{metadescription}
Банкроттық: тұрғын үй қашан тәркіленуі мүмкін

Банкроттық: тұрғын үй қашан тәркіленуі мүмкін

Банкроттыққа өтінішті қалай береді? Сот банкроттығында борышкердің қандай мүлкі есепке алынады? Борышкердің бір ғана тұрғын үйі болса, ол сатыла ма? Ал өтелмеген сомасын не істейді? Төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің қандай артықшылығы бар? Тағы нені білуге болады?  

1 наурыздан бастап Қазақстанда банкроттық туралы заң күшіне енеді. Ол қазақстандықтарға қарызын төлей алмайтынын ресми түрде мойындауға мүмкіндік береді. Борышкерлер банкроттыққа 3 наурыздан бастап өтініш бере алады.

Айта кетсек, заң процедуралардың үш түрін қарастырады: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілетін қалпына келтіру.

Мүлікті, соның ішінде тұрғын үйді сатуға соңғы екі жолмен рұқсат етіледі.

Сот банкроттығы

Егер борышкердің 2023 жылы 1 600 АЕК — 5 млн 520 мың теңгеден астам қарызы болса қолданылады.

Мұнда борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады.

Қандай мүлік есепке алынады:

- тұрғын үй немесе оның бірлескен меншіктегі үлесі;

- үлестік қатысу туралы шарт бойынша сатып алынған тұрғын үй кешеніндегі пәтер;

- қолма-қол ақша және банктік шоттарда, оның ішінде шетелдік банктерде;

- қымбат, асыл  бұйымдар, зергерлік бұйымдар, өнер туындылары және антиквариат, аң терісі, бағалы қағаздар, алтын және т. б.

Борышкердің жалғыз тұрғын үйі, егер ол несие бойынша кепіл болса, ол сатылуы мүмкін.

Қарыздың қалған өтелмеген сомасы, егер борышкердің ниеті таза болса,  есептен шығарылады. Яғни ол мүлікті, ол туралы ақпаратты жасырмауы және жалған мәлімет бермеуі керек.

Төлем қабілетін қалпына келтіру

Борышкердің тұрақты кірісі болған кезде және қарыз мөлшері оның мүлкінің құнынан аспаған кезде қолданылады.

Борышкер сот арқылы оған бес жылдан артық уақыт бермеуді сұрайды:

— қарызды бөліп төлеу немесе кейінге қалдыру;

— қарызды немесе оның бір бөлігін, оның ішінде айыппұлдарды, өсімпұлдарды кешіру;

— пайыздық мөлшерлемені төмендету;

— төлем мерзімінің ұлғаюымен төлемдердің азаюы және т. б.

Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен әзірленеді және ол сотта бекітіледі.

Төлем қабілеттілігін қалай қалпына келтіруге болады:

  • мүліктің бір бөлігін сату;
  • мүлікті жалға беру;
  • үйін сатып, жаңасын алу;
  • құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т. б.

Бұл әдістің артықшылығы – адам банкрот мәртебесін алмайды және шектеулер оған әсер етпейді.

Өтінішті қалай береміз?

Жоғарыда жазылған екі екі жағдайда да борышкер тұрғылықты жері бойынша сотқа арызды өзі береді.

Құжатта қарызды төлеу мүмкін еместігінің себептері көрсетілуі керек. Оған кредиторлардың тізімі. берешек сомасы, оның қалыптасу мерзімін тіркейді.

Сондай-ақ борышкердің қарыздармен мәселені шешуге тырысып, бірақ еш нәтиже шығара алмағаны туралы құжаттың көшірмесін қосу керек. Бұл екінші деңгейлі банктің, микроқаржы ұйымының (МҚҰ) несиелік келісім шарттарын өзгертуден бас тарту туралы жауабы болуы мүмкін. Егер мұндай жауаптар болмаса, борышкердің банкке немесе МҚҰ-ға жазған өтініші жеткілікті.

Сот банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге келісім беру немесе бас тарту туралы шешім шығарады.

Оң шешіммен сіз қаржы басқарушысын таңдауыңыз керек, ол заң кеңесшісі, бухгалтер, аудитор болуы мүмкін. Борышкердің мүлкі есебінен олардың қызметі ақылы болады – айлық ең төменгі жалақы (2023 жылы – бұл 70 мың теңге). Мүлігі жоқ халықтың әлеуметтік осал тобына қаржы басқарушыларының қызметі мемлекет есебінен төленеді.

Банкроттық салдары

Сот банкроттығы және соттан тыс банкроттыққа жүгінетіндер:

• ол 5 жыл бойы банктерден және МҚҰ-дан несие ала алмайды (ломбардтардан микронесие алудан басқа);

• 7 жылдан кейін ғана қайталанатын банкроттықтан өте алады;

• олардың қаржы жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл тексеріледі.

Ал төлем қабілеттілігін қалпына келтіргенде мұндай әрекеттер болмайды.

Банкроттық рәсімдері туралы мәліметті «Азаматтарға арналған үкімет» байланыс орталығында тел. 1414 (қосылатын нөмір 3) немесе Telegram чатында: https://t.me/SalyqBot білуге болады.

Тағы нені білуге болады?

1. Өзін банкрот деп тек борышкердің өзі ғана жариялай алады, яғни қарыз берушілер емес.

2. Сот банкроттығы кезінде кредиторлардың мүддесі борышкердің мүлкінде болады.

3. Сот банкроттығының кез келген сатысында борышкер мен кредиторлар берешекті ерікті түрде төлеу туралы бітімгершілік келісім жасасуға қақысы бар.

4. Борышкер банкроттыққа ұшырағанға дейiнгi 3 жыл iшiнде несие берушiлер алдындағы мiндеттемесін орындаудан жалтарғаны үшiн тексерiледi: сатылған, сыйға тартылған, жасырылған немесе жойылған мүлiктерін.

5. Төлем қабілеттілігін кем дегенде 5 жылда қалпына келтіруге болады.

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде