{metadescription}
Қазақстан халқы. Қызықты мәліметтер

Қазақстан халқы. Қызықты мәліметтер

Халық (тұрғындар) — қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. Адамзат тарихының басым бөлігінде әлем халқы тым баяу өсті, ол әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа тәуелділігімен түсіндірілді. Біздің дәуіріміздің басында әлем халқы 250 млн. жуық болған.

Әлем халқы алғашқы миллиардқа тек 1800-1804 жж. жеткен. Әлем халқының өсу қарқынының үдеуі XVIII ғ. басталады. Осылайша, 1800-1900 жж. аралығында әлем халқы 80%-дай өсті, ал екінші миллиардқа жету үшін бар жоғы 123 жыл уақыт кеткен. 1960 ж. әлемде үш миллиард адам болған (осылайша, үшінші миллиардқа жету үшін небәрі 33 жыл уақыт кеткен), 1974 ж. - 4 млрд. адам (14 жыл), 1987 ж. - 5 млрд. (13 жыл). 1999 ж. 12 қазанда әлемнің алтыншы миллиардты түрғыны өмірге келді. 2003 ж. басына қарай әлем халқы 6,3 млрд. адамнан асты, олардың 1,2 млрд. адамы (19%) дамыған елдерде тұрды, ал 5,1 млрд. - дамушы елдерде (81 %). 1950 ж. салыстырғанда әлем халқының саны 3,78 млрд. адамға өсті (немесе 150,1%).

Осы кезеңдегі өсудің 90% да¬мушы елдердің еншісіне тиді. БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2003-2050 жж. әлем халқы тағы 41,5% өсіп, 2050 ж. 8,9 млрд. адамға жетеді, олардың 86,3% дамушы елдерде тұрады.

Ал өз еліміз – Қазақстанда қанша халық?

1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны - 19 715 182.

Қалалықтар – 12 169,1 мың. Ауылдықтар – 7 546,1 мың.

Халықтың 48,8 пайызы - ерлер, 51,2 пайызы - әйелдер.

2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 212 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті.

2022 жылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда (222,3 мың адам) 0,6%-ға кеміп, 221 мың адам.

АХАТ органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2022 жылғы қаңтар-қазанда 333,1 мың сәби дүниеге келді, бұл - 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,4%-ға аз (375,9 мың адам).

1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті - 20,37.

Қарастырылып отырған кезеңде 112,1 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар- қазанға қарағанда 27%-ға аз (153,6 мың адам).

Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға - 6,86 факті.

2022 жылғы қаңтар-қазанда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 2 684 нәресте тіркелді және 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (3 020 шетінеген нәресте) 11,1%-ға кеміді.

Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда - 8,06 оқиға.

2022 жылы Қазақстанға 5 миллионнан астам шетелдік келген.

Олардың басым бөлігі Ресей Федерациясынан келген – 2 миллион 900 мың ресейлік ел аумағына кірген. Екінші орында – Өзбекстан (2 миллион 300 мың адам) тұр. Сондай-ақ елге Қырғызстаннан 730 мың, Тәжікстаннан 330 мыңнан астам адам және Түркиядан 90 мыңға жуық адам келген.

ІІМ мәліметінше, қазір Қазақстанда уақытша 650 мың шетелдік жүр. Елден 6 миллионға жуық адам кеткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде