Ипотекалық сақтандыру: Қанша, қалай, қажет пе?
Ипотекалық сақтандыру туралы не білеміз? Бұл ипотека алған адам бір жағдайға ұшырап қалса немесе пәтерге қауіп төнсе төленетін ақша ма? Әлде міндетті түрде мәжбүрлейтін шығын ба? Қандай жағдайда сақтандыру банк алдындағы қарызды толық жаба алады? Жалпы, ипотека алғанда үйді сақтандырмай-ақ қоюға бола ма?
Автор: Заира Сабитова
Ипотекалық сақтандыру дегеніміз не?
Ипотека алуды жоспарлаған кез келген адам сатып алынған пәтерге бірдеңе болып қалса не істеймін деп ойлайтыны рас. Су басып, өрт болып, жер сілкінсе, пәтеріңнен айырыласың, ал ипотека несиесі мойныңда қалады. Ал ауырып қалып, несиені төлей алмасаң немесе табыс тауып жүрген қызметіңнен айырылып қалсаң ше? Онда пәтеріңді тартып алып, оған қоса қарыз төлеуге тура келеді.
Міне, мұндай жағдайда ипотека алған адамды сақтандыру ғана құтқара алады.
Ипотека алғанда нені сақтандыруға болады:
- кепілдегі жылжымайтын мүлікті;
- өз өміріңді;
- меншік құқығын (титулдық сақтандыру).
Алдымен кепілді жылжымайтын мүлікті сақтандыру туралы айтсақ. Өйткені ол ипотеканы рәсімдеу кезінде міндетті нәрсе. Оның нормасы "ҚР банктер және банк қызметі туралы" заңда жазылған және оны айналып өтуге болмайды.
Мұндай сақтандыру ипотекаға сатып алынған тұрғын үй өрт, жарылыс және т. б. салдарынан тұруға жарамсыз болған жағдайда қажет.
Пәтер немесе үй өртеніп кетсе де, бұл несие төлеуден босатпайды.
Кепілдегі үйді сақтандыратын стандартты тізім:
- өрт;
- газ жарылысы;
- найзағай;
- табиғи апаттары (дауыл, су тасқыны, сел);
- су құбыры, кәріз және жылыту жүйесінен су басу.
- Кейбір жағдайда жер сілкінісінен келген залал, өртті сөндірудің салдарын, вандализм және т.б. қамтылуы да мүмкін.
Сақтандыру полисі бір жылға жарамды. Әр түрлі компанияда оны жыл сайын ұзартуға немесе келісімшартқа отыруға болады.
Кепіл мүлікті сақтандыру құны ипотека мөлшеріне тікелей байланысты. Жыл сайын несие өтелген сайын ол азая түседі.
Несие сомасы неғұрлым аз болса, сақтандыру соғұрлым арзан болады.
Полистің бағасы тағы не нәрсеге әсер етеді:
- тұрғын үйдің жай-күйі, оның сипаттамасы (салынған жылы мен құрылыс материалы). Мысалы, монолит жаңа ғимараттағы пәтерді сақтандыру 80-ші жылдардағы панель үйдегі пәтерге қарағанда арзанырақ;
- шартқа енгізілген тәуекел саны;
- сақтандыру сомасы.
Бірінші жылы 30 млн теңге несиені ресімдеуде кепіл жылжымайтын мүлікті сақтандырудың орташа құны орта есеппен 70 мың теңге (шарт талаптарына байланысты әртүрлі компанияда баға 50-ден 90 мың теңгеге дейін).
Сақтандыру бойынша қалай және қанша төленеді
Егер төтенше жағдай орын алса, сақтандыру компаниясына қоңырау шалып, апаттық комиссарды шақыру керек. Ол акті тоолтырып, келтірілген залалды бағалайды. Талдаудан кейін сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемінің мөлшері туралы хабарлайды.
