{metadescription}
2023 жылдың наурыз айына астрологиялық болжам

2023 жылдың наурыз айына астрологиялық болжам

22023 жылдың наурыз айы. Астрологтардың наурызға жұлдызжорамалы қандай? Бұл айда сізді не күтіп түр? Кімнің жұлдызы оңынан туады? Кімнің жолы болмайды? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің наурыз айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

2023 жылдың наурыз айына астрологиялық болжам.

Тоқты өз атына көптеген жағымпаз сөз естиді. Сіздің бақыт туралы идеяңызға әсер ететін таныстық болады. Достармен кездесу, жақсы, жайдары ортада демалуыңыз мүмкін. Жанталасып құмарта асығатын жаңа мақсат пайда болады. Осы кезеңде көп адам әдемі зат, ерекше нәрсе сатып алады. Наурыз таңғажайып оқиға мен есте қаларлық кездесуге толы болады. Жұмыс күндеріңіз қарбаласқа, шұғыл міндеттемеге толы болады. Бірақ бұл өмір салтын сіз оп-оңай меңгересіз. Ол сіздің белсенді табиғатыңызды тәртіпке келтіре алады. Жұмысқа қатысты қосымша ақпарат іздейсіз. Біліміңізді дамытып, мезіміңізді жаңғыртуға асығасыз.

Торпақ айналасындағы адамдарды сабырға шақырып,  ұстамдылыққа талап қояды. Дегенмен ортасыда мезгіл-мезгіл атмосфера қызады. Жұмыста да, жеке өмірде де қарым-қатынасты нақтылауға болады. Бірақ шағымдарыңызды сенімді дәлелдермен және жоғары өнімділікпен азайтуға тырысасыз. Осы кезеңде бұрын ойластырылған көп нәрсені жүзеге асыруға болады. Сізге сәттілік, әсіресе қайта құру процесіне, жаңа шығармашылық бірлестік, одақ құруға қатысты мәселеде жолыңыз ашылады. Наурызда қарым-қатынасы жанжалға толы туысқанымен немесе жақсы танысымен қайта табысуға болады. Көптеген адам қайтып оралуға байланысты сапарға шығуы мүмкін. Материалдық аспект қолайлы болады. Көп жұмыс істейсіз және қосымша сабаққа көп уақыт бөлесіз.

Егіздер пікірлестерін өз жағына тарту оңай болады.  Үлкен жауапкершілікті сезінесіз және сіз қазір бағалайтын кез келген қарым-қатынастағы маңызды рөліңіз тап қазір өте қажет түсінесіз. Іскерлік белсенділік мәртебені нығайту және кәсіби тұрғыдан қосымша атақ-даңққа қолайлы сәт болады. Үшінші тараптың табысына жақсы мүмкіндік ашылады. Жақын адамдар, әсіресе кіші туыстар жиі қолдау көрсетеді. Туыстарының біреуімен мақтануға жақсы себеп болады. Осы кезеңде талант, шығармашылық көрініс сіздің айналаңызға тән болады. Өзіңіз туралы таңғажайып қабілетті ерекше тұлға туралы әсер қалдырасыз. Сұлулық пен жеңілдік сіздің қолтаңбаңыз болады. Күшті серіктеске қолдау көрсету  позицияңызды нығайтады. Сапар, жабық компанияда серуендеу күтілуде.

Шаян басқалардың жетістігіне баладай қуанады. Әсіресе егер бұл жақын туысы болса. Осы кезеңде отбасылық қатынастар бірінші орынға шығады. Өз іс-әрекеттеріңізді, шешімдеріңізді қарым-қатынастағы адамдармен өз мінез-құлығыңызды реттейсіз. Сөйлегенде іздеріңізді  жасырғандай боласыз. Айналаңыздағылар сіздің ниетіңізді әрдайым түсіне алмайды. Басқалармен мұқият бола отырып, сіз алға қойған мақсаттарыңызға берік боласыз. Өзіңе деген сенім материалдық жетістікке жеткізеді. Қаржылық мүмкіндікті қазіргі жағдайда негізгі мәселені шешудің ең жақсы жолы ретінде қарастырасыз. Кәсіби деңгейді арттыру және пайдалы байланыстар табуға бұл ай ең қолайлы кезең. Бейтаныс ортада болу, мерекеге қатысу, мүдделі одақтаспен танысуыңыз мүмкін.

