2023 жылға арналған Шығыс жұлдыз-жорамалы
2023 жыл – Шығыс жұлдызнамасы бойынша Қара су қоянының жылы. Атам қазақ әр нәрсені тек жақсылыққа жорыған. Не нәрседен секем алса да, оны ішінде жасырып, жамандықтан аулақ болған. Тағдырымыз өз қолымызда, тек ниетіміз, пейіліміз, істеген ісіміз, ойлаған ойымыз таза болып – игілікке бағытталсын. Дегенмен астрологтар 2023 жылға қандай жорамал айтып отыр?
Автор: Александр Ремпель
2023 жылда:
Бәрі орташа. Жақсы да, жаман да емес. 2023 жыл әлі де тыныш болады. Келесі жылға дейін аздап тынығып, күш жинап алған жөн, өйткені келесі жылы «бұрқасын» болуы әбден мүмкін. Бірақ ол жақын арада емес. Сондықтан осы жағдайды барынша пайдаланып, жақсы дүниені жүзеге асырамыз. Рухани өсу, пікірлес адамдармен қарым-қатынас, пәлсапалы әңгіме-дүкен, жылы да, жайлы жерде отырып терең ойға шомып, өткен-кеткенді еске алу кезеңі. Өзгерістер күтіледі. Әсіресе магистратурада. Дипломатия ең алдыңғы шепте болмақ. Көптеген мәселе дипломатия арқылы шешілетін болады. Икемділік, айлакерлік, тіпті алдау – бәрі татуласу мен келісімнің пайдасына арналған. Заң күші бірінші орынға шығады. Ал 2023 жыл заң, әділет өкілдеріне өте қолайлы болады. Биыл дүние есігін ашқан сәбилер, өскенде бай-бақуатты және байсалды болады, әсіресе жазда туғандар.
ТЫШҚАН (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008, 2020 гг.) өзіне сенімі аз болады және маңызды ақпарат күтеді. Ал биыл сізге аса сақ болу керек. Өйткені дұшпандарыңыз сізді аңдумен болады! Қақтығыстардың бастамашысы болған өте қауіпті, өйткені жеңілесіз. Сізді денсаулық пен жақын туыстармен қарым-қатынаста қиын кезең күтіп тұр. Жүйкеңізді сақтаңыз. Жаратылысыңыз жарқын адам болғандықтан, сіз әрқашан ел назарын өзіңізге көп аударасыз. Бірақ бұл кезеңде ерекшеленбеген дұрыс. Ұжымда жұмыс істеу сізге тиімдірек болады. Басшыларға, жетекшілерге және мен тәуелсіз бизнеспен айналысатындарға оңай болмайды. Сапарға шығуыңыз мүмкін. Көптеген адамға көшу немесе тұрғын үй жағдайындағы елеулі өзгерістер перспективасы ашылады. Жеке өміріңізден тыныштық күтпеңіз. Жастарға адал емес серіктестің шырмауында қалу қаупі бар. Аға буын қаржы мәселесіне байланысты үлкен дау-жанжалға ұшырауы мүмкін.
СИЫР (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009, 2021 гг.) бар жағдайды романтикаға айналдыруға бейім емес. Сіз әлемге тым шынайы көзбен қарайсыз. Сізді баурап алу, сеніміңізге кіру қиын. Сіз әрқашан жан-дүниеңіздің ішкі, терең бағытын ұстанасыз. Сізде әрқашан маңызды мақсат болады. Әрине, жаңа мүмкіндік пен перспективаны жақсы бағалайсыз. Алдағы жыл көптеген көрсеткіште жақсы болмақ. Бірақ оны демалу мүмкіндігі ретінде қабылдамайсыз. Сізге неғұрлым тартымды сәт – жұмыс еркіндігі, кәсіби ауқым және кедергісіз жүзеге асыра алатын мүмкіндіктер. Көптеген адам денсаулық мәселесімен айналысады. Кейбіреуіне бұл белгілі бір күйді аяқтау кезеңі болады. Сыртқы келбеттің эстетикалық аспектісі алдыңғы қатарға шығады. Қаржылық жағдай нығая түседі.
