«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткілді шешіп келеді, шеше береді. Талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болып келеді. Бүгінде де бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Ендеше 2022 жылдың жанайқайы болған, қаралымы көп ТОП-5 оқиғаны қарап көрсек.
Автор: Заира Сабитова
Астарлы ақиқат: Байдасың ба, қайдасың?
«Анамнан бас тартамын!» Редакциямызға туған анасынан араша сұрап, 15 жастағы жасөспірім Айгүл Сейфуллақызы хабарласты. Айтуынша, ол өз қызына қаршадай кезінде қорлық көрсетіп, ақыр соңында туыстарына қалдырып, хабар-ошарсыз жоқ болған. Ес білген соң енесін іздеген құлындай шырылдаған перзенттің жанайқайы.
Астарлы ақиқат: Бай-балам
«Балаларымның әкесін іздеймін!» Алматы қаласының тұрғыны Айман Нұрымова өз бақытын табам деп бірнеше рет отбасын құрыпты. Бірақ жұбайларым бағым емес, сорым болды дейді. Екеуі де туған балаларын өзегінен теуіп кетіпті. «Еркектерден тектілік емес, теперіш таптым» деген келіншектің ендігі бар мақсаты – әкелікті ДНК-мен дәлелдеу.
Астарлы ақиқат: Жатақтағы жаназа
Білімге құштар ұлымның өлім құшарын кім білген?!
Алматы облысының тұрғыны Қарлыға Көпжанова көмек сұрады. Айтуынша, Өскемен қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орнында оқитын ұлы жатақхана бөлмесінде қаза тапқан. Марқұмның анасы «балаңыз өзіне қол жұмсады» деген ұстаздарының сөзіне сенбейді. Астарлы ақиқат бұл оқиғада жан-жақты зерттеу жүргізді.
Астарлы ақиқат: Абзал мен Сараның ақиқаты
Жол-көлік оқиғасы төңірегіндегі дау аяқталар емес. Ұлжанның өмірін күрт өзгерткен апат енді алаяқтық мәселесіне ауысып кетті. Айыпталып жатқандар өздерінің ақ екенін дәлелдеумен әлек болуда. Жұрт алдында алақан жаюға арланбай ақша жиып жүргендерге қатысты іс қозғала ма?
Астарлы ақиқат: Ет болған бет
Ару болып кіресің, ауру болып шығасың…
Дәл осы ұранмен ұнжырғасы түскен бір топ нәзік жандылар хабарласты. Айтуларынша, Тараздағы косметологиялық орталықта дипломсыз делдалдардың қарасы қаптаған. Студиямызға жапа шеккендер келіп жанайқайын жеткізуде. Косметологиялық орталық опық жегіздіріп, ойран етті дейді. Біліксіздіктің кесірінен бетімізге тыртық қалдырып, сұлулықтан сұмдыққа тап болдық деп шағымын айтуда. Атышулы орталықтың артында кім тұрғанын анықтап, дабыл қағылған даудың нүктесін қоямыз.