Арыстан басқалардың не туралы хабарлағанына көз жеткізгісі келеді. Қауесет пен өсек сенімсіздік тудырады. Сіздің басты тірегіңіз – өз құқығыңызға сену, күмәнданбау және басқа адамдардың уәдесіне сенбеу. Сонымен қатар кәсіби қызметте жаңа идеяларды, жаңа стратегия іздейсіз. Кейбіреуіне бұрын үзілген қарым-қатынасты іскерлік негізде қалпына келтіру өте маңызды болады. Пайдалы сипаттағы жаңа берік одақ пайда болуы мүмкін. Алайда осы айдың барлық бастамасы тиімді болса да, қысқа мерзімді болады. Шағын компаниямен сапарға шығу туралы әңгіме болады. Ер адамның жаңалығы сізді мұраға (немесе мұрагерлікке) қатысты белгілі жағдайға басқаша қарауға мәжбүр етеді. Көптеген адамға бұл ұзақ уақыт бойы өзіміздікі деп есептелген дүниесі бөтен болып шығады.

Бикеш күрделі мәселелерді ішінара шешудің артта қалғанына көз жеткізіп, емін-еркін дем ала алады. Таныс орта және сіз өзіңізді бөтен адам сияқты сезінбейтін келісімді тәртіп сізді жақсы тыныштандырады. Ақпараттың айтарлықтай ағыны күтіледі. Туысқандар туралы алаңдаушылық жалған болып шығады. Сіз күткен құжатты немесе маңызды қағазды алу мүмкін емес. Осы кезеңде кәсіби қатынастар, лауазымдық міндеттемелер ерекше мәнге ие болады. Толық сенетін досымен күтпеген жанжал болуы мүмкін. Өзара реніш қарым-қатынастың салқындауына, бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Материалдық аспект аздап қуантады. Сіз бәс тігіп, артынан өкіндірген нәрселер күтпеген жерден байып шығады. Қалай болғанда да, күтпеген жерден қаржылық кіріс күтіледі. Жаңа танысқан адамдарыңыз көңіліңізді тез қалдырады.

Таразы ұмыт болған сабағынан қуаныш көзін табады. Ескі фотосуреттер, досыңыздың естеліктері, жүрекке қымбат жерлер сізге жақсы мотивация береді. Бәлендей ешкіммен етене араласпасаңыз да,  үнемі жұмыспен айналысасыз. Телефонмен сөйлесу үлкен маңызға ие болады. Көптен күткен ақпарат келеді. Және ол іс жүзінде тағдырлы шешім қабылдауда шешуші фактор болады. Наурыз бұрынғы міндеттемелерге қатысты қандай да бір бетбұрыс әкеледі. Бұрын толық сенімді болмаған серіктестіктің беріктігін тексеруге жағдай туады. Құпия айқындалады. Көптеген жасырын жағдай көлеңкеден шығып, жалпы болып жатқан оқиғаның суретін көруге мүмкіндік береді. Жақында сізге әдемі болып көрінген нәрсе енді ұсқынсыз болып көрінеді. Көңіліңіз қалды. Кейбір босаңсу барлық маңызды емес нәрселерге мұқият қарауға мүмкіндік береді. Қаржылық аспект серіктестердің күш-жігерінің арқасында жақсарады. Күшті қолдау әрқашан бөтен тараптан келеді.

Сарышаян ұйымдастырушылық қабілетін көбінесе өз бастамасымен көрсетеді. Жаңа жоба, шығармашылық одақ құру идеясын жариялайсыз. Көбінесе ұсыныстар сізден әлеуетті пікірлес адамды көретін басқа біреуге де келеді. Жоспар көп болады. Бірақ сіз өте маңызды нәрсеге келгенде асығыстық пен қарбаласқа жол бермейсіз. Сізге үнемі өсу және ішкі еркіндік сезімі қажет. Және сіздеол болады. Күрделі келіссөздерге қатысу керек. Белгілі бір шарттармен саяхаттау мүмкіндігі талқыланады. Ақшалай сыйақы аспектісі тартымды болады. Наурыз дәстүрлі түрде шығындар айы болғанымен, сіз материалдық сәтсіздікке ұшырамайсыз.  Осы кезеңдегі кездесулер тағдырлы сипатқа ие болады. Ықпалды адаммен сөйлесесіз. Белгілі бір бет-әлпет шеңберіндегі көзқарасыңыз бен мінез-құлқыңызға әсер ететін кейбір жаңалықты білесіз. Тартымды отырыс күтіледі.