БАРЫС (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010, 2022 гг.) қиын жағдайдан шығып, ұзақ уақытқа созылған күрделі мәселеге нүкте қояды. Жеке күш-жігер мен шыдамдылықтың арқасында жұмыс тұрғысынан жақсы жағдайға тап боласыз. Кейбіреулерде жаңа лауазым болуы мүмкін. Жыл көптеген танысты, болып жатқан оқиғаларды қабылдауға қатысты қызықты өзгерістерді және тағдырдың қалауымен болатын жағдайды, оқиғаны ұсынады. Қаржы жағынан өте қолайлы болады. Жақсарту көбінесе сенімді дос немесе туыстың материалдық қолдауымен болады. Ірі сатып алулар, сыйлықтар күтіледі. Бұл кезең спортшыларға, сондай-ақ су көлігінде жұмыс істейтіндерге сәтті болады. Саяхатқа шығу өте сәтті болмақ – ол өз бастамаңыз бойынша немесе ұйымдастырылған болса, ол маңызды емес, Міндеттеріңізді шешкен кезде өз тартымдылығыңызды барынша пайдалануыңыз керек.
ҚОЯН (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011 гг.) өз өмірінен бәлендей өзгеріс күтпейді. Оны өз қолыңызбен ұйымдастырасыз. Бұған бастама, кәсіби жұмыспен қамтудың жаңа бағытындағы белсенді қызмет ықпал ететін болады. Сіз әлеуметтік ортаңызды жаңартасыз. Жаңа таныстар пайда болады. Алдағы жылы белгіленетін достық ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа айналады. Сатып ала алатын барлық нәрсе сізге өте маңызды болады және келесі жылдары да, уақыт өткен сайын құндылығын жоғалтпайды. Жеке қызығушылық аясында саяхаттауға болады. Мерекеге шақыру, үлкен іс-шараға қатысуыңыз да мүмкін. Қаржылық аспект біртіндеп күшейіп, біркелкі болады. Сізге тағдырлы шешім қабылдауға тура келеді. Әлеуметтік мәртебеңізді өзгертесіз. Бұл құжат алуға байланысты болады. Басқалары атаққа ие болып, марапатталады. Ал біреулеріне жарқын іс-шарада жеңімпаз болуы да ғажап емес.
ҰЛУ (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012 гг.) ақыры қиын кезеңді жеңгенін сезеді. Дегенмен қарама-қайшылықтарды тегістеп, жуып-шайып, әлі де көп нәрсе қажет болса да, сіз еркін дем ала аласыз. Көбісі ауыр байланыстардан, қажетсіз заттардан және тіпті артық салмақтан арылады. Көптен жоспарланған сату сәтті болады. Жылжымайтын мүлік мәселесін шешуге болады. Туыстарының арасында аумақты тастап кетуге, олардың біреуінің түпкілікті көшуіне байланысты өзгеріс болады. Осы кезеңде серіктеске деген сүйіспеншілік елесін, оның қамқорлығының құндылығын жоғалтпау маңызды. Әйтпесе, көңіліңіз қалып, жүрегіңіздегі бос қалғандай күй кешесіз. Актерлер, музыканттар, оқытушыларға ең қолайлы кезең. Мамандығы жаңа адамдармен және бейресми қарым-қатынасқа байланысты адамдарды сәттілік күтеді. Қаржылық аспект бақылауда болмақ. Бірақ бірнеше рет ақшадан расында да қысыласыз.
