ДАУ-ДАМАЙСЫЗ: ЖҰРТТЫ ТЕБІРЕНТКЕН, ЕҢІРЕТКЕН ШЫҒАРЫЛЫМДАР
«Дау-дамайсыз» бағдарламасының 2022 жылы шулатқан атышулы шығарылымдарын ұсынамыз. Заң қауқарсыз болып шықса, оны өзгерту мүмкін болмаса, түйткілді тарқатуға болады. Ол үшін өзгелерге жалтақтамай, өзің кіріс! Бастысы, заң аясында әрекет етіп, дау-дамайсыз шешуге болады, қараңыз.
Автор: Заира Сабитова
Дау-дамайсыз: 60-тан асқан атасын – Қарттар үйіне ...
Дау-дамайсыз бағдарламасына Алматы облысының тұрғыны Жадыра Күзенбаева көмек сұрап хабарласты. Егер 60-тан асқан әкесін қарттар үйіне орналастырмаса. ол көшеде қаңғып қалуы мүмкін. Бағдарлама жүргізушісі Жазира Бегалы кейіпкердің үйіне аттанды.
Дау-дамайсыз: Еңбекақысын төлемей, үй иесі ұлын бермей қойған
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында Қақпақ ауыл округінде шу шықты. Екі баланың анасы Айжамал Бөрібаева көмек сұрайды. Келіншектің баратын жері жоқ. Ол 2007 жылдан бері Бақыт есімді азаматтың қарт әкесін күтіп үй шаруасын атқарыпты. Күйеуі сол отбасының малын бағады. «Еңбекақы төлемеді» деп мұңын шаққан әйел 10 жастағы ұлымды үй иесі бермей отыр деп шағымданады.
Дау-дамайсыз: 60 жастағы ана психикалық ауруы бар қызын іздеуде
Өкінішке қарай қашқын әйел тағы да басы ауған жаққа қаңғып кетеді. Алматыдағы базардың бірінде Айгерімнің қайыр сұрап жүргенін куәгерлер растайды. Бағдарлама соңында Айгерім табылды. Журналист Жазира Бегалы анасының өтініші бойынша көше кезген әйелді Алматыдағы «Демеу» сауықтыру орталығына орналастырды. Бір науқас әйелдің түйіткілі дау-дамайсыз шешілді.
Дау-дамайсыз: Анасы қайтып, әкесі тастаған қараусыз қалған балалар
Шымкент қаласында тұратын үш ағайынды жасөспірімдердің тағдырына арналған репортаж. Жас шамасы 10, 8 және 6 жасар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің төрт жыл бұрын анасы қайтыс болады. Әкесі өз қызығымен кетіп, балалар қараусыз қалды. Амал жоқтан, үш балаға нағашы апасы Батпа Таңатарова қарайласып тұрады.
Дау-дамайсыз. Заңгер кеңесі: Күтпеген жағдайда не істеу керек?
Заңды білмеу – ұят емес, заң білмеген адамды адастыру ұят. Заңнан сауатсыздық көп жағдайда өзгеге емес, өзіңізге проблема әкеледі. Өмірде оқыс жағдай кез келген адамның басынан өтеді. Ал күтпеген жағдайда не істеу керек? Өз ісімізге баға бере алмайтын кезде өзгенің жетегіне ілеспес үшін қандай жол бар?
Бағдарлама дәл осындай заңгер кеңесіне арналады.