{metadescription}
2023 жылы елімізде қандай өзгерістер болады?

2023 жылы елімізде қандай өзгерістер болады?

2023 жылы не қымбаттайды, не арзандайды? Қандай жаңа ережелер бекітілді? Әлеуметтік блокты шешуге қандай түзетулер енгізілді? Айыппұлдар көлемі ұлғая ма? Кімдердің жалақысы өсіріледі? 

2023 жылы коммуналдық тарифтер өсіріледі

 2023 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап коммуналдық тарифтерде тиісті өзгерістер болады. Себебі субъектілерге, содан кейін мемлекеттік меншікте болатын субъектілерге өз жұмысын жаңғыртып, желілерді жаңарту керек. Президент сайлауалды бағдарламасында тиісті көрсеткіштерді белгіледі. Осы орайда жүргізілген есептеулар аясында желілердің тозу көрсеткіші 15-20 пайызға төмендететіледі. Тариф көтеріледі. Ең күрделі нысандар қаралады, жан-жақты зерттеледі. Оған байланысты тиісті тарифті көтеру мәселесі қаралады, Зерттеу аясында тарифтердің көлемі нақтыланады.

Конституциялық соттың жұмыс механизмі

Енді азаматтар Конституцияға сәйкес келмеген құқықтық-нормативтік актілер туралы қарама-қайшы пікірлер мен шешімдер бойынша Конституциялық сотқа жүгіне алады. Бұл орайда «ҚР Конституциялық Соты туралы» Заңында көрсетілген бірнеше талап қойылады. Біріншіден, азаматтар нақты құқықтық-нормативтік актілер бойынша сот органдарына жүгінген болуы тиіс, яғни апелляциялық деңгейге жеткен, сот шешімі шығарылған болуы керек. Егер қарауға келген іс бойынша Жоғарғы соттың нормативтік қаулысы болса және азаматтардың басқа сот органдарына жүгінуге мүмкіндігі болмаса, онда олар Конституциялық сотқа тікелей жүгіне алады. Талап етілетін құжаттар «ҚР Конституциялық соты туралы» Заңында жазылған. Азаматтар құқықтық-нормативтік актілердің нақты келіспейтін бөлігін көрсетіп, өздерінің оған қатысты пайымын беріп, оның Конституциямыздың қандай баптарына қарама-қайшы екенін көрсетуі қажет. Конституциялық сотқа түскен шағым үш ай қаралады. Алдымен, сот аппараты азаматтың құжаттары мен оның келіспеген шешімін тексеріп, тіркеуге алады.Шағым түскен соң, әрі қарай Конституциялық соттың аппараты тиісті тексеріс жүргізеді. Шағым тіркелген жағдайда, істі алдын ала қарау белігіленеді. Егер уақытқа тоқталатын болсақ, сотқа жүгінген азаматтың шағымы түскен күннен бастап 3 ай ішінде қаралады.

Сән-салтанат салығы

Сән-салтанат салығы қымбат автокөлік қозғалтқышының көлеміне емес, автомобиль құнына қарай салынады. Негізінде, бізде қазір қандай да бір түрде сән-салтанатқа салынатын салық бар. Қозғалтқыш көлемі үлкен болса, прогрессивті шкала ескерілген, яғни оның көлемі үш литрден асқанда, көлікке қатысты тиісті салық бар. Ал, сән-салтанат салығын енгізу аясында біз көлік құнына қараймыз. Мысалы, көлік құны 200 мың доллар болса, онда бастапқы жарна кезінде бір реттік төлем немесе жыл сайынғы төлем болуы мүмкін. Сондықтан, көлік қозғалтқышының көлеміне қарай есептеу болмайды. Нақты мәлімет 2023 жылы белгілі болады. Сән-салтанат салығын талқылау енді ғана басталды. 2023 жылдың бірінші тоқсанында талқылаулардың негізгі кезеңі болады. Қазір дамыған елдердің халықаралық тәжірибесі зерттеліп жатыр.  2024 жылдан бастап сән-салтанат салығы туралы норма күшіне енеді.

Баланы жәбірлеудің (буллинг) алдын алу ережесі бекітілді

Білім беру ұйымы әкімшілігінің келісімі бойынша баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу жөніндегі жұмысқа ата-аналар жұртшылығының, қызметі білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғауға қайшы келмейтін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылады.

Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға не білім беру ұйымына келіп түскен кезде жауапты тұлға ақпаратты баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты есепке алу журналында тіркейді. Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы келіп түскен ақпарат 1 (бір) күн ішінде басшыға жеткізіледі. Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпарат білім беру ұйымына түскен кезде білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

1) баланы жәбірлеуге (буллингке) қатысушылар туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап бастапқы ақпаратты қалыптастырады, оған мыналар кіреді:

баланың (отбасы мүшелерінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

тұрғылықты жері;

оқу орны бойынша баланың жалпы сипаттамасы;

сынып жетекшісінің, куратордың, баланы (педагогты) жәбірлеуге (буллингке) қатысушылардың және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жазбаша түсіндірмесі.