ЖЫЛАН (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013 гг.) біртіндеп сәттілік жолына түседі. Сіз тәуекелге барғанда да сәттілікті сезіне аласыз. Жұмыс ауыстыруыңыз мүмкін. Ал кейбіреуі тіпті мамандығын да өзгертеді. Сізді жаңа бизнес шынымен қызықтырады. Пікірлестерді қолдау сенімді тірек болады, ынталандырады. Үйіңізде өзгеріс болады. Отбасының жаңа мүшесі міндетті түрде пайда болады. Жаңа рөліңізді мақтан тұтасыз. Демалыс көп және ол жоғары сапалы болады. Сіз осы жағдайдан ләззат аласыз. Бұл үміт орындалатын және жаңа мақсатқа қол жеткізуге болатын кезең. Махаббат туралы ойлайсыз. Сіз жассыз ба, ол маңызды емес. Бұл сезімнің жүрегіңізде болуы фактісі маңызды болады. Айналаңызда қызғаныш, интрига болуы мүмкін. Құпия көбейіп, жаңа бетбұрысқа жол ашасыз. Үйге көптеген сатып алулар күтілуде. Өмірдің тұрмыстық жағы өзгереді. Досыңыздан үлкен ұсыныс түседі.
ЖЫЛҚЫ (1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014 гг.) бірте-бірте жан-дүниесін оптимизмге толтырады. Сізде бәрі жақсы болады. Бұл жақсы кезеңде жарқын сәттер көп болады. Сәттілік сіздің бұрынғы күш-жігеріңізге негізделеді. Сіз көп жұмыс істеп, көп жұмыс істегеніңіздің арқасында нәтижесін көресіз. Құрылыс, өміріңізді жақсылап жайластыруға көшесіз. Көптеген адамға өмір сүру жағдайы мен оның әдісін жаңарту айқын сезіледі. Бұл жыл сізге расында да жақсы жыл болады. Жалпы көзқарасыңыз жақсарады. Қарым-қатынасты жақсарту жақын адамдарыңыздың арасында байқалады. Жүйкеңізге әсер ететін жаман нәрселер мен ашуланшақтық жойылады. Қаржылық жағдай тұрақты болады, бірақ сіз оған әрдайым риза бола бермейсіз. Бірақ материалдық дүниенің болжамын жоспарлауға және жүзеге асыруға болады. Сізді түсінетін адамдар бар, сіздің көзқарасыңызбен келісетін адамдар да бар. Бұл да бақыт деп түсінуіңіз керек. Көптеген адам саяси мансабын бастауы мүмкін. Басқаларға да мансабын өсіру перспективасы ашылады. Маңызды лауазым, жаңа әлеуметтік рөлге ие болуыңыз мүмкін.
ҚОЙ (1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015 гг.) өзіне деген адамдардың назарын сезінеді. Ақырында сіздің еңбегіңіз бағаланып, белгілі бір ортада танымал тұлғаға айналасыз. Сізді бірқатар маңызды іс-шараға шақырады, сіздің пікіріңізді бағалайды. Ынтымақтастық туралы көптеген пайдалы ұсыныс түседі. Сіздің жаныңызда болған басқаларға әрдайым қызықты болады. Қай жерде болсаңыз да, сіздің күш-жігеріңізге қарамастан, әрқашан белсенділік, жұмыла істейтін істер жақсы жүреді. Осындай оқиғалар тізбегінде сіз әрқашан өз ұстанымыңызды анық ұстап, өз көзқарасыңызға адал болуыңыз керек, әйтпесе басқалар сіздің жеңімпаз орныңызды басып алады. Табалдырықтан аттаған Жаңа жыл сізге жеке өміріңіздегі үйлесімділік пен береке-бірлік сыйлайды. Сізді сүйетін болады, өзара махаббат орнайды. Үйіңізде үлкен сатып алуға байланысты өзгерістер болуы мүмкін. Жасы кіші туысымен қарым-қатынас үлкен маңызға ие болады.