Егер тұрғын үй толық жойылса, онда сақтандыру компаниясы жылжымайтын мүліктің нарық құнын немесе несие бойынша қалдықты төлейді. Бұл шарт таңдау келісімшартында белгіленген. Тек сақтандыру төлемін қарыз алушы емес, банк алады.
Кепілді сақтандыру кезінде пайда алушы кредитор, яғни ипотека ресімделген банк болып табылады. Сондықтан, егер сақтандыру жағдайы орын алса, төлем оған аударылады.
Алынған ақшаны банк қарыз алушы тұрғын үйді қалпына келтіріп жатқан уақытқа несие бойынша төлем ретінде пайдалана алады немесе егер ол ипотеканы дұрыс төлей берсе, банк оны ипотека шотына аудара алады.
Сақтандыруды төлемеуі мүмкін, неге?
Оның бірнеше маңызды дүниесі бар. Төлемді алу мүмкін емес, егер:
- пәтер сол пәтер иесінің кінәсінен бұзылса. Мысалы, пеште шайнекті ұмытып кеткендіктен өрт болса.
- Ішкі әрлеу немесе жиһаз зақымдалса. Сақтандыру тек құрылым элементтеріне жасайды, яғни іргетас, еден, төбе және қабырғалар.
Яғни, егер көршісінің кесірінен пәтерді жоғарыдан су басса, тұсқағаз ашылып қалса – төлем болмайды.
Ипотека иесінің өмірін сақтандыру керек пе?
Ипотека алушы адаммен жаман жағдай болып, пәтерді тартып алады деп қорықсаңыз, оған аңдамау үшін өмірді сақтандыру қажет. Сақтандыру полисі еңбек ету қабілетінен айырылған немесе қайтыс болған жағдайда қолданылады. Оны сатып алудың қажеті жоқ, банктерде мұндай сақтандыру қажет емес, ол тек өз қалауыңыз бойынша.
Егер қарыз алушы қатты ауырып қалса және уақытша жұмыс істемесе, сақтандыру компаниясы ауру кезінде несие төлемдерін жабады. Қайтыс болған немесе мүгедек болған жағдайда сақтандырушы ипотека бойынша қарыздың қалдығын толығымен өтейді.
Мұндай полистің бағасы көп факторға байланысты: қарыз алушының жасы, отбасы құрамы, денсаулығы және несие мөлшері.
Орташа алғанда, бұл қарыз мөлшерінің 0.5-1 пайызын құрайды. Жыл сайын қарыздың төмендеуімен сақтандыру құны да төмендейді.
Титулдық сақтандыру
Сақтандырудың бұл түрі жылжымайтын мүлікке меншік құқығын жоғалтудан қорғайды. Қарапайым тілмен айтқанда, сатып алғаннан кейін қандай да бір заңды проблема туындаған жағдайда қажет. Мысалы, мұрагерлер, меншік иесі немесе пәтер жалған құжатпен сатылғаны белгілі болады. Сақтандырудың бұл түрі қайталама нарықта үй сатып алу кезінде ғана өзекті.
Құны 30 млн теңге болатын жылжымайтын мүлікті титулдық сақтандыру шамамен 100 мың теңгені құрайды.
Банк сақтандыруды міндеттей ме?
Кепілді жылжымайтын мүлікке сақтандыру полисін ресімдеу үшін мына құжаттардың көшірмесі қажет:
- жеке куәлік;
- жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт;
- кепіл шарты (бірінші және соңғы беттер);
- тұрғын үй заемы шарты (бірінші және соңғы беттер).
Сақтандыру компаниясын қалай таңдаймыз?
Банктің белгілі бір сақтандыру компаниясын таңдауға мәжбүрлеуге қақысы жоқ, тек ұсына алады.
Бірнеше компанияға хабарласыңыз, шарттарын мұқият қарап шығыңыз, алдын ала есептеп көріп, ең қолайлысын таңдаңыз.
Кrisha.kz сайтынан аударылып алынды.