осы кезеңде сіздің белгілі ортадағы рөліңіз тағдырлы болады. Қалай болғанда да, сіз жасырын, құпия ақпарат тасымалдаушы боласыз, оның беті ашылса, масқара болуыңыз мүмкін немесе татулыққа жетиелейді. Ескі байланыстар, бұрынғы жұмыс үлкен маңызға ие болады. Алыстан немесе шетелден сенімді серіктес тарапынан қысқа мерзімді ынтымақтастық туралы тиімді ұсыныс болуы мүмкін. Ақшалай аспект назар аударуды қажет етеді, айтарлықтай шығын күтілуде. Кейбіреуге желтоқсан демалысқа шығу сияқты шаруасын ысыру сияқты түбегейлі өзгерту уақыты болады. Сондай-ақ, жаңа жұмыс, лауазым алу мүмкіндігі бар. Погон таққандар ерекше жетістікке жетеді.
Егіздер әдеттегі ортада кейбір өзгерісті сенімді түрде қабылдайды. Сізде нақты мақсат, ойластырылған жоспар және жеке мүдде шеңберіндегі іс-әрекеттерге нақты көзқарас болады. Бұрынғы әріптестердің немесе достардың біреуімен пікір алшақтығы жоққа шығарылмайды. Осы кезеңде өзіңіздің ішкі сұрауларыңызға жауап беруді тоқтатқандарды өзіңізден бөлек алыстатасыз. Пікірлес адамдармен қарым-қатынас жасау маңызды болады. Жаңа білімге, ақпарат алуға қызығу пайда болады. Сіз кез келген сұраққа өз көзқарасыңы болады, бұл басқалармен қарым-қатынаста маңызды плюс. Жақын адаммен қарым-қатынаста кейбір келіспеушілік, сөгіс, іс жүргізілуі де мүмкін. Дегенмен желтоқсанда күйзеліссіз өмір сүресіз. Қаржы тұрғысынан бар үмітіңіз орындалады. Бірақ шығын көп болмақ. Алда бірқатар мереке күтіледі. Көңіл көтеру және жағымды уақыт сіздің күнделікті өміріңіздің көп уақытын алады. Мұқият әрекет етіңіз.
Шаян өткенге көз жүгіртеді. Өткен күндердің оқиғалары бүгінгі жағдайға әсер етеді. Әдеттерге, жағдайға, адамдарға деген көзқарасыңызды өзгерту үшін көп күш қажет болады. Стереотиптер үстемдік етеді, ойдың және тіпті сезімнің еркін ұшуын жояды. Бұл лабиринтте күш пен уақытты ғана емес, өзіңізді де жоғалту қиын емес. Қиындықтарға қарамастан, сіз ауқымды жоспарлар жасайсыз. Сіз бастаған істеріңізді аяқтауға, материалдық жағдайыңызды нығайтуға ниеттісіз. Айтарлықтай бәсекелестікке қарамастан, жақсы ақша таба аласыз. Тұрмыстық аспект үлкен маңызға ие болады. Үйге, жақындарыңызға қамқорлық жасағанда жаыңыз жадырап, заттардың мәнін түсінудің ең жақсы әдісін табасыз. Ақпаратқа, білім алуға деген үлкен қызығушылық сізді осы мәселелерде стандартты емес шешімдерге итермелейді. Көбісі шет тіліне қызығушылық танытады. Басқалары сапарға шығады. Отбасылық мерекелер күтілуде, туыстарынан келген жаңалық таң қалдырады және қуантады.
Арыстан қарым-қатынасы сенімді болып көрінген адамнан көңілі қалуы мүмкін. Сіз ережені өзгертесіз, ішкі көңіл-күйдің өзгеруіне байланысты жаңасын ойлап табасыз. Бұл кәсіби қарым-қатынасқа да, жеке байланыстарға да әсер етеді. Басқаларды кешірмейтін нәрседе, өзіңізге рұқсат беріп, мұрсат бересіз. Өз идеяларыңызды, талаптарыңызды үнемі айту қажеттілігі туындайды. Сізге тәуелді адамдарға қатысты ультиматум қоюыңыз да мүмкін. Әрқашан дерлік мотивация қаржы жағынан болады. Осы кезеңде ақша өзінің маңызын өзгертпейтін өлшем болмақ. Мүмкін үлкен сатып алу, үйге айтарлықтай ірі зат сатып алуыңыз мүмкін. Жоғары лауазымды тұлғамен кездесу күтіледі. Құжатқа қол қою мүмкін емес. Сіз күту процесіне енесіз. Жеке өміріңізге көңіліңіз толмайды. Бірақ оны өз бастамаңыздың арқасында жарқырата аласыз, яғни ол өз қолыңызда.