МЕШІН (1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016 гг.) басқалардың назарын бірінші кезекте сыртқы келбетіндегі өзгерістерге аударады. Айналасындағы бәрі сәттілік, керемет оқиға деп таңданады. Айналаңыздағы адамдардың көзқарасы сізге байланысты болады. Егер сіз тәуелсіз бизнеспен айналысатын болсаңыз, сәттілік сізбен бірге болатыны сөзсіз. Бірақ әдеттегі жұмыспен қамтудың қарапайым жағдайында да сәттіліктің кәсіби қызметтегі рөлін сезінесіз. Жағдайлар көбінесе сізге барынша пайдасын әкеледі. Материалдық аспект қаржы жағынан байытудың жаңа мүмкіндігін ұсынып, жақсара бастайды. Бұрынғы досыңыз бірлескен жоба ұсынады, оған қатысу сізге үлкен жолдың бастауы болуы мүмкін. Келесі жылы сапар жоспарлап, оны жүзеге асыруға болады. Кейбіреулері көшуі мүмкін. Бірақ бұл әрқашан бұрынғы жоспармен байланысты болады. Сізге шешілмейтін мәселе болмайды. Оның ішінде жеке өмірде де.
ҚОРАЗ (1933, 1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017 гг.) өзгерістерге тым сенімді емес, тіпті ол бәрі жақсы өзгеріс болса да. Өткен жылғы оқиғалар сізге әлі де қысым салып, ол қиындықтар тек өзіңізге сену қажеттілігін еске салады. Сіздің сақтығыңыз жеке бастамаңызды тежеуге көмектеседі. Басқалардың жоспарын орындауға асығып жатқанын көресіз, бірақ сіздің әр қадамыңыз өте мұқият есептеледі. Тұрмыстық мәселе, өмір сүру және жұмыс жағдайын жақсарту үлкен маңызға ие болады. Кәсіби қызметте қызықты бағыт белгіленеді. Өз мүмкіндіктеріңізді басқа қырынан қарай аласыз. Алдағы жыл тыныш, салмақты шешім мен ақылға қонымды іскерлік серіктестікті қолдайды. Бойдақтардың жеке өмірінде түбегейлі өзгеріс болады. Отбасы әлеуметтік мәртебесін өзгертеді. Шығын көп болмақ. Ол көбінесе эстетика идеясымен байланысты.
ИТ (1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018 гг.) демалуға мүмкіндік туады. Бұрынғы бар күшіңізді салған істің нәтижесінен ләззат аласыз. Бар жоспарларыңыз ойлағаныңыздай жүзеге асырылады. Мүлік мәселесі оң шешіледі. Егер сіз жөндеумен немесе құрылыспен айналыссаңыз, сәттілік сіз жақта болмақ. Бұл джыл көшуге, алысқа саяхаттауға, сондай-ақ бәрін қалпына келтіру процесіне өте қолайлы болады. Ересектер өз дербестігінде бекітіледі. Оқшаулану өмірдің негізгі тәсілі болады. Осы бағытта маңызды шешім қабылдау қажет. Ұзақ уақытқа созылған одақтың үзілуі, толық бөлінуі мүмкін. Осыған байланысты материалдық жағдай айтарлықтай жақсарады. Бұл жағдайда туыстармен қарым-қатынас жақсарады. Ал жастардың некеге тұруға барлық мүмкіндігі бар.
ДОҢЫЗ (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019 гг.) шындықты анықтауға немесе шындықты жария етуге келгенде өз мақтаншақтығы мен амбициясын ұмытуы керек. Сіз кез келген ұйымдастырылған процестен аулақ болу керек, өйткені бұл сіздің позицияңыз бен әлеуметтік мәртебеңізді құртады. Халықтың үлкен тобында болу, кез келген бұқаралық іс-шараға қатысу, әсіресе ол тақырыптық түрде белгіленген болса, сізге қолайсыз. Алдағы жылдың жаңалықтарын сыни тұрғыдан қабылдауыңыз керек. Табыс дәйектілікпен, бұрынғы жетістіктермен және уақытпен тексерілген серіктестікпен байланысты болады. Егер шығындарға жауапкершілікпен қарасаңыз, әсіресе жылдың басында ақша жинай аласыз. Өмір сүру жағдайын жақсарту, тұрмыстық техникалық жарақтандыру қажеттілігі туындайды. Жеке өмірде күрт өзгеріс болуы мүмкін.