Сақтап қой: Үй сатып алғаннан кейін не істеу керек
Армандаған үйіңізді сатып алдыңыз дейік. Сатып алу шартын мемлекеттік тіркеуден қалай өткізу керек? Халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркелу үшін қандай құжаттар болуға тиіс? Тұрғылықты жерді ауыстырғанда тіркеуден шығу керек пе? Меншік иесі тағы қандай нәрсені білуге тиіс?
Автор: Заира Сабитова
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеңіз
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, меншік құқығына сатып алу-сату шарты мемлекеттік тіркеуден өткен соң ғана ие боласыз.
Оның екі жолы бар:
— тәуелсіз түрде, ХҚО арқылы;
- электронды, eGov.kz порталы арқылы. Оны тек нотариус пайдалана алады.
ХҚО-да тіркелу үшін не қажет:
- өтініш;
- жеке куәлік;
- әзірленген құқықтық құжат;
- мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек.
Ал электронды түрі мәміле жасағаннан кейін меншік иесінің өтінішімен бірден жүзеге асырылады.
Тіркеу 1-3 жұмыс күнін алады. Нәтижесiнде тiркелгені туралы немесе рәсімнен бас тарту немесе тоқтата тұру туралы белгiсi бар келiсiм берiледi.
Сондай-ақ меншік құқығын бір-екі сағатта жедел тіркеу бар. Мұны да нотариус жасау керек.
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеліңіз (тіркелу)
Бұл бұрын тіркелген үйіңіз болмаған жағдайда қажет. ҚР азаматтарының меншігінде бірнеше жылжымайтын мүлік болуы мүмкін. Соның біріне тіркелсеңіз де жеткілікті.
Егер тұрақты тіркеу алғаш рет жүргізіліп жатса, ХҚКО-ға хабарласыңыз немесе eGov.kz арқылы өтініш беріңіз.
ХҚКО-ға ұсынатын құжаттар:
- тұрғын үй иесінің және отбасы мүшелерінің жеке куәліктері, оның ішінде 14 жастан асқан балаларға туу туралы куәлік/төлқұжат.
Тұрғын үйге меншік құқығының туындау негізін растайтын иесі туралы мәліметті ХҚКО қызметкерлері ақпараттық жүйеден алады.
- меншік иесі болмаған жағдайда – тіркеуге жазбаша келісім және оның жеке куәлігінің көшірмесі.
Қызмет – тегін. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 минут ішінде көрсетіледі.
Айтпақшы, тұрғылықты жерін ауыстырған кезде тіркеуден әдейілеп шығудың қажеті жоқ. Адам жаңа тұрғын үй сатып алып, оған тіркелген кезде, ІІМ жүйесінде ол автоматты түрде ескі мекенжайынан есептен шығарылады.
Түбіртектердегі меншік иесінің мәліметін және тұрған санын өзгертіңіз
Үйдің, ПИК, ось немесе ЖМ басқарушы компаниясына, сондай-ақ коммуналдық қызмет жеткізушілердің біріне хабарласыңыз:
- электр энергиясы бойынша;
- ыстық су және жылыту;
- газ;
- суық су және кәріз;
- қоқыс шығару.
Компания телефонын түбіртектен, ПИК-тен, басқарушы компаниялардан, интернеттен білуге болады.
Ұсынатын құжаттар:
- меншік иесінің жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
- тұрғын үйге құқық белгілейтін құжат;
- жылжымайтын мүлік техпаспорты;
- мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе ауыртпалық туралы анықтама;
- қағазда жазылған, яғни тіркелген (үйге тіркелген) адамдар туралы мәлімет.
Ал жеке үй (жер үй) алғанда қызмет көрсету үшін келісімшарттарды қайта жасау қажет. Ол үшін көрсетілген құжаттардан басқа, техникалық шарттар туралы құжатты (әр қызметке бөлек) және баланстық саралау актілерін ұсыныңыз. Бұл құжаттарды сатушыдан тұрғын үй сатып алмас бұрын да сұраңыз.
Түбіртектегі деректерді өзгерту процедурасы тегін. Қызмет көрсету мерзімі-жеткізушіге жеке жүгінген кезде 1-3 күн.
ПИК, басқарушы компанияға, мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) немесе қарапайым серіктестікке (ҚС) барыңыз
Ол не үшін керек:
– қарыздың бар-жоғын тексеруіңіз;
– апат қызметі мен басшыларының телефон нөмірін алыңыз;
– компанияның келісімшартымен қандай қызмет көрсететінін және нені тегін жөндейтінін біліңіз;
– көрсетілетін қызметтердің тарифімен танысу;
– көршілерде қай пәтер жалға беріліп жатқанын анықтаңыз және апат болған жағдайға меншік иелерінің телефонын алыңыз.
Қаласаңыз, басқарушы компаниямен қызмет көрсету шартын қайта ресімдеуді талап ете аласыз. Онда басқарушы компания мен меншік иесінің құқықтары мен міндеттері көрсетілуі керек.
Кепілдік болуын нақтылаңыз
Ең алдымен, егер пәтер бастапқы нарықта сатып алынса, құрылыс салушының кепілдігі туралы. Пәтер ішіндегі әрлеу жұмысы мен материалдарға, компанияның ауласындағы абаттандыру элементтеріне бір жыл кепіл беріледі, инженерлік коммуникацияларға — екі жыл, ғимараттың қаңқасына — 70 жыл. Кепілдік аяқталғаннан кейін инженерлік желілерге кім жауапты болатынын біліңіз.
Сатушыдан жылжымайтын мүлікпен бірге сатып алынған техниканың, жиһаз құжаттамасын, егер қызмет көрсетудің кепіл мерзімі өтпеген болса, оның ішінде су, электр және газ есептегіштеріне техпаспортты сұраңыз. Бұл аспаптарды тексеру және ауыстыру мерзімін өткізіп алмауға, яғни айыппұл төлемеуге мүмкіндік береді.
Тұрғын үйді сатып алғаннан кейін учаскелік инспектордың телефонын, электр сымдары сияқты инженерлік-коммуникациялық мәліметті біліп алыңыз және есіктің құлпын ауыстыруды ұмытпаңыз. Жолыңыз болсын!
Материал Крыша.кз сайтынан аударылып алынды.