Бикеш таңдаудың дұрыстығына күмәндану, әсіресе жұмысқа, лауазым ерекшеліктеріне қатысты. Табысты, білімді адаммен кеңесудің шұғыл қажеттілігі болады. Сіз бүгін қандай да бір себептермен алыстап кеткендермен қарым-қатынас тапшылығына байланысты біраз мазасыздықты сезінесіз. Жаныңыз әлі де көптен бергі доспен келіспеушілік тәжірибесіне толы. Бұл ретте денсаулықты қалпына келтіруге қатысты өзекті мәселе назарыңызды аударады. Көптеген адамға жағдайын жөндеу жұмысымен, мүдделі адамның белгілі бір тапсырысын орындаумен байланысты болады. Осы кезеңде біреумен көп жұмыс істейсіз, бірақ серіктестік қысқа мерзімді, көбінесе бір реттік болады. Қарбалас пен асығыс жұмыстар сізді тым белсенді етеді. Жұлдыздар жеке тұлғаңызға назар аударуды ұсынады. Сыртқы келбет, киім үлкен маңызға ие болады. Ақшаға байланысты жақын адаммен қарым-қатынасты анықтау керек. Жеке өмірде бәрі сол қалпы, өзгеріссіз.
Таразы жасырын көзден алынған ақпаратты мұқият қабылдайды. Азғырудың күші зор. Бұрынғы серіктерін немесе достарын әшкерелеудің асығыс жолына түспеу үшін өзіңізді ұстайсыз. Мүмкін сатқындықтың бағасын, сізге берілген сөздің салмағын көресіз. Бірнеше шешім қабылдау керек. Бұл тек болып жатқан жағдайда ғана емес, сонымен бірге оның ішіндегі бағалау күйінде де бетбұрыс кезеңі. Ақша басты рөл атқарады. Сіздің қолыңыздан айтарлықтай ақша өтеді. Үлкен сатып алулар болуы мүмкін. Желтоқсан көптеген кездесу мен келіссөзді уәде етеді. Сізге күтпеген жаңалық келеді. Ақпарат көп, сіз оны әрең қабылдай аласыз. Жұмыста жақсы перспектива бар. Бастаманы, шығармашыл идеяларды көрсету еркіндігі бұрынғы күш-жігердің арқасында арта түседі. Көптеген адам сыйлық күтеді. Басқалары көптеген ай бойы ұмтылған нәрсесін алады. Конкурсқа, жарысқа қатысу, әсіресе күш жұмсау, бағдарлау жақсы жеміс береді. Мерекелер, жылы кездесу күтіледі.
Сарышаян өз жұмысының нәтижесін қаржыға айналдырады. Ешқандай күш жұмсамай-ақ қосымша кәсіби бағыт болады. Жұмыспен қамтудың жаңа бейнесі пайда болады, соның арқасында сіз жаңа білім ала аласыз, іскери серіктестерге қатысты өзіңізге тиімді рөлді нығайта аласыз. Көптеген адамға желтоқсан жиі кездесумен, көптеген сапармен және келіссөзбен сипатталады. Бірақ оның барлығы іскерлік сипатта болады. Жұлдыздар сізге тек жұмысқа ғана емес, сонымен қатар өзіңіздің сыртқы келбетіңізге, киім таңдауыңызға шығармашыл көзқарас қажет екенін еске салады. Тағамда да, өмірдің басқа аспектілерінде де дәмнің маңызы зор болады. Мүмкін жаңа қызықты адамды ғана емес, сонымен қатар өзіңізді басқалардың көз алдында көре алатын таңғажайып танысу - бұл ең маңызды жаңалық болуы да мүмкін.
Мерген өзінің батыл жоспарларын жүзеге асыру үшін достарының қолдауын пайдаланады. Көбісі бірнеше пікірлес адаммен бірге жаңа жоба идеясымен айналысады. Басқалар үшін жаңа мүмкіндік қарапайым тұрмыстық шешімде ашылады, олар өздерінің бастапқы позитивтілігімен қызықты болады. Сіз туыстарыңыздың өтініштеріне, олардың қарапайым талабын орындау қажетіне жылдам жауап бересіз. Осы кезеңде сізге ұзақ уақыт бойы серіктес болған ақпарат келеді, онда сіз ықтимал ынтымақтастықтың шындығын көре аласыз. Сонымен қатар, сізді бір нәрсеге сендіру немесе баурап алу қиын. Немесе алдауға. Жағдайды интуитивті түрде қабылдау өте маңызды болады. Сіз кез келген әрекеттің, тіпті ниеттің мәнін үшінші тараптың түсіндірусіз-ақ түсінесіз. Сізге жақын адамыңызбен адал үйлесімді қарым-қатынас өте маңызды рөл атқарады. Жақсы, маңызды, қаншалықты қабілетті, сізге қымбат адамдардың көз алдында көрінуге тырысасыз. Шығын көп болмақ. Сыйлық табыстаудың жағымды сәті күтілуде.
Тауешкі ақша мәселесіндегі кейбір қиындыққа байланысты алаңдауыңыз мүмкін. Жалпы алғанда, қарды жағы өзгермегенімен, шығындарыңыз сыни деңгейге жетеді. Сіз басқаларға талапшыл, талғампаз боласыз. Жақындарының мінез-құлқына наразы боласыз. Басқалармен қарым-қатынаста интриганың кейбір әдісін, өзіңізге маңызды мәселені шешуге жасырын көзқарасты жоққа шығармайсыз. Өйткені өз мүддеңіз - ең алдымен. Желтоқсан айында жоспарларыңызды жиі өзгертесіз, жоспарларыңызды орындауға уақыт бөлуге тырысасыз. Кейде біреу сіздің арқаңызда өзге біреу сәтті болып көрінуі мүмкін. Жұлдыздар депрессиялық ойларды ұмытуға шақырады. Ал күдік-күмәнді жауларыңызға қалдырыңыз. Тамақ дайындауға, азық-түлік сатып алуға, тағам мен сусынды дұрыс таңдауға көп көңіл бөлінеді. Бұл мәселеде сіз нағыз сарапшы боласыз. Жақсы адамдармен кездесу, мерекеге қатысу, жайлы жағдайда демалу. Ескі махаббат өзін еске түсіреді.
Суқұйғыш егер жағдай қажет болса, көмек пен қолдау қажет. Осы кезеңде достық бірінші орынға шығады. Кәсіби серіктестікті, іскерлік байланысты асыра бағалау мүмкін емес, өйткені оның негізі әрқашан сенімді одақтастың шынайы сезімі болып табылады. Ескі үлгі идеясына негізделген жаңа қызмет туралы ұсыныс болуы мүмкін, бұрын сәтті болған жұмысты қайта бастауға мүмкіндік болады. Көптеген адамға өзгеріс, қозғалыс және маңызды шешім қабылдау уақыты басталады, көшу, кейбір күмәнді қатынасты түбегейлі тоқтату мәселесі жоққа шығарылмайды. Ал кейбіреуіне мүлікті басқа адамға беру, осыған байланысты маңызды құжатқа жеке бастамамен қол қою уақыты келеді. Туыстық байланыс мистикалық мағынаға ие болады. Жасырын жоспар аясында іссапар болып, сапарға шығасыз. Махаббат пен қаржы тақырыбы сіздің көзқарасыңызда үнемі өзгеріп отырады. Бір нәрсе туралы шешім қабылдайтын кез келді.
Балық сіздің көңіліңізге жақпайтын, ұмытқыңыз келетін жобаға жақындарыңыз қайта тартады. Сонымен қатар, сізге әлеуметтік мәртебені нығайтуға, құрылыс немесе жөндеу жұмысы туралы мәселені болашаққа жылжытуға байланысты жаңа қызықты тақырып пайда болады. Басқасы жылжымайтын мүлікті жеке мүддесі үшін сатып алумен (сатумен) айналысады. Желтоқсан тәуелсіздікке, ұжымдық ынтымақ нысандарынан кетуге итермелейді. Эстетикалық сұранысқа байланысты бірқатар сатып алу болады. Сонымен қатар, жеке гардеробты жаңарту, сыртқы түрді өзгертуде белсенді боласыз. Сыртқы келбет басқаларға әсер етеді. Саяхат туралы ойлар сізге тыныштық бермейді. Жеке өмірде белгілі бір назар аударған адамға қайтадан қызыға бастайсыз. Және ол да кет әрі емес секілді!
Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).
Оқи отырыңыз: 2022 ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ - ЖОРАМАЛ
ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: 2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗНАМА
ДАУ-ДАМАЙСЫЗ: ЖҰРТТЫ ТЕБІРЕНТКЕН, ЕҢІРЕТКЕН ШҰРАЙЛЫ ШЫҒАРЫЛЫМДАР
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