2) ақпарат келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде сынып жетекшісін, педагог-психологты тарта отырып, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған баламен, сондай-ақ жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысымен/қоздырушысымен және олардың заңды өкілдерімен әңгімелесу жүргізеді;

3) баланы жәбірлеуге (буллингке) байланысты жанжалды бейбіт жолмен реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

4) медициналық айғақтар болған кезде медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетуге жәрдемдеседі;

5) әңгімелесу өткізілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының басшысына береді.

Әлеуметтік блокты шешуге енгізілген түзетулер

1) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу;

2) ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу.

3) әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп бекіту;

4) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту.

Айыппұлдар көлемі ұлғаяды

1 қаңтардан бастап жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі де өседі.

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына сәйкес, келер жылы ең төменгі жалақы мөлшері – 70 мың теңге, ал айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге болып бекітілді. Демек, айыппұлдардың да көлемі ұлғаяды.

Қозғалыс жылдамдығын асырғанда

2023 жылы автомобиль қозғалысының жылдамдығын 10-40 километрге арттырған жүргізушілерге 5 АЕК-тен (17 250 теңге) 10 АЕК-ке (34 500 теңге) дейін айыппұл салынады. Жылдамдықты сағатына 40 километрден асырғандар 20 АЕК (69 мың теңге) төлейді. Ал, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде мұндай әрекетті қайталағандар 30 АЕК (103 500 теңге) айыппұлмен жазаланады.

Көлік жүргізуге құқығы жоқ азаматтарға

Автокөлікті жүргізуге құқығы жоқ жүргізушіге 20 АЕК немесе 69 мың теңге айыппұл салынады. Көлікті жүргізу құқығынан айырылып, көлік басқарғаны үшін 50 АЕК (172 500 теңге) айыппұл салынады, не 20 тәулікке қамауға алынады.

Жол белгілерін елемеген жағдайда

Жол белгілері мен оның талаптарын сақтамағаны үшін 3 АЕК (10 350 теңге) айыппұл төлейді. Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамаған немесе жол диспетчерінің тыйым салу қимылына құлақ аспаған жайғдайда 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл салынады. Құқық бұзуды қайталаса, оның көлемі 15 АЕК-ке (51 750 теңге) дейін өседі. Жол қозғалысы ережелерін бұзып, жаяу жүргіншілер жолы, жол жиектері немесе тротуармен жүрсе, 15 АЕК (51 750 теңге) айыппұл төлейді.

Аялдама/автотұрақ ережесін бұзған жағдайда

Көлікті тұраққа дұрыс қоймаған жағдайда салынатын айыппұл мөлшері де артады. Мәселен, аялдама немесе автотұрақ қағидаларын бұзғандарға 5 АЕК (17 250 теңге) айыппұл салынады. Көлікті белгіленбеген жерлерге қойып кетіп, басқа автокөліктердің жүруіне кедергі жасағандар 10 АЕК-ке (34 500 теңге) дейін айыппұл төлейді. Ақылы тұраққа ақша төлемеген жағдайда 3 АЕК немесе 10 350 теңге айыппұл арқалайды.

Жаяу жүргіншілерге қатысты

Жаяу жүргіншілерге арналған орындардағы жол қозғалысына қатысты ережелер орындалмаса, 6 126 (2022 жыл) теңгенің орнына 6 900 (2023 жыл) теңге айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі бірден 10 АЕК-ке дейін артып, 30 630 теңгенің орнына 34 500 теңге төлейтін болады.

Басқа да айыппұлдар

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске қыркүйек айында өзгеріс енгізілді. Оған сай, полиция қызметкерлерінің заңды өкімдеріне бағынбайтындарға 30 АЕК (103 500 теңге) айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. (Биыл бұл сома – 91 890 теңге). Егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, 15-тен 20 күнге дейін қамауға алынады. Қамауға алынбайтындар үшін (мүгедек адамдар) жаза ретінде 50 АЕК – 175 500 теңге (2022 жылы – 153 150 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Қоғамдық орында түкіргені үшін, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін 5 АЕК немесе 17 250 теңге айыппұл салынады. Ал, қайталанған жағдайда 10 АЕК-ке немесе 34 500 теңге төлейтін болады.

2023 жылы ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақысы орта есеппен 60%-ға артады.

Сондай-ақ ҚР Қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелеріндегі әскери қызметшілердің лауазымдық жалақысын 20%-ға арттыру жоспарланған. Әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын жақсарту жұмыстары да жалғасуда. Осыған байланысты 1 қаңтардан бастап Қарулы күштер мен Ұлттық ұланның ұшу құрамының лауазымдық жалақысын арттыруды, әскери медицина қызметкерлерінің ақшалай үлесін азаматтық медициналық мекемелердегі медицина қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне жеткізуді, жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысын азаматтық ЖОО деңгейіне дейін арттыруды, ТЖ зардаптарын жою кезінде ақшалай қаражаттың Ұлттық ұланмен және ІІМ-мен бірдей 3 еселенген мөлшерін мақұлданды.

Педагогтердің жалақысы 2023 жылғы қаңтарда тағы 25 пайызға артады.

Педагогтердің жалақысы 2023 жылғы қаңтарда тағы 25 пайызға артады. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін сертификаттау енгізілді. Яғни енді жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз, міндетті түрде өз пәні және әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.