Мерген кедергілерін жеңу жолында сүрінбеу үшін басқалардың сабақ алуға қабілетті. Сіздің міндетіңіз позицияны нығайту, қатты қызықтыратын жағдайды жақсарту. Өзіңізге құлақ түресіз, өз сезіміңізді түсінесіз және бұрынғы әрекеттеріңізді талдайсыз. Достардың рөлі өте маңызды болмақ. Олардың біреуімен қарым-қатынас сенімдірек болады. Қаржылық пайдаға негізделген қысқа мерзімді ынтымақтастыққа ұмтыласыз. Жақын адаммен көзқараста кейбір сәйкессіздік болуы мүмкін. Оның идеясы мен сенімі аясында абыройыңызды сақтап қаласыз. Өзіңізді делдал ретінде жақсы жағынан көрсете аласыз. Дұрыс келіссөздерде де, қақтығыстарда да өз позицияңызды сақтай аласыз. Тіпті дұшпандарыңыз бен сізді жақтырмайтын адамдар да сізге құлақ түретін болады.

Тауешкі қарбаластан шыға алмайды, ол сізді күнделікті өмірде де, кәсіпте де мазалайды.  Демалуға уақыт келгендей болғанда, жаңа істер мен міндеттемелер тағы алдыңыздан шығады. Көбінесе сіздің әрекеттеріңіз өткенмен байланысты болады. Өзіңізді ойлап немесе біреуге ризашылығыңызды білдіру қажеттілігі туындайды. Кәсіби мүддеге негізделген көптеген кездесу мен келіссөз күтілуде. Мерекеге қатысасыз. Осы кезеңде кейбір маңызды ақпарат сізді қатты таң қалдырады. Тіпті біреудің тағдырына қатысуға, қолдау көрсетуге асығасыз. Алайда көп ұзамай ұмтылысыңыз жоғалады. Табиғи тартымдылық пен көпшілік алдында көріну қабілеті артады. Комплиментке ие боласыз. Бірақ сіз бәрінен екіжүзділікті, пайданы көресіз. Басқаларға деген сенімсіздік өмірді қиындатады. Қаржылық аспект біршама шиеленісті.

Суқұйғыш іскерлік салада байланысқа шығуға, жаңартуға ашық. Идеяларға, пайдалы ұсыныстарға бай және әрекетке дайын адамдармен қарым-қатынас жасауды мақсат етесіз. Маңызды нәрсеге ұзақ дайындық, күту және ұстамдылық кезеңі аяқталады. Тағдырлы мәселені шешуде қызықты бетбұрыс болуы мүмкін. Бірнеше ұсыныс шығады. Бірақ таңдау еркіндікке емес, күрделілік тудырады. Қаржылық әл-ауқат сенімді болу қабілетіне байланысты болады. Жұмыста бір кездері алған білім жиі көмектеседі. Осы кезеңде достарға қарағанда, өзіңмен өзің болып, жеке отырып, білім көздеріне енген жөн. Үйде немесе кеңседе кішігірім жөндеу жұмысы күтіліп тұр. Осыған байланысты үлкен сатып алу күтілуде. Ересек  туыстың жаңалығы таң қалдырады және ол сізді біраз алаңдатады.

Балық қайтып оралуы мүмкін бақытты еске салғандай өткенді ойлайды. Өткен оқиғалардың көлеңкелері сіздің естеліктеріңізден өтеді. Бірақ бұл романтиканың бәрі бүгінгі күннің шындығында әрекет етуге кедергі болмайды. Және бұл өте сәтті. Осы кезеңде сізге жөндеу, тұрғын үйді абаттандыру және техникалық құрылғыны сатып алу мәселесі тағы да туындайды, онсыз өмір сүру қиын. Жақын адамның денсаулығы мәселесімен айналысу керек. Сонымен қатар, үй жануарларына қамқорлық жасап, көңіл бөлесіз. Көптеген адамға белгілі бағытта сапарға шығу маңызды болады. Ұзақ қашықтықтағы одақтастық қатынастың өзектілігі қайта қажет болады. Оның негізінде қаржылық қызығушылық пен бұрынғы бәс тігуді көтеруге деген ұмтылыс болады. Мерекеге шақырады, есте қаларлық мереке болуы мүмкін.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Оқи отырыңыз: 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛЫ
2023 ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ - ЖОРАМАЛ
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.